Электромагниттік толқын

Электромагниттік толқын

Негізгі бөлім

а) электромагниттік толқындарды эксперементте бақылау.

Электромагниттік толқындардың тұнғыш рет қалай алынғанымен танысалық. Бұл толқындардың пайда болу процесі күрделі, біз оларды жалпы сипатта ғана қарастырып өтеміз.
Электромагниттік толқын айнымалы электр және магнит өрісінің өзара байланыстары арқылы пайда болады. Бір өрістің өзгерісінен келіп екінші туады.
Неғұрлым магнит индукциясы уақыт бойынша шапшаңырақ өзгеретін болса, өнетін электр өрісінің кернеулігінің соғұрлым жоғары болады.
Ендеше, интенсивті электромагниттік толқындар туғызу үшін жиілігі мейлінше жоғары электромагниттік тербелістер жасау керек. Осы шарт орындалғанда, электр өрісінің кернеулігі мен магнит өрісінің индукциясы шапшаң өзгеретін болады.
Өнеркәсіптік токтың жиілігінен (50 Гц) жиілігі анағұрлым жоғары тербелістерді тербелмелі контурдың көмегімен шығарып алуға долады. Контурдың индуктивтігі мен сиымдылығы неғұрлым кіші болса, тербеліс жиілігі солғұрлым үлкен болады:

ә) Ашық тербелмелі контур.

Алайда электромагниттік тербелістердің үлкен жиілігі электромагниттік толқындар интенсивті (күшті) шығарып алудың кепілі бола алмайды. 1-суретте кескінделген әдеттегі контурда (оны жабық контур деуге болады) магнит өрісі түгел дерлік катушканың ішінде, ал электр өрісі – конденсатордың ішінде жинақталған деген болады.

2-сурет 4-сурет, 5-сурет
Контурдан алыс жерде электромагниттік өрісті жоқ деуге болады. Мұндай контурды электромагниттік толқындарды өте нашар шығарып таратады.
Электромаениттік толқындарды шығарып алу үшін Герц, қазір де Герц вибраторы деп аталатын, қарапайым құрылғыны пайдаланған. Бұл құрылғыашық тербелмелі контур болып табылады.
Конденсатор пластиналарының арасын біртіндеп алшақтатып (2-сурет), олардың аудандарын кішірейте отырып және сонымен бір мезгілде катушканың орам сандарын азайта отырып, жабық контурдан ашық контурға көшуге болады. Ақырында жай түзу сым шығады. Ашық тербелмелі контур дегеніміз осы. Герц вибраторының сиымдылығы және индуктивтігі аз. Сондықтан тербелістер жиілігі орасан үлкен.

б) Герц тәжірибелері.
Герц электромагниттік толқындары жоғары кернеу көзінің көмегімен вибраторда тез айнымалы токтың импульстер сериясын қоздыру арқылы шығарып алады. Вибратордағы электр зарядтарының тербелістері электромагниттік толқын туғызады. Бірақ вибратордағы тербелістерді жасайтын жалғыз ғана зарядтаулы бөлшек емес, үйлесімді түрде қозғалатыны өте көп электрондар жиынтығы. Электромагниттік толқында және векторлар бір-біріне перпендикуляр және векторы вибратор арқылы өтетін жазықтықта жатады, ал векторы осы жазықтыққа перпендикуляр. Толқындардың шығып таралу интенсивтігі вибратор осіне перпендикуляр бағытта ең көп (максимум) болады. Осьтің бойымен толқын шығып таралмайды.
Герц электромагниттік толқындарды, құрылысы толқын шығаратын вибратордың құрылысы сияқты вибратордың (резонатордың) көмегімен
қабылдап тіркеді. Электромагниттік толқындардың айналымы электр өрісі әсерінен қабылдаушы вибраторда ток тербелістері қоздырылады. Егер қабылдаушы вибратордың меншікті жиілігі электромагниттік толқынның жиілігімен дәл келсе, резонанс байқалады. Резонаторды толқын шығарушы вибраторға паралелл орналастырса, онда резонатордағы тербелістер үлкен амплитудамен өтеді. Бұл тербелістерді Герц қабылдаушы вибратордың өткізгіштерінің өте кішкене аралығындағы ұшқындары бақылау арқылы аңғарған.
Герц электромагниттік толқындары шығарып алып қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың басқа толқындар тәрізді үлкендігін де байқады. Атап айтқанда, ол электромагниттік толқындардың метал тарбақтан шығарылатын және толқындардың интерференциясын бақылады. Вибратордан келген толқынды металл табақтан шағылған толқын мен қосқанда, интерференциялдық көріністің максимум және минимумы пайда болады. Қабылдаушы жылжыта отырып, максимумдардың орнын табуға және толқын ұзындығын анықтауға болады.
Герц тәжірбиелерінде толқын ұзындығы бірнеше ондаған сантимерт болып шыққан. Вибратордағы электромагниттік тербелістердің меншікті жиілігін есептеп алып, Герц электромагниттік толқындардың жылдамдығын формуласы бойынша анықталады. Ол жарық жылдамдығына тең екен:
км/с.
Герц тәжірбиелері Максвеллдің теориялық болжамдарының дұрыс екендігін ойдағыдай дәлелдейді.
Электромагниттік толқындарды шығарып тарату үшін ашық тербелмелі контурда жоғары жиелікті электромагниттік тербелістерді тудыру қажет.

в) Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы.

Шығарылған электромагниттік толқын шығарып таратудың энергетикалық сипаттамасының маңызы зор, өйткені толқын шығаратын көздердің оның қабылдағыштарына тигізер әсерін айқындайды. Біз енді толқын шығарып тарату сипаттамаларының ең бастыларының бірімен танысамыз.
Ауданы S бетті қарастырайық, электромагниттік толқындар бұдан өткенде энергия тасмалдайды 5-суретте сондай бір кішкене аудан кескінделген, ондағы түзу сызықтар электромагниттік толқындардың таралу бағытын көрсетеді. Бұл сәулелер – толқындық бетке перпендикуляр сызықтар, беттің барлық нүктесінде тербелістер бірдей
фазада өтеді. Мұндай беттер толқындық беттер деп аталады.
5-сурет



6-сурет
Электромагниттік сәулелер ағынының I тығыздығы деп сәулелерге перпендикуляр, ауданы S беттен уақыт ішінде өтетін электромагниттік энергияның S ауданымен уақыттың көбейтіндісіне қатынасын айтады:

(4.1)

шындығында мұның өзі беттің бірлік ауданынан өтетінэлектромагниттік толқын шығарудың қуаты (бірлік уақыттағы энергия). Толқын ағынының тығыздығы SI жүйесінде, ватт бөлінген квадрат мерт (Вт/м2) есебімен өрнектеледі. Бұл шаманы кейде толқынның интенсивтігі деп те атайды.
I шамасын электромагниттік тығыздығы мен оның таралу жылдамдығы с арқылы өрнектейік. Сәулелерге перпендикуляр орналасқан S бет таңдап алып, оған табан ретінде, жасаушысы цилиндірді құрайық (6-сурет). Цилиндірдің көлемі . Цилиндр ішіндегі электромагниттік өрістің энергиясы энергия тығыздығы мен көлемінің көбейтіндісіне тең: Осы бүкіл энергия уақыт ішінде цилиндірдің оң жақ табанынан өтіп үлгереді. Сондықтан (4.1) формуладан табатынымыз:

(4.2)

яғни толқын шығару ағынының тығыздығы электромагниттік энергияның тығыздығы мен оның таралу жылдамдығының көбейтінбісіне тең.
Толқын шығару ағынының тығыздығы жарық көзіне дейінгі қашықтыққа қаншалықты тәуелді екенін табайық. Ол үшін тағы бір жаңа ұғым енгізу қажет болады.
Электромагниттік толқындарды шығару көздері алуан түрлі болуы мүмкін. Солардың ең қарапайымы нүктелік толқын көзі болып табылады.
Егер жарық шығаратын көздің өлшемдері оның әсері бағаланатын ара қашықтықтан көп кіші болса, ол нүктелік көз деп саналады. Бұған қоса, ондай жарық көзі электромагниттік толқындарды барлық бағытта да бірдей интенсивтілікпен таратады деп есептеледі. Нүктелік көз – физикада қабылданған басқа үлгілер: материалдық нүкте, идеал газ, тағы басқалар сияқты реал көздердің идеалдануы.
Жұлдыздар жарық шығарады, яғни электромагниттік толқын шығарады. Жұлдыздарға дейінгі қашықтықтар олардың өлшемдерінен көп үлкен болатындықтан, нақ осы жұлдыздар нүктелік көздің жақсы үлгісі болып табылады.
Электромагниттік толқындардың бойындағы энергия таралатын беттің аумағы уақыт бойынша барған сайын артып отырады. Сондықтан бірлік уақыт ішінде бірлік ауданнан өтетін энергия, яғни толқын ағынының тығыздығы жарық көзінен қашықтаған сайын кеми түседі.
Толқын ағынының тығыздығы жарық көзіне дейінгі ара қашықтыққа қалай тәуелді екенін анықтауға болады. Ол үшін нүктелік көзді радиусы R, бетінің ауданы сфераның центіріне қояйық.
Егер уақыт ішінде барлық бағытта толқын көзі энергия шығарады десек, онда
Толқын ағынының тығыздығы жиіліктің төртінші дәрежесіне пропорционал болады.
Зарядталған бөлшектердің тербеліс жиілігін екі есе арттырғанда шығарылған энергия 16 есе артады. Радиостанция антенналарында осы себепті жиілігі жоғары: ондаған мыңнан ондаған миллион Гц-ге дейін тербелістерді қоздырады жиілігі 50 Гц болатын өндірістік айнымалы токтар толқын шығармайды деуге бо
а) Генрих Герцтің электромагниттік толқынды ашуы

Генрих Герц (1857-1894) – көрнекті неміс физигі, ол электромагниттік толқындардың бар екендігін 1886 ж. алғаш рет электромагнитпен дәлелдеді. Электромагниттік толқындарды зерттей келе, Герц электромагниттік толқындар мен жарық толқындардың негізгі қасиеттерінің бірдей екенін тағайындады. Герцтің жұмыстары, электромгниттің өріс теориясының дұрыстығының, оның ішінде, жарықтың электромагниттік теориясының электромагнттік ділілі болды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?