Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)

 Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)

Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін,
Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?!
Алдымда менің адасып кеткен арман тұр,
Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, білмеймін?!
Алдымда менің адасып кеткен тұр арман,
Айыру қиын бейнесін сұрғылт мұнардан.
Жетілмей жатып жемісін мұның кім алған?
Алдымда менің ағаш тұр көктей куарған.
- Танымай тұрмын, таба алмай тұрмын сені мен,
- Ақырғы рет адасып келіп, сенімен
Сырласу үшін, мұңдасу үшін келіп ем.
Жемісім менің көктеді, бірақ өспеді,
О, қашан менен жастықтың оты өшкелі!
Бір кезде сенің арманың болған емес пе ем?
Есіңе алшы, есіңе ал да, кеш мені.
Есімде, иә, есіме түсті қара қыз,
Ұмыт боп кеткен, суық боп кеткен арамыз.
Кешегі сотқар адуын жанның орнында
Тандыр боп қалған әруей отыр, қараңыз.
Жастықтан жалғыз қабақ пен ғана қас қапты,
Қап-қара шашы буырыл тарта бастапты.
Жалындай сүйген, жанындай сүйген «жан жары»
Оқылған хаттай төрт бүктеп, жыртып тастапты.
«Есімде менің алдыңа сенің барғаным,
Санаңды бөліп, сөзімді менің алмадыц.
Алаңсыз едің, күлкіңмен ғана алдадың,
Алдадың-дағы алыстай бердің арманым.
Алыстай бердің, алыстай бердің, арманым,
Адасқан сенен, асулар түрған алда мың.
Заулатып откен, шандатып өткен жолыңда,
Гүл болып өсіп, қурай боп қатып қалғамын.
Есімде менің, есіңе сен де алып көр,
О күннен қалған ескерткіш бар ма, алып кел.
Ілесіп кеткен, бір өсіп кеткен өзіңмен,
Жастығым қайда, жаз күнің қайда, тауып бер?
Есігімді аштым, шығарып жолға салмадым,
Қош бол деп енді қолын да қысып қалмадым.
Байқамай қалдым, не болып кетті жан-жағым!
Үзілді ме әлде үмітсіз менің арманым.
Жанымда менің арман боп мөңгі жүр, мейлің,
Лaп етіп сөнген үміттің несін үрлеймін.
Жастық-ай, сені түсіну қиын, білмеймін,
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?