География пәнінен Қазақша рефераттар жинағы: Табиғат
Табиғат. Табиғаттың адам өміріне маңызы туралы реферат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Таза болса табиғат – аман болар адамзат
Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған,
Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен – көлсің,
Сен – ормансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған, -
деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. (1-сурет)
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап
отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Таза болса табиғат –
Аман болар адамзат, -
деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Осындай экологиялық зардаптар Павлодар өңірінде де кеңінен байқалады. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен – табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. (2-сурет). Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.
Павлодар облысы ірі өнеркәсіп орталығы саналады. Онда зауыт-фабрикалар көп орналасқан. Одан шыққан түтін мен шаң-тозаңдар ауа мен топырақты ластауда, ал қалдық сулары өзен-көлдерге ағызылып, ауыз
су мәселесін туындатып отырғаны белгілі. Бұл адам денсаулығы мен өсімдік, жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізіп отыр деген сөз. Сондықтан да ауаны ластамай таза ұстау – барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.
Сырттан келушілердің көзін арбап, көрген жанды тамсантпай қоймайтын Сарыарқаның төсіндегі табиғаты ерекше – Баянауыл жері де осы Павлодар өңірінде. Баянауылдың табиғатына қандай теңеу айтса да жарасады. Оның қыратты адырлары мен орман-сулы өлкесі, шипалы таза ауасы мен қарағайлы таулары кім-кімді болса да баурап алары сөзсіз. Бірақ еліміздің мақтанышы, жұмағы болып отырған осы өңірдің де экологиялық жағдайы мәз емес. Оны біз күнделікті ақпарат құралдарынан оқып-біліп отырамыз.
Ел қамын ойлайтын азаматтардың «Баянауыл көң-қоқысқа көмілуде» деген жан айқайы жиі естіліп қалады. Шынында да, Баянауыл ауданындағы елді мекендер мен шаруа қожалықтары көң-қоқыстың арасында жа
тыр. Ауызсу құдықтары мен бұлақтары да қорғауға алынбаған. Ұлттық парк аумағындағы ірі деген төрт көлдің барлығы ұзақ жылдар бойы ластануда. Өндіріс мұржаларынан шыққан зиянды түтін мен ластанған су, то
пырақ тұрғындардың денсаулығына қауіп тудыруда. Баянауыл жеріүлкен демалыс-сауықтыру орны болғандықтан, жаз айларында демалушылар көп келеді. Алайда, олардың ешқайсысы қоршаған ортаның таза
лығына көңіл бөліп отырған жоқ. Сол елдің тұрғындары өз туған жеріне, қоршаған ортасына аяушылықпен қарамаса, басқа адамдарды ол ойландырмақ емес. Жер жаннаты аталатын, киелі жеріміз Баянауыл өңірі осындай экологиялық зардаптарға толы болса, басқа жерлердің жағдайы туралы не айтуға болады?…
Осындай олқылықтарды жою үшін өткен айларда Баянауылда алқалы жиын өтті. Облыс әкімінің басқаруымен өткен бұл жиында көптеген мәселелер көтеріліп,
демалыс аймағын дамытудың бас жоспары жасалынды. Негізгі мақсат – көрікті жерді көпшілік игілігіне жарату. Бұндай игілікті іс өз шешуін табары сөзсіз.
Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?