Мұқағали Мақатаев (Сендер қалай ұғынасыңдар?)

 Мұқағали Мақатаев (Сендер қалай ұғынасыңдар?)

Сендер қалай ұғынасыңдар,
қаламымды алдым неліктен?
Желкенін жайған,
соғыстың тәкаппар
кемесін керіп мен,
Даңққа бөлеп жыр жазар,
дейсіңдер ме желіккен?
Кеткен күннің рахаты келер түннің іші ме?
Әлде менмен қаланың жалтырауық түсі ме?
Олай емес тіптен де,
сірескен топтың ішінде.
Көзім түсті бір-екі,
Қарапайым кісіге,
Солар туралы айтпақпын,
ажырасты екеуі,
Бірі қалып жағада,
бірі алысқа кетеді,
Өмір деген зулайды,
өмір деген өтеді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?