Саясаттану ғылым ретінде

Саясаттану ғылым ретінде

Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады.
1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.
Саясаттанудың зерттейтін мәселесін қарастырғанда, ең алдымен “саясаттану ” ұғымынан бастаған жөн. Саясат ұғымы гректің “Politik” және “Logos”- деген сөздерінен шыққан. Біріншісі мемлекетік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі –ілім, ғылым деген мағынаны береді.Яғни, қорыта келгенде саясат туралы ғылым. Жалпы алғанда саясаттану дегеніміз- қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен заңдылықтары, қозғаушы күштері, және оны ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым.Дәлірек айтқанда, саясаттану-саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда саясаттану-саяси теориялар мен ойлардың бірыңғай жүйесі.
Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз- қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан, саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.

Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:
• қоғамның жалпы мақсатын анықтау
• қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
• қоғамдағы қатынастарды реттеу мен бөлу
• шешімдер қабылдау

Саясаттану ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі-белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізінде жүргізілді. Ал 18-ғасырдың аяғында буржуазиялық идеологияға негізделген саяси режим пайда болды.
Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, ғылыми-техникалық, әскери, экологиялық, демогрофиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр, тағы да басқа саясаттар.
Саясат әр түрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады.
Саясаттың ең басты мақсаты ол- оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір-біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады.
Саясаттың обьектісі қоғам болып есептеледі. Субъектісі- қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (топтар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір топтың екінші топты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, топтардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі- саяси қатынас мәселесі.
Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынас топтар арасындағы өзара қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелдік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезеңде объективтік қажеттілік. Мұнсыз қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес.Әдетте үстемдік жүргізетін тап - ол, қолында иелігі, қожалығы, билігі бар тап, ал ондайы жоқ тап тәуелді тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық негізі болып саналады. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтиды.Ал саяси мақсатты көп жағдайда өкімет мақсаты деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың өзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болса, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен алғашқы қауымдық құрылыста-ақ әлеуметтік өмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік-ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың өзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда өкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы - саясаттану болып табылады.



Саясаттанудың заңдарын 3 топқа бөлуге болады.
1. Саяси-экономикалық заңдар.
2. Әлеуметтік заңдар.
3. Саяси психологиялық заңдар.

Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принциптерге сүйенеді:

1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.
2. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.
3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.

Бұл бүкіл қоғамдық саяси процесті бірбүтін қозғалыс ретінде тануға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, саясаттану ғылыми танымының мынандай жалпы философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи-логикалық сабақтастық принциптері, абстракциядан деректілікке өту; жалпының, ерекшенің және жекешенің диалектикалық бірлігі принциптері.
Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар дегеніміз - әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданатын негізгі ұғымдар тізбегі.
Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси қозғалыс, саяси процесс, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси право, саяси үстемдік, саяси конфликт,саяси статус, саяси күрес, саяси бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси толғам, саяси болжам, саяси плюрализм, саяси тәжірибе, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-әрекет, саяси эмоция, саяси элита, саяси көсем және тағы басқа.Саясаттанудың танымдық мүмкіндіктері оның ұғымдық аппаратының қалыптасуы және дамуына ғана байланысты емес, сонымен бірге саясаттанудың жаңа білімдерді алу тәсілдерімен де байланысты. Барлық ғылымдардағы сияқты оған да әр төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән.

1. Жүйелік тәсіл. Бұл тәсіл саясаттануда зерттелетін құбылыстардың пайда болуы, оның даму барысы туралы шынайы бағдарламаларды жасауға көмектеседі. Жүйелік тәсіл арқылы экономикалық даму жүйесі мен қоғамның саяси жүйесі, урбанизация мен адамдардың саяси мүддесі, саяси белсенділігі, саяси партиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері мен сайлау жүйесі арасындағы өзара байланыстылықтар ашылады.
2. Бихевиористік тәсіл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мінез-құлықтарына талдау жасау арқылы зерттейтін тәсіл. Ол тиімді тәсілдердің бірі болып есептеледі. Өйткені, мұнда саяси құбылыстардың көпжақтылығын, көпмәнділігін, көпқырлылығын, ондағы қарама-қарсылықты, еркін саяси бәсекелер мен тайталастарды, бір сөзбен айтқанда саяси плюрализмді ескеруге негізделеді.
3. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі. Бұл зерттелетін құбылыстардағы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге және саяси процестердегі белгілі бір тұрақты заңдылықтарды негіздеу үшін маңызды рөл атқарады. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі әдетте сайлау процесінде, референдиум жағдайларында саяси институттардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың оң және теріс пікірлерін есепке алып, олардың саяси-мінез құлқы мен іс-әрекетін алдын ала болжап отыру үшін қажет.
4. Салыстырмалы тәсіл. Бұл кеңінен қолданылатын дәстүрлі тәсілдердің қатарына жатады. Бұл тәсілдің салыстыру объектілерін іріктеуде белгілі бір принциптерге сүйенеді.Салыстырмалы тәсіл әртүрлі саяси жағдайларды салыстыра отырып талдау арқылы әр елдің өз мемлекеттік құрылымына сай, экономикалық-саяси, мәдени-рухани жағдайына сай келетін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Саясаттанудың қызметі, оның алдына қоятын мақсаттарының екі жақтылы: танымдық және тәжірибелік сипатынан туындайды. Ең алдымен саясаттану, бізді қоршаған саяси ортаны шынайы танып-білудің құралы. Саяси орта әр азаматтың өмірлік мақсат-мұратына, мүддесіне, бағдарына тигізер ықпалы зор. Сондықтан адам бойында саяси болмыс туралы түсініктердің неғұрлым шынайы, дәлірек қалыптасуы, оның мақсат-мүдделерін қорғаудың және оны іске асырудың қажетті алғы шарттарының бірі. Саяси білімнің басты мақсаты – азаматтардың қоғамдағы күрделі саяси ортада дұрыс бағдар алуға, өз мүдделерін дұрыс түсінуге, қорғай білуге бостандықтары мен құқықтарын сақтай білуге, қоғамдық мүддені құрметтей білуге үйрету, тәрбиелеу.
Саясаттану қоғамда ерекше қызмет атқарады және ол мынандай факторлармен байланысты. Саясаттың ғылым ретіндегі қызметі біріншіден, саясат объектісін біртұтас әлеуметтік организм ретінде танумен оны мойындаумен байланысты. Яғни, саяси ғылым дүниенің біртұтастығын мойындауы қажет, бұдан таптық және жалпы адамзаттық мәселелердің біртұтастығы шығады. Екіншіден, саяси әрекеттің және оны ұйымдастыру принциптерінің сипатымен байланысты. Себебі, бұл әлеуметтік шындықты теория тұрғысынан тануына байланысты. Үшіншіден, саяси әрекеттер әдісін материалистік тұрғыдан түсінумен байланысты.
Саясаттану танымдық тұрғыдан алғанда теориялық-методологиялық қызмет атқарады. Қоғамның нақтылы тарихын зерттеу процесінде, оның белгілі бір тарихи кезеңінде үстемдік құрған саяси режимді саяси тұрғыдан талдауда және оған баға беруде теориялық-методологиялық база міндетін атқарады.
Саясаттану идеологиялық қызмет атқарады. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне сай келетін саяси идеяларды, құндылықтарды іске асыруды негіздеуде және уағыздауда үлкен рөл атқарады.
Саясаттану саяси-тәжірибелік қызметте атқарады. Мәселен, мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдар, сондай-ақ, құқықтық актілерді, қарарларды, бағдарламаларды қабылдауға алдын-ала ғылыми сараптардан өткізгенде саяси білімдерді қолданады. Сондықтан саясаттану саяси басқару құрылымдарына дер кезінде керекті ұсыныстар жасап отырады. Осы тұста саяси болжамның практикалық тұрғыдан маңызының зор екендігін айтуға болады. Мысалы, өткен тәжірибеміздегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саласында, ұлтаралық қатынастарды, мемлекеттік құрылыста, рухани-мәдени өмірде жіберілген кемшіліктер мен қиындықтарға себеп болған факторлардың бірі біздің елдегі саяси болжамдардың өз дәрежесінде болмауы деп айтуға болады.
Сонымен бірге саясаттану тәрбиелік қызмет атқарады. Демек, ол қоғамдағы болып жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер бере отырып, адамды отан сүйгіштікке, адамгершілік пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Саяси білімге баули отырып, субъектінің саяси сапасын, мәдениетін, белсенділігін, саяси сауаттылығын, саяси мінез-құлқы мен эмоциясын қалыптастырады. Саяси құбылыстардың мәнін түсінуге көмектеседі. Сондықтан, қазіргі жастарға саяси білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?