Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы

Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы

Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы

Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар - зат, біріншіден адам қажетін өтеу үшін, екіншіден - сату үшiн өндірген, бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
ә) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшiн тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
б) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
II.Австрияның экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К. Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге К.Менгер шектеулі мөлшерде кездесетін -экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерiн де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды.
Тауарлы өндірісті талдаудағы әртүрлi көзқарастардың болуы, зерттеу барысындағы зерттеушілердің әртүрлi методологиялық әдістерін қолданудан туындайды. Экономика ғылымында екі методологиялық тәсіл бар:
1. «Каузальдық» (Маркстік) - себепті-салдарлы; тауар шаруашы-лығының категорияларын зерттегенде, оның шығу негізі, себебі, соңғы нәтижесі т.с.с. себептеріне сүйенеді.
2. «Функциональдық» (маржиналистер) - зерттеу барысында тек экономикалық құбылыстардың көлденең (по горизантали) өзара байланыстарымен шектеледі. Олар экономикальгқ құбылыстарындағы себепті-салдарлы байланыстарға, негізіне көңіл аудармайды, мысалы: бағаны нарықтаты сұраным немесе керісінше ұсыным анықтайды деп, көзге көрініп тұрған құбылыс бойынша қорытынды жасап, шешім қабылдайды.
Жоғарыдағы аталған көзқарастарға қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсаты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулері де тауарға айналатынын дәлелдейді.
Тауардың екі қасиеті бар. Біріншіден, тұтылыну құны. Тауардын тұлыну құны дегеніміз - тауардың адам қажетін қанағаттандыра алатын мүмкіншілігі. Екіншіден, айырбас құны - бір тауардың (тұтыну құлынан) екінші бір тауарға (тұтыну құнына) айырбасталу мүмкіншілігі. Тауардын пайдалылығы, адамнын белгілі бір нақтылы қажетін қанағаттандыру қасиеті. Заттың бойында осындай қасиеттің болуы жеткіліксіз. Тұтлыну құны іс жүзінде пайдаланылуға тиіс, шын мәнiнде тұтынылуы шарт, өз рөлін нақтылы атқаруы қажет. Демек, тұтыну құны тауарға айналу үшiн көптеген шарттарды міндетті түрде орындауы қажет. Олардың негізгілері: ол адам еңбегімен жасалған өнім болуы; өндірушіден баска адамдардың қажетін өтеуге, яғни қоғамдық тұтыну құнына айналуы; сондай-ақ тұтыну құны өндірүшiнің қолынан тек басқа бір затқа айырбасталып берілуі. Осы шарттарға сай келгенде ғана тұтыну құны тауар бола алады. Тұтыну құнына иелік ететін заттардың бәрi бірдей тауар емес, өздеріңіз ауаны және жерді немесе табиғаттың адамға берген басқа сыйларын мысалға алыңызшы. Бұлардың тұтыну құны бар, бірақ та тауар емес. Өйткені, жоғарыда сөз болған тауарға айналудың үш шартын орындай алмайды.
Тұтыну құнының ерекшеліктері бар. Тұтыну құны сол заттың табиғи қасиетіне байланысты, өндіруге шығындалған еңбек мөлшеріне байланыс-сыз, қоғам дамуының барлық сатысына тән экономикалық -категория. Тұлыну құны қоғам дамуына сәйкес түрленеді және кеңейе түседі.
Өнімнің (заттың) тауарға айналуы үшін тұтыну құны болуы жеткіліксіз. Осыған қоса бойында екінші қасиеті болуға тиіс. Айырбас құны, немесе құн. Тауардың бұл қаиетін айырбас құны деп атайды. Осының негізінде бір тауар екінші бір басқа тауарға айырбасталады.
Айырбас процесінде қандай да бір тектес нақтылы тұтыну құны басқа тектес тұтыну құнына теңгеріледі. Ең алдымен сан қатынасымен белгіленеді. Сез болып отырған айырбас қатынасы өзгермелі болады. Бұл жерде әртүрлi сандағы заттардың бір-біріне теңгерілуінде кезге керінбейтін құпия, ортақ бір нәрсе бар. Ол тұтыну құны емес, өнімдердің барлығы да адам еңбегінің жемісі екендігінде. Демек, тұтыну құндарынын біріне-бірі теңгерілуі, оны жасауға сіңген еңбек мөлшерінің бірдей болуы, тепе-теңдігі. Тауарға сіңген еңбек оның құнын құрайтын болғандықтан, айырбасталған тауарлардың құны да бірдей мөлшерде (шамада) деген сөз. Осының бәрін жай көзбен көріп, колмен ұстауға болмайтын жасырын кұбылыстар.
Тауардың тұтыну құны - табиғи, ал айырбас құны - қоғамдық қасиеттер. Құн - тауарға сіңген, зат формасына айналған қоғамдық еңбек мөлшері. Ол адамдардың дән қауызымен бүркемеленген өндірістік қатынасын білдіреді. Қорыта айтканда кез-келген тауардың екі қасиеті, екі жағы: тұтыну құны хоне құны болады. Осы жағдайда ғана енім тауарга айнала-ды.
Тауардың екі қасиетінің болуы неліктен? Ол тауарға сінген еңбектің екі жақты сипатына байланысты. Өйткені тауар ендіруге екі жақты еңбек - нақты және абстракты еңбек жұмсалады.
Жеке адамдардың тауар ондіргенде тұтыну құнын жасауга шыгындаған еңбегі. Тұтыну құнының қайнар бұлағы - еңбек. Нақты еңбектің жеке түрі өз мақсатымен, өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкердің кәсiби шеберлігі, олардын өнімді ендіру кезінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нақтылы нәтижесімен ерекшеленеді және бейнеленеді.
Тауар құны абстракты еңбекпен жасалады. Тек тауар өндірісіне тән құбылыс. Адамдар нарықта түрлі тауарларды айырбастағанда нақты ең-бектің әр түріне ортак бір нәрсені - дене және ақыл-ой энергияларын шығындағандығын байқатады. Өзінің абстракты еңбек сіңіргенін көрсетеді. Бұл әртүрлi еңбекті сапалық бір тектес еңбекке жинақтап теңгеру, түрлі жұмыстардың нақты ерекшеліктерінен іс жүзінде аулактауды білдіреді. Адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы - абстракты еңбек деп аталады.
Тауарға сіңген еңбектің екі жактылығын тұңғыш ашқан Карл Маркс. Осы еңбектердің көлеңкесінде жеке және қоғамдык еңбектің арасындағы қайшылық бүркемеленеді. Абстракты еңбек тауар өндірушілердің өндірістік қатынастарын бейнелейді.
Тауар өндірушілердін еңбегі -жеке басының ісі. Ор кезде нар тәуе-келмен еңбек етеді. Сөйтіп еңбегі жеке сипатта болады. Дегенмен, жеке тауар өндірушілер біріне-бірі тәуелді, бір-біріне жұмыс істейтіндіктен олардың еңбегі қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Демек, еңбегі қоғамдық сипатқа ие болады. Жеке енбектің қоғамдық сипаты тауарды тек нарықта сатып өткізген мерзімде ғана аныкталады. Жеке еңбектің қоғамдық формаға ие болатын алаңы да осы. Сөз болып отырған процесстер әр кезде бүркемеленіп тұрады.
Ол жұмсалған қоғамдық қажеттi жұмыс уақытының мөлшерімен өлшенеді. Нақтылы бір тауарды өндіруге өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында және сол қоғамда еңбектің шеберлігі мен интенсивтілігiнiң орта дәрежесі жағдайында жұмсалатын уақытты - қоғамдық қажетті уақыт деп атайды.
Тауар құнының мөлшері еңбектің өндіргіш күшіне кері, жұмсалған еңбектің мөлшерінетікелей пропорциялы байланыста болады.
Тауар өндіруге шығыдалған еңбекті жай және күрделі еңбек деп те бөледі. Жай еңбек дегеніміз - арнайы оқып-үйренуді, қандай да бір дайындықты қажет етпейтін еңбек. Күрделі еңбек - арнайы даярлықты, оқып-үйренуді, кәсіби білімді қажеттi етеді. Күрделі енбек - еселенген жай еңбек. Өйткені, белгілі бір уақыт мелшерінде күрделі маманданған еңбек жәй еңбекке қарағанда көп мөлшерде құн жасайды.
Тауарлы өндірістін дамуы құн түрлерінде нақты көрініс табады, керісінше құн түрлерінің дамуын талап етеді. Себебі, өндіргіш күштердiң дамуының нәтижесінде қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне. Оның еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Сонымен тауарлы өндірістің әрі қарай дамуы қамтамасыз етіледі. Осыған орай айырбас процесінің жиілеу қажеттiгі туындап құн түрлерінің дамуына әкеледі.
Құн ез дамуында төрт түрден өтті: жай және кездейсоқ, толық, жалпылық және ақшалай.
Ең алғашқы құн түрі жай және кездейсоқ болды. Себебі, бір кезенде тауар өндірісі әлі дамымаған, айырбасқа түсетін тауарлар өте аз болды. Сондықтан бір тауар екінші тауарға тікелей айырбасқа түсті. Мысалы, 1 кг ет - 5 кг бидайға айырбастапды. Бұл жерде байқалып отырғаны 1 кг еттің құны екінші тауар бидай арқылы анықталып отыр. Сондықтан оның (бірінші тауар) құны салыстырмалы (относительный) түрде тұр. Екінші тауар (бидай) бірінші (ет) тауардын құнын аныктап, оган тепе-тең (эквивалент) құл ретінде тұрады. Сонымен, бірінші тауар, яғни ет-салыстырмалы құн, екінші, тауар бидай эквивалентті құн түрінде болады.
Қоғамның өндіргіш күшінін дамуына байланысты қоғамдық енбек бөлінуі тереңдеуінің нәтижесінде тауарлы өндіріс дамып, айырбасқа түсетін тауарлар саны, түрі көбейе бастады. Осыған байланысты жай, кез-дейсоқ құн түрі, толық құн түріне көшеді.
Бұл жерде салыстырмалы құн түрінде, 1 кг ет, тауар, бірнеше тауардың эквивалент құнымен белгіленеді. Айта кететін жәй, құнның бұл түрінде эквиваленттік құн түрінде бірнеше тауар тұр. Сол ссбегпі әрбір айырбаста бірнеше тауар қатысып, айырбасты қиындатады. Өзiне қажеттi тауарға айырбастау үшін, басқа тауарларды сатып алып, оларды қайта сату арқылы қолы жетеді. Бұл әрине айырбас прсшесін қиындатып, баяу жүріп отыруына тура келді, тауар өндірісінің әрі қарай дамуын кешеуілдетіп жіберді.
Тауар өндірісінің әрі карай дамуына байланысты стихиялы түрде, тауар элемінен бір тауар (сол елде көп массада шығарылып) бөлініп шыгып, жалпы эквиваленттік қызметке ие болды. Енді барлықтауар құны сол тауардың құнымен өлшенетін болды. Құнның бұл түрін - «Жалпы құнтүрі» - дейміз.
Құнның бұл түрінің де кемшіліктері болды. Себебі жалпы эквивалент түрінде әр елде әртүрлi тауарлар болды. Мысалы: Африкада - піл сүйегі; Қытайда - тұз; грек, араб елдерінде - мал. Сондықтан елдер арасындағы айырбаска үлкен кедергі жасап отырды. Бұл тауар өндірісінің одан әрі дамып, шеңберін кеңейтуге қиындықтар туғызды. Осымен байланысты құнның ақшалай түрі пайда болды.
Құнның бұл түрінде алтынның ақша ретінде бекуі, ол, сол тауардың ерекшелігіне байланысты еді. Ол мыналар:
1) сапасының біртектілігі;
2) бөлінгіштігі;
3) икемділігі (портативтілігі);
4) сақталғыштығы.
Алтын - сирек кездесетін және еңбек шыгындарын көп қажет ететін металл. Алтыннын баска тауар сияқты тұтыну құны және құны болады. Алтынның тұтыну құны әсемдік заттарды жасау, әшекейлеу мен безендіру үшін қажет, сонымен бірге оны өнеркәсіпте және т.б. пайдаланады. Ал-тынның құнын, құнның еңбек теориясы, оны өндіруте жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек арқылы анықтайды.
Алтынның жалпылама эквиваленттік қызметі, оған ғана тән ерекше қасиеттерге, яғни айрықша тұтыну құны мен құнның болуына байланысты.
Алттынның айрықша тұтыну құны оның басқа тауарларды өзiне бағындырып, олардың құн мөлшерiн белгiлеуiне байланысты пайда болады. алтынның құны оның ақша ретiнде жалпыға ортақ өтiмдi затқа айналуына байлансты қалыптасады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?