Күләш Ахметова (Түпкі ой)
Мен сені жақсы көрем, қызым, өрен,
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең,
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.
Білмеймін кімді қайда апарады
Тентектеу теңіз - өмір толқындары...
Ойланам — жұлдыз сөніп қарайса маң,
Өзгерер талай ойың, талай санаң.
Өмірдің ертегідей еместігін
Ескертіп қойсам екен қалай саған?
Кейде адам не болғанын сезбес демде,
Болмаса дайындығы төзбес пенде.
Сен жасып қалмау үшін не етсем екен
Тосын бір қиындықтар кездескенде.
Жақсы-ақ қой бар ойына жете алса адам,
Жаныма жақын жанды өте аңсағам.
Данққа да, дауылға да дайын бол деп,
Қалайша айтып қойсам екен саған?
Қыс қайтты, таң нұрымен дала көктер
Ұшуда әлдеқайда самолеттер.
Сен менің бауырыма тығыласың,
Сияқты мамығы ұлпа бала кептер.
Бақыт қой саған ұзақ қарай алсам,
Сезімнің сәулесіне орай алсам.
Ұйықтай ғой, оянарсың күн шыққанда,
Не күннің өзі-ақ шығар, сен оянсаң.
* * *
Көргеніңнің өмірде — бәрі мектеп,
Ренжітіп алдым ба, жаным, ептеп.
Мойынымнан құшақтап келгеніңде
Мазам болмай отырып «әрі кет» деп.
Сен қиналсаң — мен бе екен жата алатын.
Сенің атың — алдымен аталатын.
Өлең қуып жүргенде,
Кемдеу болып
Кеткен жоқ па аналық махаббатым?
Бұрыла алмай бұздым ба көңіліңді.
Аялауым керек-ті сені—гүлді.
Өкпелетіп қойсам да,
Өзін, ғана
Көрікті етіп келесін, өмірімді.
Балғасын да, уақыттың күрегін де
Ұстадым мен,
Таңданыс тұр өзіңде.
Еске ұста, таңданба, жолақ-жолақ,
Түрлі нақыш болады бір өмірде.
Жүру керек мойымай кісі ілгері,
Саған сырды айтармын ішімдегі.
Дұрысы, бұрысы да болды менде,
Болды менде бәрі де, түсін мені.
* * *
Ұлым!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан сынға шыдай біл,
Тек төзе керме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
Тасқынның қабаттасса толқындары,
Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы.
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды,
Жаман сөз естімейін сен туралы!
* * *
Көнемін түрлі жағдай, түрлі сынға,
Үйрендік талпынуға, тырмысуға.
Болады талай кезең, та лай сынақ
Адамның өмірінде, тұрмысында.
Сүйсінсем, сұлулыққа жыр арнаймын,
Күйінсем, өткір алмас құралдаймын.
Қолымнан келмейтіні бірақ нәрсе —
Өтірік айтып өмір сүре алмаймын.
* * *
Достарыма жасымнан адалмын мен,
Адалдықпен жадыңда қалармын мен.
Сатқаным жоқ өзіңді, сөзіңді де,
Опасыздық деген жат маған мүлдем.
Тілемедім ешқашан қара түнді,
Қалғаным жоқ ұмытып сәл атыңды.
Шақырсаң да, келсең де, қидым талай
Асылымды — санаулы сағатымды.
Ауыр екен біреудің сырын білген,
Жығылғанға жүгірді жырым бірден.
Дос мұңымен көбейттім мұңымды мен.
Кездерім жоқ біреуді сүріндірген.
Дос жүрегі — айдын көл, айдынға кеп,
Аппақ тұнық сырымды жайдым да кеп.
Досым көпте—бақытым толығырақ,
Досым көпте—жұмыс пен қайғым да көп.
Дос ісіне үйреніп алды көзім,
Жақпайтын да мүмкін бір бар мінезім,
Ұғысқым кеп тұрады бауырлардай,
Қайда барам достарсыз жалғыз өзім?!
Асығамын думанда қосылғанша,
Жыр туады кеудемде сосын қанша.
Өзім барған сияқты сезінемін
Мен бармаған жерлерге досым барса.
Көңілім таза аққудай құс аппағы,
Өкпе, реніш, есек сез... ұсақ бәрі!
Таңғы ормандай тазарып қуанамын
Жазылғанда достардың құшақтары!
* * *
Көре-көре жағдайды сезіндік кей,
Кейде ойланып тек таңда көз ілдік қой.
Емханадан тәуір боп шыққан ағай
Машинасын күтеді өзін күтпей.
Түсіп едік ат, түйе жал, қомынан
Істің сәті келгендей жалпы оңынан,
Жалқауланып алдық па, көрші жеңгей
Көрпелерін қағады балконынан.
Қайдам, оның не сезіп, не білгенін,
Ауыстырып тоймайды мебелдерін,
Бірақ жұмсай алмайды келіндерін,
Өзгеріп-ақ кетті ғой өмір керім
Өзіңсің өмірдегі қызық өлең,
Ашылып, не ыңғайсыз жатыр ма деп,
Қараймын түнде тұрып жүзіңе мен.
Нәзіксің, бар салмағың гүлдей-ақ қой,
Тағы да мені жеті түнде оятты ой.
Уыздай аппақ жүзің қандай тыныш,
Ұйықтай ғой, мен оянсам, білмей-ақ қой.
Ойлаймын біздер және сен туралы,
Белгісіз алда қандай жол тұрғаны.
Білмеймін кімді қайда апарады
Тентектеу теңіз - өмір толқындары...
Ойланам — жұлдыз сөніп қарайса маң,
Өзгерер талай ойың, талай санаң.
Өмірдің ертегідей еместігін
Ескертіп қойсам екен қалай саған?
Кейде адам не болғанын сезбес демде,
Болмаса дайындығы төзбес пенде.
Сен жасып қалмау үшін не етсем екен
Тосын бір қиындықтар кездескенде.
Жақсы-ақ қой бар ойына жете алса адам,
Жаныма жақын жанды өте аңсағам.
Данққа да, дауылға да дайын бол деп,
Қалайша айтып қойсам екен саған?
Қыс қайтты, таң нұрымен дала көктер
Ұшуда әлдеқайда самолеттер.
Сен менің бауырыма тығыласың,
Сияқты мамығы ұлпа бала кептер.
Бақыт қой саған ұзақ қарай алсам,
Сезімнің сәулесіне орай алсам.
Ұйықтай ғой, оянарсың күн шыққанда,
Не күннің өзі-ақ шығар, сен оянсаң.
* * *
Көргеніңнің өмірде — бәрі мектеп,
Ренжітіп алдым ба, жаным, ептеп.
Мойынымнан құшақтап келгеніңде
Мазам болмай отырып «әрі кет» деп.
Сен қиналсаң — мен бе екен жата алатын.
Сенің атың — алдымен аталатын.
Өлең қуып жүргенде,
Кемдеу болып
Кеткен жоқ па аналық махаббатым?
Бұрыла алмай бұздым ба көңіліңді.
Аялауым керек-ті сені—гүлді.
Өкпелетіп қойсам да,
Өзін, ғана
Көрікті етіп келесін, өмірімді.
Балғасын да, уақыттың күрегін де
Ұстадым мен,
Таңданыс тұр өзіңде.
Еске ұста, таңданба, жолақ-жолақ,
Түрлі нақыш болады бір өмірде.
Жүру керек мойымай кісі ілгері,
Саған сырды айтармын ішімдегі.
Дұрысы, бұрысы да болды менде,
Болды менде бәрі де, түсін мені.
* * *
Ұлым!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан сынға шыдай біл,
Тек төзе керме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
Тасқынның қабаттасса толқындары,
Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы.
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды,
Жаман сөз естімейін сен туралы!
* * *
Көнемін түрлі жағдай, түрлі сынға,
Үйрендік талпынуға, тырмысуға.
Болады талай кезең, та лай сынақ
Адамның өмірінде, тұрмысында.
Сүйсінсем, сұлулыққа жыр арнаймын,
Күйінсем, өткір алмас құралдаймын.
Қолымнан келмейтіні бірақ нәрсе —
Өтірік айтып өмір сүре алмаймын.
* * *
Достарыма жасымнан адалмын мен,
Адалдықпен жадыңда қалармын мен.
Сатқаным жоқ өзіңді, сөзіңді де,
Опасыздық деген жат маған мүлдем.
Тілемедім ешқашан қара түнді,
Қалғаным жоқ ұмытып сәл атыңды.
Шақырсаң да, келсең де, қидым талай
Асылымды — санаулы сағатымды.
Ауыр екен біреудің сырын білген,
Жығылғанға жүгірді жырым бірден.
Дос мұңымен көбейттім мұңымды мен.
Кездерім жоқ біреуді сүріндірген.
Дос жүрегі — айдын көл, айдынға кеп,
Аппақ тұнық сырымды жайдым да кеп.
Досым көпте—бақытым толығырақ,
Досым көпте—жұмыс пен қайғым да көп.
Дос ісіне үйреніп алды көзім,
Жақпайтын да мүмкін бір бар мінезім,
Ұғысқым кеп тұрады бауырлардай,
Қайда барам достарсыз жалғыз өзім?!
Асығамын думанда қосылғанша,
Жыр туады кеудемде сосын қанша.
Өзім барған сияқты сезінемін
Мен бармаған жерлерге досым барса.
Көңілім таза аққудай құс аппағы,
Өкпе, реніш, есек сез... ұсақ бәрі!
Таңғы ормандай тазарып қуанамын
Жазылғанда достардың құшақтары!
* * *
Көре-көре жағдайды сезіндік кей,
Кейде ойланып тек таңда көз ілдік қой.
Емханадан тәуір боп шыққан ағай
Машинасын күтеді өзін күтпей.
Түсіп едік ат, түйе жал, қомынан
Істің сәті келгендей жалпы оңынан,
Жалқауланып алдық па, көрші жеңгей
Көрпелерін қағады балконынан.
Қайдам, оның не сезіп, не білгенін,
Ауыстырып тоймайды мебелдерін,
Бірақ жұмсай алмайды келіндерін,
Өзгеріп-ақ кетті ғой өмір керім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?