Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

Халықаралық және сыртқы сауда саясаты

Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ».
«Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
-сыртқы сауда саясаты жөнінде;
-халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм.
Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
-экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау.
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді(интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау;белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту;өнджірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру)
Экспорттық-импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде әдіәстемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият тыңдалуы тиіс:
Нақты тауарға;оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға;ішкі ұлттық нарық ,елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына;халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына .
Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді не толығымен тиым салынуы мүмкін.Бір мезетте,экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясаттың басым обьектісі болып табылдады.
Ипмпорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады:тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау;әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.
Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттешітермен ауыстырылады.
Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады.
Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Себебі, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомативі» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Сыртқы сауданы реттеу шаралары 8 топқа бөлінеді:
Тарифтік:
- импорттық кедендік тарифтер.
Паратарифтік:
- баж салықтары;
- импорттық тауарларды енгізу кезінде алынатын төлемдер;
- кедендік жиындар;
- ішкі салықтар;
- мақсатты жиындар.
Бағаларды бақылау шаралары:
- демпингке қарсы;
- компенсациялар;
- импорттық жиындар.
Сомдық реттеу:
- квоталар.
Қаржылық шаралар:
- валюталық операцияларды жүргізу ережелері.
Автоматтық лицензиялау:
- тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығаруға арналған құжаттар.
Мемлекеттік монополиялар:
- экспорт пен импортқа монополиялар.
Техникалық шаралар:
- стандарттар;
- сапа нормасы;
- қауіпсіздік нормасы.
Саудадағы негізгі ережелер сыртқы сауда ұйымының ережелерімен реттеледі. Осы ұйымның ережелеріне сәйкес сыртқы сауданы реттеу үшін негізгі құрал ретінде кедендік тариф қолданылады. Сыртқы сауда ұйымының мүшесі болып табыдмайтын мемлекеттер мүшеліктің қамтамасыз ететін артықшылықтарын қолдана алмайды.
Бұл жағдайларда сауданы реттеудің негізі болып екі жақты сауда келіссөздері мен келісімдері табылады. Оған өте қолайлы жағдайлар жасау режимі кіреді.
Ұлттық жүйедегі саудада қолданылатын ережелерде бірізділіктің болмауы протекционистік шаралармен анықталған көптеген кедергілерді туындатады.
Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мүшелері болып табылады.

2.Дамыған елдердің сауда саясаты

АҚШ-тың сауда саясатының ерекшеліктері. 1984 жылы АҚШ Үкіметі Тарифтер мен сауданың Бас келісімдері (ТСБА) шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту шешімін қабылдайды.
Американдық үкімет ірі Батыс мемлекеттеріне күшті қысым көрсетті. Ондағы мақсат – осы мемлекеттерде экспансионистік ішкі экономикалық саясатты күшейту. Американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді жоққа шығарды. Осының салдарынан американдық экономикада сауданы жүргізу әдістерін түсінуде елеулі қарама-қайшыл пікірлер туындады.
1985 жылы АҚШ-тың Сауда министрлігі көптеген тәртіп бұзуларды анықтады және дамушы елдердің көптеген санымен келіссөз жасады, оның заңдылық базасы құқықты бұзу санкциясынан шетел тауарларын тәркілеуге дейін толықтырылды. Кейбір жағдайларда санкциялар ретінде белгілі өнімді АҚШ-қа енгізуге толық тыйым салу да қолданылды.
Жапондық тауарлардың жоғары бәсекелестік қабілетін мойындай отырып,АҚШ Жапониямен стратегиялық серіктестікті саудадағы басымдық деп және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ-тың саясаты мен стратегиясының шешуші буыны ретінде қарастырады. КСРО-мен,Қытаймен арақатынастарының шиеленісуіне АҚШ-тың Жапонияны итермелеуі кездейсоқ емес. Бұл жағдайда Жапония бір ғана ірі мемлекетке қарайды, өйткені бұл мемлекетте бейтарифтік кедергілердің саны мен масштабтары едәуір қысқарған.
Еуропалық одақтың (ЕО) сауда саясаты. ЕО елдері сауда саясатының ерекшеліктері осы аймаққа тән арнайы факторларға негізделеді:
- тауарлар, каптиталдар және жұмысшы күшінің, өзіндік нарықтардың тар көлемділігі;
- ҒТП-ті дамытудың бастапқы мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
- елдің және оның жалпы шаруашылық стратегиясының дамуында сыртқы экономикалық қатынастардың жоғары мәнділігі;
- ортақ нарық жағдайында 15 мемлекеттің қызмет етуі.
АҚШ пен Жапония сияқты халықаралық ынтымқтастық орталықтармен салыстырғанда, Еуропа сыртқы нарыққа өз өнімінің 60%-тен астамын шығарады, әлемдегі экспорт-импорттағы Еуропаның үлесі 40%-тен асады.
Осылайша,Еуропада мемлекеттер арасында кедергілер мүлднм жоқ, саудадағы сандық шектекулер,баж салықтары алынып тасталған,үшінші елдерге қатысты ортақ біртұтас кедендік тариф енгізілген,ЕО-тың өзара саудасында кедендік тексеру жүргізілмейді, сонымен бірге жүк ағымдарының құжаттарын толтыру талаптары да бірыңғай болып келеді, яғни тексерудің біртұтас жүйесі қолданылады. Тауарды енгізудегі тыйым салулар мен шектеулер де ортақ. Сол сияқты, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру талаптары нақты түрде бірізге салынған. Кез келген елдің үкіметтері полюсінде ұлттық биліктің қарамағында қалған реттеудің бірқатар құралдары шоғырланған. Несиелік саясат (төмен проценттік мөлшерлемелер, ұзартылған мерзімдер) еуропалықтардың басқа нарықтарға енуі процесінде ерекше мәнге ие болды. Кей жағдайларда сыртқы сауда операцияларын ауқымды түрде, ашық және жабық түрде жәрдем беру тәжірибесі де қолданылды. Мұндай қолдау экспортерларға ғана қатысты болған жоқ,сонымен бірге шетелдегі сатып алушыларды да несиелеу орын алды.

3.Жаңа индустриалдық елдердің (ЖИЕ) сауда саясаты

Жапондық экономикаға ұқсас қомақты өсу қарқынын Азиялық ЖИЕ көрсетті.
Қытай Республикасындағы сауда саясатында қол жеткен табыстар 1978 жылдың аяғында басталған реформалар барысымен айқындалды,оларды екі кезеңге бөлуге болады:
біріншісі –(1978-1991жж) «жоспардың нарықпен бірігуі» кезеңі болды, екінші (1992 жылдан бастап) – нарықты экономиканы құрудың ресми жарияланған курсының қызмет ету кезеңі.
Реформаланатын процеске саяси араласудың жоғары дәрежесі-экономика жағдайының жаңа сапаға бейбітшілік жолмен жетуін қамтамасыз етті.
1960 жылға дейін жиынтық құрал – жабдықтың көбі КСРО-дан және Еуропадан, ал 60-жылдары Батыс елдерінен әкелінді. Тоқыма,мұнай,химия,металлургия,тау-кен,шахта және электрондық өнеркәсіп салаларына техника мен технология жеткізілді.
Қазіргі кезде мұнай өнімі импортына қарағанда,дайын өнеркәсіптік өнім: астық,өсімдік майы, шикі мұнай сияқты өнімдер импортының үлесі мол,олар әлемдік бағадан төмен бағамен көршілес жақын серіктестерге сатылады.
Қытай импортының нарығының көлемі интенсивті түрде өсуде,оның үлесі жиынтық импорттың 60%-нен астамына тең.
4.Дамушы елдердің сауда саясаты
70-жылдар шегінде елдердің сыртқы экономикалық саясаты Латын Америкасы мемлекеттерінің экономикалық өсу динамикасының төмендеумен түсіндіріледі. Мемлекеттер халық шаруашылығына ірі машина техникасын енгізудің кең көлемді шараларын қолданудың қажеттігін сезеді,ол мемлекеттердің импорттық режимі ретінде шетел капиталын тарту саясатын ырықтандыру ісін жүргізуді талап етті. Импорттық салықтардың ең жоғары мөлшерлемелерін төмендетуде үлкен мәнге – Бразилия (25%-тен көп), Мексика (10%-ке жуық), Аргентина (11%) қол жеткізді.
Чилиде өте бағалы бұйымдарға ғана, ал бірқатар елдерде ұлттық өндіріспен бәсекелесетін азық-түліктің кейбір түрлеріне салық салынды.
Мұндай кедендік саясат дамыған елдер мен Латын Америкасы елдері арасында бірқатар қарама-қайшылықтарды туындатты. Жекелеп қарастырғанда,электрониканы шеттен енгізу тарифінің салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейі (40% ) АҚШ-тың наразылығын туындатты.
Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтудің тиімді екендігіне көз жеткізе отырып,импорт саласындағы мемлекеттік саясатқа экспортты ынталандыруға ықпал етуші құралдар да кіреді. Осы механизмдердің қалыптасуында еркін экономикалық аймқтардың (ЕЭА) құрылуы ерекше орын алып отыр.
Латын Америкасы елдері үкіметтерінің қабылдаған осы сияқты шаралары әлемдік деңгейдегі олардың позициясын нығайтты, сонымен бірге халықаралық сауда ұйымдарының сенімін туындатты,нәтижесінде осы елдердің жартысы Тарифтер мен Сауданың Бас Ассоцияциясы (ТСБА) құрамына кірді.
Латын Америкасы мемлекеттерінің сыртқы саудасын ырықтандыру тәжірибесі негізінде МЕРКОСУР интеграциялық топтың Кедендік Одағы құрылды. Бұл келісімнің күшіне енуі аймақ ішіндегі саудада кеденді біртіндеп жою міндетін алға қойды. Қазіргі таңда ол тауарлық номенклатураның 85%-ін қамтиды,позициялардың қалған 15%-і 5-10 жыл ішінде реттелуі тиіс. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?