Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы

Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы

Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы.

Өнім сапасын басқару-тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Өнім сапасын басқару (ӨСБ) ісі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталады
-ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары сапалы түрлерін жасау мен игеру
-өндірістің жалпы көлемінде жоғары категориялы сапалы өнімнің, әғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлестік салмағын арттыру
-шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру
-заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру немесе жаңғыртып жетілдіру
-ұжымдар мен орындаушылардың жұмыс сапасын жоспарлы түрде арттыру
ӨСБ жүесін құру принциптеріне мыналар жатады
- өнімді жасау, енгізу мен жетілдіру
- басқарудың функциясы мен құрылымының проблемалық-мақсаттық бағытталуы

Өнім сапасын басқару---атқаратын функциялар жиынтығының мынадай белгілері бойынша егжей-тегжейлі жіті қаралады
а) мақсат түрлері бойынша—басқарудың стратегиялық, тактикалық және оперативті нұсқасы қызметтер мен тиісті мақсаттарына жетуіне орай
б) басқару процесі фазалары бойынша шешімді қабылдау, ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың істеріне
в) мақсат тобы бойынша—ғылыми-техникалық, өндірістік, экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың қызмет аясына
г) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша басқарудың міндетті қызмет аясына
Саланы басқарудың ұйымдық құрылымын құру ерекшеліктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
1. Саланы басқарудың міндетті қызмет аясының құрылымы дамыған және басқарудың жеке буындары арасындағы операциялардың бірқатарлығын бөлу кезінде функционалдық аралық және анық функционалды ұйымдастырушылық және өндірістік атқару құрылымдары буындарының іс-әрекетін үйлестіру қажет.
2. Басқ-ң дәстүрлі іс-әрекетін қолдану сапаны басқару істерінің шағын номенклатурасында ақталады және міндетті іс құрамын ұлғайту қажет болғанда тиімділігі мардымсыз болады
3. Көптеген жағдайда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін осы функцияны орындау үшін мамандандырылған қызмет құруды қарастыратын матрицалық түрдегі басқарудың проблемалық-мақсаттық нобайды қолданған жөн.


2.Сапаға қойылатын талаптар

Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсыбір өндіріс буынының немесе басқару деңгейінің артықшылыгы болып саналмацды. Сапа-шын мәнісінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.
А. Жағдайлар.
-тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау
-басшылықтың фирманы басқару жүесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы
-кемелге келу шексіз деген сенім
-олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн
-мүдделілік, жетекщі рөл және басшылықтың тікелей қатысуы
-фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық турде де, жекеше түрде де қатысуы
-адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару
-еңбекті мойындап, қадірлеу.

Сапаны шыгынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы—тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. “Тұтынушыдан асқан талап жоқ”
Б. Талаптар мынаған қойылады
-бақылау мен өнімді сынау жүесіне—сенімділік сертификаты
-өндірісті ұйымдастыру жүйесіне
-сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі
-сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету
-сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.


3.Сапа көрсеткіштері

Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
-әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері
-нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүесі
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:
ақау мен түзетулердің көлемі
жұмыс жүктемесіндегі қателер
жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті

Екінші топ—сапаны қамтамасыз ету
қате жасалған партия проценті
құрылымды өзгерту мөлшері
есеп айырысудағы және шоттарды рәсімдеудегі қателіктер
түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы

Үшінші топ—бухгалтерлік есеп:
мерзімі өткен төлемдер проценті
жаңылыс бухгалтерлік жазбалар
төлем тізімдемесіндегі қателер
ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру

Төртінші топ—маркетинг
болжамдық жорамалдың дәлдігі
қате толтырылған тапсырыстар мөлшері
мәмілелердегі қателер
ақпарат алу уақыты

Бесінші топ—ақпараттық қызмет көрсету
график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны
бағдарламадан табылған қателер
мәтінде өзгертілгендердің саны
ақпаратты алу уақыты

Алтыншы топ—сатып алу қызметі
артық қорлар
материал алу циклының уақыты
материалдардың жетіспеушілігі салдарынан өндірістегі іркілістер

Ә. Нақты позиция бойынша сапа көрсеткіштерінің жүесі.
Машиналардың сапасы—техникалық (қуаттылық, дәлдік,ресурстардың үлестік шығысы) сенімділігі; эргономикалық (қщлайлылығы, автоматтандырылу, қауіпсіздік) эстетикалық, экономикалық көрсеткіштер.
Жоба сапасы—сату кезінде жасалған түзетулер мөлшері.
Технология сапасы—бұрмалаулар саны.
Нарықтық экономика жағдайында өнім сапасының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді қанағаттандыру мен тығыз байланысты. Сондықтан өнімнің сапасы оның жиынтық қасиеттері ретінде анықталады және оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға себепкер болады.
Өнімге тән қасиеттерді сан жағынан бағалау сапа көрсеткіштерімен көрсетіледі. әдетте өнім сапасы көрсеткіштердің он тобынан қалыптасады;
-белгіленген мақсаттарынан
-сенімділігінен
-технологиялық жағынан
-стандарттау және сәйкестендіру
-эргономикалық және эстетикалық жағынан
-тасымалдауға қолайлығымен
-патентті және құқықтық
-экологиялық жағынан
-қауіпсіздік тұрғысынан.
Алғашқы 8 көрсеткіш, олардың сандық сипаты тұтынушы мен өнімді дайындаушы арасындағы келісім шарт арқауы болса, ал кейінгі екеуі—қауіпсіздік пен экологиялық – барлық елдерде ұлттық және халықаралық стандарттармен реттеледі және оларды сақтау міндетті.
Экономикалық көрсеткіштер өнімнің маңызды сипаты б.т. және сапа мен щығындарды салыстырумен бейнеленеді
Кi=Qi\ Cte
мұнда Ki -- сапаның интегралды көрсеткіші
Qi – өніьнің сапасы
Cte – сапа үшін шыққан шығындар, бұған сату бағасы, бұйымның қызмет еткен барлық мерзімі ішіндегі пайдалану бойынша шығындар.

Сапа мәселесінің көкейкесті болу себебі, қазіргі заманғы әлемде ол кәсіпорын жұмысының басты көрсеткішіне айналды. Жұмыстың сапа жағынан нәтижелілігі кәсіпорынның нарық жағдайында қалайша тіршілік етуін, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын, өндіріс тиімділігінің өсуін, к\о пайдаланатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуді анықтайды.
Өнім сапасы бойынша жұмыс-- әлемнің жетекші фирмаларының іс-әрекетіне тән белгі.

4Сапаны басқарудың шетелдік тәжірибесі.
Сапа мәселесінің барлық маңызын ең алдымен Жапония экономистері түсінді. Жапондық өнімнің жоғары сапсына жету жолындағы қозғалыстың негізін салушылардың бірі профессор Каору Исикава ‘Сападан үнемдеуге болмайтындығын, өйткені сапаның өзі үнем екендігін’ атап көрсетті. Доктор Исикава сапаны басқару әдістері негізінде барлық жерде бірдей және бір принциптер әр түрлі салаларда және әр түрлі елдерде қолданылуы мүмкін деп есептейді.
Басқарудың жапондық жүйесін әдістердің 2 негізгі топқа бөліп қарастыруға б\ды:
1 іс жүзіндегі проблемаларға қатысты
2 өнім сапасы проьлемаларына қатысты
Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген. Негізгі акцент жұмыс орнында сапаны бақылайтын адамдармен бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту үшін жасалады. Жапонияда жұмысшылар күрделі статистикалық әдістерді қолдануға қолы жетіп қоймай, оларды сапа проблемасы-- әрбір жапондықтың проблемасы деп нандырып, көздершн жеткізе алды. Сапаны басқарудың жапондық үлгісі—барлық фирмаларда президенттен бастап бірінші қызметкерлерге дейін орындайтын сапаны қамтамасыз ететін, біртұтас процесс б.т.
1967 ж тұжырымдалған сапаны басқарудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері әлі күнге дейін базалық б.т.
1. сапаны фирма деңгейінде баршаны қамтып басқару, бұған барлық қызметкерлердің түгел қатысуы.
2. сапаны басқару ауқымындағы кадрлардың біліктігін арттыру мен дайындық.
3. сапа төңірегіндегі қызмет.
4. сапаны басқару жөніндегі іс-әрекетті бағалау мен тексеру.
5. статистикалық әдістерді қолдану.
6. сапаны бақылау жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама.
Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде.
Сапаны басқаруды қалайша жүзеге асыруға б/ды? «Жоспарла—жаса—тексер--әсер ет» формуласына жүгіну керек. Бұл ‘ басқару аясы’ деп аталады. Ол дұрыс бағыт-бағдармен жүруге жәрдемдеседі. Және 6 сектордан тұрады, яғни іс-шаралардың 6 жиынтық кешені болжанады.
1. мақсаттар мен міндеттерді анықтау
2. мақсатқа жету тәсілдерін анықтау
3. кадрларды оқыту мен даярлау
4. жұмысты орындау
5. орындалған жұмыс нәтижелерін тексеру
6. тиісті басқарушылық әсер етуді жүзеге асыру


Сапаны қамтамасыз ету принциптері мынадай:
- бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету
- өндірістік процестерді басқаруға негізделген сапаны қамтамасыз ету
- өнімнің жаңа түрлерін жасау сатысындағы сапаны қамтамасыз ету


Ғылым мен техниканы алғы шебінде тұрған Жапония фирмалары мынадай міндеттер қояды:
- фирманың өркендеуі мен беделінің көтерілуі
- барлық қызметкерлердің күш-жігерлерін біріктіру, міндеттерді шешуге түгел қатысу, үйлесімді іс-әрекет жасайтын жүйе құру
- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу
- жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл
- сапаны тиімді әкімшілік басқару
- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр сабақтастығы
- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану

Басты қағида: « Фирманың бет-бейнесін қызметкерлер анықтайды»
Жер-жерлерде сапаны қамтамасыз ету саясатын жүргізудің ең бәсекеге қабілетті формасы сапа үйірмелері болып шықты.
Өнеркәсіптік жүйенің айрықша белгілерінің бірі—басқа елдердің тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын қолдану б.т.
Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі ұжымдық жұмыс арқылы адами қатынастарды тереңдету және өндірістік проблемаларын бірлесіп шешу.
Үйірме қызметінің негізгі 3 принцип жатыр:
- өндірісті жетілдіруге өз үлесін қосу
- жұмыс орнында жақсы қуанышты, көңілді рәуіш-күй жасау
- адамның шексіз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік беру ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?