Тиеп түсіру машиналары Тиегіштер түрлері Жұмыс процесі

Тиеп түсіру машиналары Тиегіштер түрлері Жұмыс процесі

БФПТ-тердің жұмысшы жабдығы жебе, коромысло, тартқыш, гидроцилиндрлер құратын рычагты механизмнен тұрады.
1. Қызметіне қарай тиегіштерде рычагты механизмдердің екі типі қолданылады:
2. Шөміштің аударылуы кезінде төмен жылдамдық пен жұлқу күшінің артуын қамтамасыз ететін Z типті механизм;
3. Жұлқу күшінің төмендеуін, шөмішті лақтыру жылдамдығын артуын қамтамасыз ететін Н типті механизм.

Тиегіштердің тік кескіш жүздері бар тіссіз стандарт шөміштері мына жағдайларда қолданылады: үйме қысымы 1.8 т/м3 құм, гравий және сазды топырақтарды тасымалдау. Кескіш жиек беріктігі жоғары кескіш болаттан дайындалады. Сонымен қатар, түсіру биіктігін ондаған сантиметрге жоғарылатытын, машинаның универсалдылығын арттыратын жақты шөміштер де қолданылады, бірақ олар жұмысшы жабдықтың күрделенуіне, қосымша гидравликалық контурлар орнату қажеттілігіне және пайдалы күштің төмендеуіне алып келеді.
Гранитті щебень мен жарып алған тау жыныстарымен жұмыс жасау кезінде тісті немесе тіссіз жиектері тік, сыртқа шығыңқы беріктігі жоғарылатылған шөміштер қолданылады.
Сыйымдылығы жоғары шөміштер (2.5…3 есе) жеңіл материалдарды жүктеуге қолданылады: көмір, торф, тұрмыс қалдықтары, қар.
Шөміштің жерде аударылу бұрышы оның толу дәрежесін анықтайды. Ең жақсы нәтиже соңғы этапта шөміштің ашылу кезінде жақтары жер бетіне параллель болған кезде алынады. Аудару бұрышының диапазоны 340 пен 500 аралығында өзгеріп отырады. Ол гидроцилиндр өлшемі мен рычагты механизм типіне тәуелді болады.
Шөміштерден басқа заманауи БФПТ даналы жүктерді поддонға орналастыруға арналған грейферлі жақты әртүрлі айырлармен жабдықталуы мүмкін. Сонымен бірге БФПТ, кранды құрылғылармен жабдықтала алады. Ауысымды бөлшектерінің көптігі жылдамдығы жоғары тез әсер ететін қапсырмалардың сұранысқа ие болуына әкелді.
Пневмодөңгелекті тиегіштер гидротрансформаторлы жіне күш түсірілген КПП-сы бар гидромеханикалық трансмиссиямен жабдықталады. Көп жағдайда тиегіштердің жылдамдық таңдауы жұмысшы органға түсіп тұрған жүкке байланысты автоматты түрде болады. Трансмиссия беріктігі жоғары, иілуші моменттері жоқ, дифференциалды, төмендеткіш редукторлы және аз жүк түсірілетін көпдискті тежегішті жартылай осьтермен кешендендірілген. Соңғы уақытта БФПТ-ларға энергияның қозғалтқыштан КПП-ға өтуін қамтамасыз ететін гидрокөлемді трансмиссиялар орнатылады.
Мұндай трансмиссияларды енгізудің мынадай артықшылықтары бар:
Қозғалтқыш кез-келген жұмысшы күштердің толқуы кезінде оптимал режимде жұмыс жасайды;
Ең көп тарту күшіне ықтимал максимал жылдамдықта автоматты түрде қол жеткізуге болады;
Тарту күшінің шамасы тиегіштің басқа жүйелерінің жұмыс жасауға кететін қуатына тәуелді болмайды;
Отын шығының төмендеуі.
Барлық заманауи БФПТ-лар функциялары келесі түрде сипатталатын автоматты жүйелермен жабдықталады – ол оператордың жиі қайталанатын операцияларға назар аудару қажеттігін болдырмайды: берілістерді қойып отыру, жұмыс режимін алмастыру, машина жылдамдығының күшке адаптациясы және т. б.
Рульдік жүйе сұйықтықты рульдік гидроцилиндрлерге жеткізілуін қамтамасыз ететін клапанмен жабдықталады. Ол негізгі қозғалтқыш сөніп қалған кезде апатты жұмыс жасайтын, жеке автономды электр жетекті насоспен жабдықталады.
Жұмысшы тежегіштер екі педальдың біреуі арқылы оператор таңдауына қарай қосылады: біріншісі – тек тежегішті қосады; екіншісі– тежегішті, сонымен қатар КПП мен сцеплениені қосады.
Берілістердің ауысуы күш арқылы немесе жартылай автоматты режимде жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда рычаг арқылы қажетті беріліс беріліп, автомат берілістерді тапсырмадағыдайға жеткізу үшін өзі ауыстырады.
Трансмиссияны автоматты басқару күшке байланысты берілісті өзі таңдайды, алынғын жылдамдықтың өзгермеуін қадағалайды, көлбеу қозғалыс кезінде қозғалтқышты тежейді және беріліс қосылып тұрғанда қозғалтқыштың қосылуын болдырмайды.
Жұмысшы жабдықтарды басқару механизмі де сақтандырғыш және автоматты құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Толы шөмішпен тегіс емес жолдар бойымен қозғалыс кезінде динамикалық жүктерді бәсеңдететін жебе көтерілуінің гидроцилиндрлерінің контурларындағы азотты компенсаторлар;
2. Шөміштің берілген күйінен бұрылуы мен жебенің горизонтал жағдайдан максимал биіктікке дейін автоматты көтерілу механизмдері;
3. Жебенің бос шөмішпен автоматты түрде түсірілу механизмі;
4. Әртүрлі жүйелер сораптарының шығындарын біріктіретін құрылғы;
5. Шөміштің автоматты ақырғы жағдайын белгілеу механизмі.

Телескопты тиегіш – манипуляторлар.



Атқаратын қызметі: құрылыс материалдары мен жабдықтарын автокөліктен түсіру, топрақты құрылыс алаңында тасымалдау және оны мұнаралы кран жұмысы аймағына жеткізу, ғимараттың көтергіш қаңқаларын жинақтау кезінде металл конструкцияларды беру және жобалық жағдайға әкеліп орнықтыру. Олар жер қазу, еөтеріп-тасымалдау және әрлеу жұмыстарында, тоннельдерде, көпір астында және сол сияқты жағдайларда қолданылады.
Телескопты тиегіш машиналардың көпшілік бөлігінің құрылғылары келесі техникалық шешімдер жинақтамасымен ерекшеленеді:
Тиегіштің артқы көпіріне шарнирлі бекітілген екі немесе үш секциялы телескопты мұнара;
Қосымша гидромагистралдар, соның ішінде белсенді жұмысшы органдарға (жақты шөміштер, бетонаралстырғыштар) арналған көпшығынды. Мұндай магистралдар тез ажыратылатын байланыстырғыш муфталармен жабдықталады;
Өту қабілеті жоғары толық жетекті төрт дөңгелекті шасси;
Барлық дөңгелектерді электрогидравликалық басқару жүйесі үш немесе төрт әдіспен маневрлеуге мүмкіндік береді;
Қосымша жұмыс органдарының кең ауқымы (аспалы толық бұрылатын жақты қапсырмалары бар шөміш, айырлар, лебедкалы кран жебесі, бетонға арналған бадья, бетонараластырғыштар және т.б.).
Кабина жабдықтары тиегіштердің бұл типінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Тиегіштерге арналған стандартты аспаптармен қатар ол жүк моменті шамасының индикаторымен, қауіпсіз жүктеме индикаторымен, дөңгелектерді тік сызықты жағдайға автоматты немесе жартылай автоматты түрде орналастыру құрылғыларымен жабдықталған.

Мини – тиегіштер.


Бұл тиегіштердің негізгі атқаратын қазметі – көлемі аз болып келетін тиеу жұмыстары, сонымен қатар қала территорияларын күту барысындағы коммуналдық жұмыстар.
Жүккөтергіштігі 0.3т-дан 1.4т-ға дейін болып келеді.
Құрылымы. Бұл төмен отырғызылған және гидрокөлемді трансмиссиялы қысқа базалы төрт дөңгелекті толық жетекті шасси. Оң және сол жақ астауларының дөңгелектері шынжырлы берілістер арқылы жекелеген гидромоторлармен жетектеледі және қарсы айналым режимінде жұмыс жасай алады. Жұмысшы тежелуі гидромоторға жеткізілетін сұйықтықты тоқтату арқылы жүзеге асырылады. Астаулық бұрылыс бұл машина маневрлігін арттырады, алайда бірқатар кемшіліктері де бар:
1. Протектор тозуының жоғарылауы;
2. Пневмодөңгелектердегі қысым тұрақтылығына қойылатын талаптардың артуы;
3. Қозғалыс жылдамдығының шектелуі;
4. Жұмсақ қаптамалардың бүлінуі.
Мини – тиегіштер сегментті шиналармен жабдықталуы мүмкін.
Гидросорапты күш құрылғысы оператор кабинасының артында орналасқан. Машинаның төмен отырғызылуы және артқы сектор көрінісін қамтамасыз ету қажеттілігі қозғалтқышты барынша төмен орналастыруды, бұл өз кезегінде оны төменгі жағынан қорғауды қажет етеді. Машина артқы жағынан бампер формасындағы қарсы жүкпен, ал қаптал бетінен кожухпен қорғалады. Жөндеу және қызмет көрсету кезінде машина түйіндері мен агрегаттарына жетімділік әдетте беткі панельдер мен кабинаны шалқайта ашу арқылы жүзеге асырылады. Барлық басқару органдары, сонымен қатар бақылау аспаптары мен апаттық индикаторлар фронтальды кіру бет жағна және оның үстіндегі жоғарғы панельдерде орналастырылған. Мини-тиегіш кабинасы міндетті түрде қауіпсіздік рычагымен жабдықталады. Оператор рычагты жылжытпай немесе жоғары қарай көтеріп қоймай орнынан тұра алмайды, бұл тұрақ тежегіштерінің қосылуын, қозғалтқыштың немесе барлық басқару органдарының тоқтауына алып келеді.
Тиімділігі былай бағаланады:
1. жүккөтергіштігі
2. жүк орнықтылығы
3. қызу динамикасы
4. тар және бұралаң жолдарда қозғалу мүмкіндігі
5. жүкті беру биіктігі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?