Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

 Қалқаман Сарин (Сағынбауға...)

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу.
Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
Санама менің сіңіп барады бір бояу.

Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп.
Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің,
Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып.

Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
(Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
Қанатын керген қара түндерден іздеймін,
Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп.

Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Коркупкелем коркуптурат жандүйнөм Оожараткан пенделерді жараткан Коркуүшүн жаралыпмын дегенмен Сүйгөнүмдөнде коркамын Ашыкболу күнөболса кудайым Онда неге адамдарды коркуүшүн жаратжараттын Ашыкжандын сезиміненде коркамын Байкамай балпдепсалып айтакөрме Сүйөмүндеп айтпасаэкен бирпенде сон үшүнда убайымдап турмайын Коркупкелем коркуптурат жандүйнөм Жалынында жаныптурса от болып Кудайымау жалындаганда де коркамын Сабырбершы сабырбершы жараткан Сонүшүн айелболып сүйгөн үшүн Махабаттын курманыбоп жаралыпмын.
  2. Даурен
    Даурен 14.03.2018 05:45
    2 + 0 -
    Ғашық қылдын өзіне ханшайымым, Көздін жауын алатындай асылтайым. Жүрегімде менін бар бір уайым, Өзіне айта алмаймын ба сезім жайын. Авторы:Даке Адиев Өз п ікірлерініз
  3. Zhalgas Abubakir
    Zhalgas Abubakir 21.07.2015 13:48
    0 + 0 -
    Керемет
  4. Zhalgas Abubakir
    Zhalgas Abubakir 21.07.2015 13:47
    0 + 0 -
    Керемет талант тас жарад, тас жармаса бас жарад деген осы
  5. Aноним
    Aноним 17.03.2015 11:52
    0 + 0 -
    Керемет! Қалқаман аға сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқимын!ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!біртуар дара ақынсыз!
  6. Aноним
    Aноним 21.10.2014 11:23
    0 + 0 -
    өте керемет өлең!!!

Ілмектер: махаббат туралы олендер, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлеңдер казакша, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлең жолдары, қалқаман сарин Сағынбауға... өлең, қалқаман сарин өлеңдер жинағы, қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин