Тәуекел Тәуекел түрлері

Тәуекел Тәуекел түрлері

Ең алғаш рет тәуекел туралы түсінік өткен ғасырдың 20 жылдары бизнестің негізгі элементі ретінде сөз қылған экономист Фрэнк Найт. Ол тәуекел туралы түсінікті өлшенетін белгісіздік деп, бизнес тек тәуекел болғандықтан бар деп жариялады. Келесі қадамды Гарри Морковец жасаған, ол тәуекел мен табыстылық түсініктерін байланыстырды. Табыстылық тек тәуекелмен ғана көтеріліеді деген. Бұл пастулат қазіргі кезде экономист студенттерге мәлім, бірақ 1953 жылы Марковицтің еңбегінің негізін қалаушы жұмысы шыққанда және 1970 жылдың басына дейін оның теориясы аса қызығушылықты тартпады.
Бірақ та 1970 жылдары қаржы әлемінде үлкен дағдарыс болды. Валюталық курстың ауытқуының әсерінен экспортталатын тауарлардың мұнайға деген бағасын 1 жылға алдын ала жоспарлау мүмкін болмады. Бағаның секіруі, пайыздық мөлшерлеменің кенеттен ауытқуы сенімсіздікті тудырды.
"Тәуекел" түсінігінің ұзақ мерзімді әлемдәк тарихы бар, бірақ оны белсенді түрде көбірек зерттеу XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында басталды. Отандық экономикаға тәуекел мәселесі мен оны бағалау жаңа емес: осы ғасырдың 20 жылдары шарушылық есеп тәуекелінің заңды шарты қалыптасты. Бірақ қалыптасумен қоймай нарықтық қатынастарға қатысты нақты іскерлікті жою жүрді және 30-шы жылдардың ортасына қарай тәуекел категориясына капиталистік, буржуазиялық деген жарлық асылып қойылды. Елдің шаруашылығын экстенсивті дамыту мақсатында ұзақ мерзім бойы бағдарлау, орталық басқарудың тым жоғарғы нәтижесі, басқарудың әкімшілік әдісінің өктемділігі жоспарлы экономика шарты бойынша шаруашылық қызметтің тиімді негіздеуі мен барлық экономика – техникалық негіздеу жобаларының тек тәуекелдік талдаумен ғана құтылмады.Осыдан шарушылық және әлеуметтік мәселелер тиянақты қызығушылықтың жоғынан себебін түсінуге болады.
Жоғарыда аталып өткен фактілерге байланысты отандық тәуекел туралы ілімді дамытуға біршама көзқарастар қалыптасты.
Бірінші көзқарастың жақтаушылары осы сала бойынша ғылыми жетілдірудің жоқтығын айтты: - "біздің экономикалық ілімде және шарушылық практикада жалпыға ортақ шаруашылық тәуекелдің теориялық дәрежесі жоқ" ал "іргелі зерттеу атымен жоқ" бұл ахуал былай түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы әкімшілік әдіспен басқару, яғни тәуекелдің бағалауы мен талдауының шарты жойылған. Екіншіден, жоғарыда тәукел жөніндегі сұрақтарға байланысты айтылғандай "Батыспен идеологиялық күрес" негативті әсер етті.
Екінші көзқарас бойынша тәуекел мәселесіотандық ғалымдарға жаңалық емес. Осылай КСРО – да 20-шы жылдары бірқатар заң актілері қабылданды, олар шаруашылық өндірістік тәуекел түсінігін құрады. Бұл тәуекелдің ерекшелігі, тәуекелге байланысты жүргізілген зерттеулердің күшті деформацияланып, көптеген тәуекелдің есептелмеуі. Ол шаруашылық субъектілердің өз қызметтерінде кездесетін тәуекелмен байланысты.
Қазақстанда экономикалық реформаның жүргізілуі шаруашылық қызметтегі тәуекелге байланысты сұрақтарға қызығушылық тудырды, ал тәуекел теориясының өзі нарықтық экономиканың құрылу процесінде тек өзінің ары қарай дамуын алып қана қоймай, сонымен қатар ізденіс үстінде болды.
Тәуекел түсінігі туралы көптеген анықтамалар мен әртүрлі ғалымдардың айтқан сөздері көп. Кейбір зерттеушілердің ойынша ол термин араб сөзі. Басқаларының ойынша ол гректің ridsikon, ridsa – жартас, қия сөзінен шыққан. Батыс экономикалық әдебиеті бойынша тәуекелдің екі негізгі теориясы бар – классикалық және неоклассикалық. Тәуекел бұл – қиын құбылыс. Ол ықтималдылықпен және белгісіздікпен тығыз байланысты, сондықтан да осы екі құбылыс тәуекелдің негізі болып саналады.
Осы екі түсінікті қарастырайық. Ықтималдылық – бұл іргелі термин. Оған оқиғаны мүмкіншілігінің дәрежесіне байланысты сандық салыстыру жатады. Ықтималдылық бұл белгілі бір нәтижені алу мүмкіндігі. Көптеген оқиғаларда шешім қабылдау кезінде оқиғаның пайда болу жиілігі жөнінде статистикалық мәліметтер аз немесе мүлдем қолданылмайды. Сондықтан да өлшеудің екі жолы қолданылады. Ол шешім қабылдаушы тұлғаның субъективтілік өлшеуіштеріне негізделген. Мәліметтердің көлеміне деген байланыстылық біріншіден - субъектіге бағынышты, екіншіден - оқиғаның ықтималдылығы белгісіздікті әкеледі.
Белгісіздік – мәліметтің толық еместілігі немесе анық еместілігі. Белгісіздік табиғаты кең көлемде жіктелген. Төмендегілер белгісіздікті ақпаратқа және оның формасына байланысты жіктейді:
 белгісіздік (білімсізділік);
 физикалық белгісіздік;
 жеткіліксіздік (толықсыздылық, тиянақсыздық, көмескілік);
 мәнсіздік;
 лингвистикалық белгісіздік.
Жоғарыда айтылғандарға қарап былай қорытындылауға болады: тәуекелдің негізінде нарықтық қызметтің ықтималдылық табиғаты мен оқиғаның белгісіздігі жатыр.
Сонымен қатар тәуекел компанияның барлық процесінде активтік, пассивтігіне қарамастан жүреді. Сондықтан да мұнда тәуекелдің үшінші жағы оның қандай да бір қызметке қатыстылығында. Былайша айтқанда, егер кәсіпорын қандай да бір проектіні іске асыратын болса, онда ол инвестициялық және рыноктық тәуекелге шалдығады, егер компания ешқандай қызмет жүргізбесе сонда да ол табыс алмау тәуекеліне тап болады.
Сәйкесінше кәсіпорын өз қызметтерін белгісіздік щартында жоспарлайды. Даму стратегиясының қайсысын таңдамасын кәсіпорын өз қаражаттарын көбейту немесе жоғалтуы мүмкін.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Әрине, тәуекелден қашуға, яғни тәуекелмен байланысты шаралардан бас тартуға болады. Бірақ кәсіпкер үшін тәуекелден қашу көбінесе мүмкін пайдадан бас тартуды білдіреді.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі көпшілік жағдайда тәуекелдің сыныпталуымен анықталады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді айтамыз. Тәуекелдердің ғылыми негізделген сыныпталуы әрбір тәуекел түрінің олардың жалпы жүйесіндегі нақты орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің сыныпталуы тәуекелдерді басқарудың сәйкес тәсілдері мен әдістерін тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады. Тәуекелдің әрбір түріне тәуекелді басқарудың өз тәсілі сәйкес келеді.
Тәуекелдерді сыныптау жүйесі өзіне тәуекелдердің категорияларын, топтарын және түрлерін қамтиды.
Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер.
Құрылымдық белгілері бойынша коммерциялық тәуекелдер мүліктік, өндірістік, сауда, қаржылық тәуекелдерге бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер – бұл кәсіпкер-азаматтың ұрлық, диверсия, техникалық және технологиялық жүйелердің бұзылуы нәтижесінде мүлкін жоғалту ықтималдылығымен байланысты тәуекелдер.
Өндірістік тәуекелдер – бұл әртүрлі факторлардың ықпалы нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты және өндіріске жаңа техника мен технологияны өндірумен байланысты тәуекелдер.
Сауда тәуекелі – бұл төлемдерді кешіктіру, тауарларды жөнелту кезінде төлемдерді жүргізуден бас тарту, тауарды уақытында жеткізбеу себептері бойынша шығындармен байланысты тәуекел.
Қаржылық тәуекелдер – қаржы ресурстарын жоғалту ықтималдылығымен байланысты болады.

Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныптайды.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлеріне келесілерді жатқызады.
 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгының төмендеу тәуекелі (немесе қаржылыц даму тұрақтылыгының бұзылу тәуекелі);
 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі (немесе тепе-теңсіздік өтімділік тәуекелі;
 Инвестициялыц тәуекел;
 Инфляциялық тәуекел;
 Пайыздық тәуекел;
 Валюталық тәуекел;
 Депозиттік тәуекел;
 Несиелік тәуекел;
 Салықтық тәуекел;
 Құрылымдық тәуекел;
 Криминогендік тәуекел;
 Тәуекелдердің баска да түрлері.
Сипатталатын объекті бойынша қаржылық тәуекелдердің келесі топтарын бөледі:
 жеке қаржылық операция тәуекелі
 әртүрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі);
 кәсіпорынының жалпы қаржылық қызметі тәуекелі.
Зерттелетін инструменттер жиынтығы бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей топтарға бөлінеді:
 жеке қаржылық тәуекел. Ол жеке қаржылық инструменттерге тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.
 портфелді қаржылық тәуекел. Ол портфелге біріктірілген бір функционалды қаржылық инструменттердің кешеніне тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.
Зерттеу кешенділігі бойынша тәуекелдердің келесідей түрлерін бөледі:
 қарапайым қаржылық тәуекел. Ол әрі қарай жеке түрлерге жіктелмейтін тәуекелді сипаттайды. Қарапайым қаржылық тәуекелге инфляциялық тәуекел мысал бола алады;
 күрделі қаржылық тәуекел. Ол түрлерінің кешенінен тұратын қаржылық тәуекел түрін сипаттайды. Инвестициялық тәуекел күрделі қаржылық тәуекелдің мысалы бола алады.
Пайда болу көздері бойынша қаржылық тәуекелдердің келесідей топтарын бөліп көрсетеді:
 сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел;
 ішкі жүйелік емес немесе айрықшалықты тәуекел.
Қаржылық салдарлары бойынша барлық тәуекелдер мынадай топтарға бөлінеді:
 тек экономикалық залалдарга әкелетін тәуекел. Тәуекелдің бұл түрінде қаржылық салдарлар тек теріс мәнді болуы мүмкін.
 пайданы жіберіп алу тәуекелі. Ол кәсіпорынның қалыптасқан белгілі бір объективті және субъективті себептерге байланысты өзінің жоспарланған қаржылық операциясын жүзеге асыра алмауы жағдайын сипаттайды.
 экономикалық залалдар да, қосымша табыстар да әкелетін тәуекел. Әдебиеттерде қаржылық тәуекелдің бұл түрін көпшілік жағдайда "спекулятивті қаржылық тәуекел" деп атайды, себебі ол спекулятивті (агрессивті) қаржылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
Әсер ету уақыты бойынша қаржылық тәуекелдердің екі тобын бөледі:
 тұрақты қаржылық. тәуекел. Ол қаржылық операцияның бүкіл жүзеге асырылу кезеңі үшін сипатты және ол тұрақты факторлардың қызмет етуімен байланысты.
 уакытша қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияның жүзеге асырылуының жеке этаптарында ғана пайда болатын өзгергіштік сипаттағы тәуекелді сипаттайды.
Қаржылық залалдар деңгейі бойынша тәуекелдерді келесідей түрлерге бөледі:
 мүмкін қаржылық тәуекел.
 сыни қаржылық тәуекел.
 апатты қаржылық тәуекел.
Болжай алу мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей екі топқа бөлінеді:
 болжанатын қаржылық тәуекел.
 болжанбайтын қаржылық тәуекел..
Сақтандыру мүмкіндігі бойынша да қаржылық тәуекелдер екі топқа бөлінеді:
 сақтандырылатын қаржылық тәуекел.
 сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел.
Осы қарастырылған екі топтың тәуекелдерінің құрамы өте өзгермелі және ол тек оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ нақты экономикалық жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру тиімділігімен де байланысты болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?