Халықаралық құқық
Халықаралық құқықмирасқорлық институты.
Аталған институттың дамуына соңғы кезде халықаралық аренада болып жатқан тарихи оқиғалар үлкен әсерін тигізуде.
Құқықмирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықмирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық қүқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді.
Халықаралық бірлестік 1961 ж. осы институтты жүйелеу әрекетін жасап көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. 18- желтоқсандағы 1686 (XVI) қарары құқықмирасқорлық туралы мәселені бірінші кезектегі тізімге енгізді. Құқықмирасқорлықтың негізгі мәселелері мынадай әмбебаптық және аумақтық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971 ж. 23 тамызындағы мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж. 8 сәуіріндегі мемлекетгік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысты құқықмирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының құқықмирасқорлығы туралы 1991 ж, 4-желтоқсандағы Шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынадай шарттарға қол қойды:
- ТМД мемлекет басшыларының "Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі туралы" 1991 ж. 30 желтоқсандағы Келісімі.
- КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты қүқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж. 13 наурыздағы Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992 жылдың 6-шілдедегі Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағаттарына қатысты кұқықмирасқорлық туралы 1992 ж. 6-шілдедегі Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның шарттарына қатысты өзара мүдделерді керсететін құқықмирасқорлық мәселелері жөнінде өзара түсінісу туралы Меморандум.
- Құқықтарды өзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы 1992 ж. 9 қазандағы Келісім.
- Бұрынғы КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне катысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 ж. 6-қыркүйектегі Келісім және басқалары.
Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды: а) әлеуметтік революцияларда;
б) отарлардан мемлекеттердін құрылуы кезінде;
в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы; г) мемлекет аумағының бір белігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.
а) Әлеуметтік революциялар кезінде.
- Мұндай тарихи мән-жайлар кезіндегі құқықмирасқорлық мағынасы әлеуметтік революциялар нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекетке бұрынғы мемлекеттің бірқатар халықаралық құқықтары мен міндеттернің өтуімен түсіндіріледі. Мұндай құқықмирасқорлыққа мысал ретінде XVIII ғ. аяғындағы Ұлы француз революциясын, 1917 ж. Ұлы Қазан социалистік революциясын айтып өтуге болады. Әлеуметтік революциялар кезіндегі қүқықмирасқорлық мынадай мәселелерді қозғайды:
- аумақтық – жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағында қалады;
- халыққа қатысты мәселелер – мемлекеттің қол астындағы бұрынғы азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады, ал шетелдегі адамдар мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;
- шарттық міндеттемелер жаңа мемлекет, әдетте бұрынғы әділетсізшарттар жүйесінқайта қарайды;
- меншік мәселелері - бұрынғы мемлекеттің активтері мен пассивтері жаңа мемлекетке берілуі тиіс;
- халықаралық ұйымдарға мүшелік мәселелері - әлеуметтік революциялар халықаралық ұйымдардағы мүшелікке әсер етпейді –
мысалы, Куба бұрынғыдай БҰҰ-ның мүшесі болып қала берді.
б) Мемлекеттердің отарлардан бірігуі кезінде
- жаңа мемлекет бұрынғы отар аумағында қалыптасады.
- шарттық міндеттемелердің, әдетте, кейбір ескертпелері болады. Бұл бұрынғы метрополийлардың (отарлап, билеуші мемлекеттердің) халықаралық міндеттемелерді өздеріне толық көлемде ала алмауына байланысты. Мысалы, Танганьика мемлекетті 1961 ж., ал Уганда 1962 ж. БҰҰ бас хатшысына екі жыл көлемінде бұрынғы метрополиялардың шарттарын іс жүзіндегі шарттар жүйесі деп есептеп келгендері туралы хабарлайды. Осы кезең ішінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер шарттык негіздердің тиімділігі мен қажеттігін айқындаған болып шығады.
в) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
- халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
- меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіледі;
- мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке дара шешіледі. Мысалы, 1963 ж. Малайзия Федерациясы құрылды (Малайя, Сингапур, Солтүстік Борнео, Саравак Федерациясы), 1965 ж. Сингапур Малайзия Федерациясының құрамынан бөлек шығып, БҰҰ-ның құрамына дербес мемлекет ретінде қабылданды.
г) Мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде

- халыққа талдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқықғы беріледі;

- мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке-дара шешіледі. 1958 ж. Египет және Сирия бірігіп, Біріккен Араб Республикасын құрды. 1961 ж. 29 қыркүйегінде Сирия БАР құрамынан шығып, қайтадан БҰҰ-ның дербес мүшесі болды. 1990 ж. Солтүстік және Оңтүстік Йемен біріккен кезде мүшелікке өту осыған ұқсас жағдайда өткен болатын.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.
КСРО-ның бұрынғы субъектілері - мемлекеттер өздерінің арасындағы бұрынғы барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп шешті. Ең алдымен, ТМД-ға мүше-мемлекеттер үшін КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны аян болды. Соған сәйкес, халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде де, сондай-ақ мирасқор-мемлекет Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды жеделдете реттеу қажеттігі туралы мәселе пайда болды. Бұл проблемалар, жоғарыда айтып өткеніміздей, аумақ, халық, меншік, шарттық тәжірибелерге, тұрақты және уақытша халықаралық ұйымдардағы мүшелік мәселелеріне қатысты болатын. ТМД-ның барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай құжаттарында сыртқы саясаттың іс жүзіндегі мәселелерін жүзеге асыру үшін тиісті шарт-жағдайлар қалыптастыру туралы жариялап, бұрынғы Одақтың мүліктерінен тиісті, бекітілген әділ үлестеріне ТМД-ның әрбір мүше-мемлекетінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын бекітіп жатты. ТМД-ның барлық мүшелері халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту ісіндегі рөлі туралы мәселені шешуге ортақ мәмілемен келу қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.
ТМД-ның іс жүзіндегі тәжірибесі көптеген проблемалардың әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанын көрсетеді. Ол біріншіден, Каспий теңізінің мәртебесін айқындай алмаудан; Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының сыртқы саясатындағы даулы аумақтық мәселелерден; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенін ұзақ мерзімге жалға алу мәселесінің толық көлемде шешілмеуінен байқалады және біздің ұлы отандастарымыз Ш.Уәлиханов пен Ә.Бөкейхановтың қаламдарынан шыққан Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Томск қалаларының кітапхана қорларында жатқан мұрағаттық құжаттардың бірқатарын беру мәселелесі шешілу сатысында тұр.
1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында, 1993 ж. 22 қаңтардағы ТМД жарғысында жалпы экономикалық кеңістікті, жалпы еуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру жөне дамыту; жұрт таныған нормалар мен халықаралық құқық қағидалары негізінде демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу; ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?