Биология | Модификациялық өзгергіштік
Модификация — генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердін өзгеруі. Өзгергіштіктің бұл типі тұқым қуаламайды. Бұл өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы зор, себебі ағза өзгерген ортаға сай бейімделетіндігі баршамызға белгілі.
Модификацияның «ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік» деп аталатын категориясы болады. Н.И.Вавилов ұзаққа созылған модификацияның болу себептерін және оның типтерін зерттеуге көп көңіл бөлген. Ол ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деген қорытынды жасады.
Н.И.Вавиловтың осы пікірі көптеген ғалымдардың әр түрлі объектілерге жасаған тәжірибелері арқылы дәлелденді. Мысалы, қарапайымдарды, бунақденелілерді, дрозофила шыбынын және жоғары сатылы өсімдіктерді қолайсыз температурада, улы заттар, жоғары қанықпалы иондармен, т.б. әсер етіп өсіргенде, ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік алынған.
66. Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік.
Сол сияқты фенотиптік өзгергіштік алу мақсатында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің ғалымдары М.Зияров және басқалар он жыл бойында тәжірибе жасады. Осы тәжірибелердің нәтижесінде бидай өсімдігінің ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштігін алды. Бұл өзгергіштікті алу үшін жаздық бидайдың 6 іріктемесін Қазақстандық—126, Эритросперум — 841, Псевдотурцикум — 2115, Қожа бидай, Мелянопус — 1932, Велютинум — 303 алып, 8 жыл бойы жылыханада өсірген. Әр түрлі жағдайлармен әсер ете отырып жүргізілген көпжылдық тәжірибенің нәтижесі, осы өзгергіштіктің (ұзаққа созылған модификация) пайда болуына әсерін тигізді 66, ұзаққа созылған модификация терминін 1921 жылы В.Иоллас ұсынды. Иолластың зерттеулері бойынша сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен ағзада пайда болған өзгерістер көптеген жануарларда, аналық сала бойынша бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалаған.
Гофман 1927 жылы, Сонеборн 1943 жылы Phaseolas vilgaris өсімдігін 0,75% хлоргидрат ерітіндісімен әсер ету арқылы алынған жапырақ пішінінің өзгергіштігі алтыншы ұрпаққа дейін тұқым қуалаған. Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштіктің аналық сала бойынша ұрпақтан-ұрпаққа берілуі хромосомалардан тыс орналасқан құрамдас бөлігіне байланысты екендігін дәлелдей түседі.
Сыртқы орта жағдайларының әсеріне ағзаның белгілері түрліше жауап қайтарады. Ағзаның кейбіреулері орта жағдайының әсеріне тез бейімделеді немесе езгереді. Кейбіреулері аздап өзгереді, үшіншілері тіпті іс жүзінде өзгермейді деуге болады. Мысалы: жем-шөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақтылы суарып отырса, ірі қара сүтті мол береді, сонымен қатар оның еттілігі де артады. Ал, күтімді қалай жақсартса да жүннің түсі өзгермейді. Әйтсе де, температурамен әсер ету арқылы ғалымдар, ақкіс және үй-қояндардың құлағы мен құйрығының ұшындағы және жотасындағы жүнінің түсі өзгеретіндігін дәлелдеген.
67. Лавршие жапырақтарының өзгермелі нұсқа қатары
(жапырақ ұзындығы арқылы көрсетілген).
Мұның өзі жануарлардың кейбір тұқым қуалау белгілері сыртқы орта жағдайының өзгеруіне байланысты екендігін дәлелдейді. Яғни гевдер мен генотип әрекетінің білінуі орта жағдайларына тәуелді. Орта жағдайының өзгеруіне байланысты модификациялық өзгергіштіктің шегі де әр түрлі болады. Бөлгінің модификациялық өзгергіштік шегі реакция мөлшері деп аталады. Ендеше, сүттілік белгі реакция мөлшерінің өте көлемдісіне, жүннің реңі — тар көлемдіге жатады.
Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Ағзаның белгілері сыртқы ортаның әр түрлі жағдайының әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің кейбір белгілері тез өзгереді. Оған өсімдіктердің бойы, түсімділігі, жапырақтарының пішіндері, гүлінің түсі, бидай масағындағы масақшалар санының өзгеруі, т. б. дәлел бола алады. Егер бір ағаштың бірнеше жапырағын алып, ұзынынан және көлденеңінен өлшесе, сәйкес келетін жапырақтар кемде-кем. Бұл табиғи зандылық, себебі, күннің түсуі, тамырға судың сіңірілуі, өсімдік тұқымының себілу тереңдігі әр түрлі болады. Мұндай өзгерістер модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Оған мынадай қарапайым мысалдар келтірейік. Лавршие жапырағын ұзындығының артуы бойынша қатар-қатар орналастырса, онда жеке нұсқалардан тұратын белгілердін өзгергіштік қатары шығады. Мұнда жапырақтың ортаңғы нұсқа кездесу жиілігі басым, ал екі шеткі нұсқа кездесу жиілігі кем екені суретген көрініп тұр 67. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?