Психологияның міндеттері

Психологияның міндеттері


Психологияның салалары

Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің психоло-гиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инжинерлік, авиациалық, ғарыш психологиялары.
Педагогикалық психологиялық – адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олар-дың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым қатынастарды реттеудің түйіні мәселелерін қарастыра-ды. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтардаға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негізіндерінде қатысты мәселелерді қарастырады.
Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің және ауру- дың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Олмынадай бөлімдер-ден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психоформакалогиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және олардың тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады
Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарлар-ларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің басын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезендегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасында-ғы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психоло-гиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағы-нушылардың өзара қарым қатынасын, оларды даялаудың жағдайын, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық дярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психоло-гиялық факторларын зерттейді. әрбір ел мен халықтың спорт өнерін-дегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндетте-рі анықталады.
Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психо логиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму приципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі түрін қарастырамыз.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психика-лық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерт-тейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адам-ның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады.
Арнайы психология – бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олиго-френопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясы-ның дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Салыстырмалы психология – психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашы-лықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмде-рін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тойқаласқан жерін-де этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, кит-тер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуа-наттар құлқындағы туа пайда болатын механаизмдер зеттелуде.
Әлеуметтік психология – адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттей-ді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамында жалпы бұқаралық байла-ныстар:радио, теледидар, баспасөз, және т.б. кіреді. әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар көпшілікке тән тағамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психоло-гиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психо-логиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтарда-ғы психологиялық-жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашала-нып тұрақтаған топтардағы адамдардың бірігуі,олардың өзара қарым қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын асиоцияция-лар, корпарациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасын-дағы қатынастынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.
Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат - әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт- бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру басшылық ету ретінде қарастырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеу-меттік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.
Көркем, әдебиет пен ғылыми шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қзметі, өзіндік ерекшелктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады.
Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселе-лер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру және т.б.); адамдардың күнделікті өмірдегі сауалдардан(тұлғалар арасындағы дау-дамйларды шешу, эмоционал-дық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл – психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекшк атау. Психо-логияның тарихы мен әдәстемелерінің психикалық құбылыстыардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдәстерінің мәселелерін шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практика-лық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеу-дің нәтіжесі – психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.
Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұста-нымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарас-тыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшелктер, тұлғалар.

Психологияның принциптері

Детерминизм приципі

Детерминизм – психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Жануар психикасын – табиғи сұрыптау, адам санасының дамуын – қоғамдық даму заңдары, өндіріс әдісінің даму заңдары анықтайды.
Детерминизм психикалық және олардың мағынасы туралы сауалдармен байланысты. Психологиядағы детерминистік көзқарас диалектикалық-материалистік дүниетанымды меңгеру үрдісі кезінде дамыды. XX ғасырдың басындағы философиялық күресте детерми-низм мәселесі өзекті болды. Детерминистік көзқарас интропективтік әдістемені және оған сай психологиялық зеттеу ұғымдарын ығыстырды. Өзін-өзі бақылаудың объективтік әдіс ие болды. Объективтік әдіс – адамға не әсер ететінін анық білуге, осы әсерлер-ге сапалық және сандық сипат беруге, сыртқы реакцияларды, көріне-тін мінез құлықты тіркеуге, тітіркендіргіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасау саналады. Бұл концепцияның мағынасы мынада: психикалық үрдістердің табиғи механизмдері адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи-қоғамдық факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында түрленеді.
Қоршаған орта мен арақатынастар кезінде сыртқы дүниені қабыл-дайтын және оған қарсы тұратын саналы жай адам ғана емес, сонымен қатар объективтік шындықты белсенді қабылдатын және оны түрлендіретін, әрекет адам болатыны туралы идея детерминизм ұстанымын жүзеге асырудағы екінші кезең болды. Психикалық құбылыстардың қалыптасуындағы іс-әрекет рөлінің мағынасын С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев және т.б. атап көрсеткен.
Детерминизм ұстанымы психологиялық теориясы мен тәжірибе-сінде тағы бір мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Іс-әркекет пен сана бірлігінің приципі

Сана мен әрекет ұғымдары – психология ғылымының негізгі дәрежелері. Бұл принцип 30-жылдары жүйелі түрде жасала бастады (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов және т.б.).
Әрекеттің мінез құлықтың және сананың бірлігі туралы ережені алғаш рет Рубинштейн ұсынды. Ол былай деп жазды: “Әрекет пен сана – екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті – органикалық біртұтастықты құрайды”.
Бұл принцип маңызды әдістемелік мағынаға тез ие болды. Онда сананың іс-әрекетінсіз және іс-әрекеттің санадан тыс болуы мүмкін еместігі атап айтылды. Осылайша сананы әрекет арқылы зерттеуге мүмкіншілік пайда болып, сана мен психиканы объективті зерттеуге жол ашылды. Сонымен, сана мен әрекет бірлігінің принципі психологияның барлық объективтік әдістерінің негізі болды.
Бұл принципті енгізу, әрекеттің құрамы мен құрылымын ашуда теориялық және әдіснамалық мәселелерді тудырды. Сана психологиясындағы “психика – бұл ішкі, ал әрекет сыртқы” деген көзқарасқа тойтарыс беру керек болды. Шынында да психика, сана іштегі бір нәрсе емес, сондай-ақ әрекетті де, тек қана сыртқы деуге болмайды: ол сыртқы түрде болады, бірақ оның бұл түрі әрекетті біркелкі сипаттамайды. Жеке адамның барлық психикалық ерекше-ліктері мен санасы әрекетте көрініп қана қоймай, сонда қалыптаста-сады: тұлғаның психикалық қасиеттері – оның мінез-құлқының нәтижесі, әрі алғы оның шарттары. Бұл сана мен әрекеттің бірлігін білдіреді. Сана мен әрекет бірлігінің приципі ғалаымдарға мінез-құ-лықты, әрекетті мақсатқа жеткізетін ішкі психологиялық мәханизм-дерді анықтауға, яғни психиканың объективтік заңдарын ашады.
Даму принципі

Дамудың дәрежесі, философия негізі бола тұрып, психология ғылымының ұгымдар жүйесінде де жетекші болып саналады. Даму идеясы психологияға Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енді және баланың, ал кейінірек ересек адамның психо-логиясының қалыптасуына енгіз болды. Рубинштейн былыай деп жазды: “Психиканың дамуы біз үшін – зерттеудің тек қызықты сала-сы болып қана қоймай, сонымен қатар психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі немесе жалпы принципі де болды. Енді барлық құбылыстардың заңдылықтары олардың дамуында, олардың қозғалуы және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрістерінде ғана танылады”.
Психология үшін даму принципі ерекше маңызды, өйткені ол зерттейтін құбылыстар, Ломоносовтың айтуынша, “ерекше жоғары динамикалығымен” айрықшаланады. Психикалық құбылыс шынацы даму үдісі кезінде пайда болып, өзгереді.

Психологияның әдістері

Ұйымдастыру әдістері

Зерттеудің екі негізгі түрі түрі арқылы психика дамуының ерек-шеліктері мен заңдылықтарын білуге білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). Екуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемші-ліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді.
Р.Готтшальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті.
Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік әдістің ерекше-ліктері көбірек:
• Лонгитюдтік зеттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәлімет-терді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
• Ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір бала-ның дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
• Тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоне-нттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.
Психикалық дамуы көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамды-ғы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Эмприкалық әдістер

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе интроспекция және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл психи-каны өз-өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы прин-ціптің зерттеу әдістерінде қолданылуымен байланысты болды.
Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүгізілген жөн.
Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.
Бірінші негізгі талап – нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқару керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.
Бақылау айғақтарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылау-лар арқылы жорамалдарды қалыптастырантындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.
Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психикалық үрдістерді табиғи жағдайдайларда зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тәртібіне төмендегідей талаптар қойылады:
1. мақсат пен міндетті анықтау;
2. объектіні және жағжайды таңдау;
3. зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін бақылау әдісін таңдау;
4. бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;
5. алынған ақпаратты өңдеу және нәтижелеу.
Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері:бақылаушының көзқарасы, мақсаты психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау ңәтижесінде ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.
Эксперименттік әдіс. Эксперимент – себеп-салдар байланыста-рын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
1. зеттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
2. Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
3. Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
4. Эксперимент математикалық формулалар рақылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Экспериментті ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады:
Ι – зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:
• Зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,
• Зерттеудің пәні мен объектісін айқындау,
• Зерттеудің міндеттері мен жорамлдарын анықтау.
Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: 1) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін; 2) зерттеу объектісін; 3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін; 4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.
ІІ – зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айныма-лысы ретінде көрсетуі керек. Экспериметте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.
Эксперимент жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы тудыратын фактор тәуелді айнымалы деп аталады.
Эксперимент жобасы мыналарды сипаттайды: 1)эксперимент бағдарламасын құруы; 2)эксперименттік мәләметтерді өңдеудің матеметикалық жобасы.
ІІІ – эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушылардың реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.
ІV – анатикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін экспе-рименттің өзіндік бір нұсқасы болып, орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1910)ұсынған, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі танденциясы – зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқат-пен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада: зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәселелерін шешетін табиғи экспериментті психологиялық-педегогикалық эксперимент деп атайды.

Психологиялық тестілер
Тест деген ағылшын сөзі «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге ақыл ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест – күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандпртты, қысқа сынақ. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешесе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық үрдістер салдарынан болуы мүмкін. Тестінің шешілуінің немесе шешілмеуінің сыртқы айғағы сәйкес психикалық актілердің ішкі табиғатын әлі айқындамайды. Алғашқыда тестер арқылы сыртқы мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізінде тұлға туралы қорытындылар жасауға тырысты.
Дегенмен мұның бәрі тестілеудің зерттеуде тиімсіз екенін білдірмейді. Қазіргі уақытта тестілеу әдісін басқа әдістермен бірге психологияда қолданады. Оның көмегімен белгілі бір қабілеттілікті, іскерлікті, икемділікті анықтауға, тұлғаның кейбір қасиеттерін тура сипаттауға, қандай салада жұмыс істеуге бейім екенін анықтауға және т.б. жүзеге асуда.
Тестінің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперимент деңге-йіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты болады. Жеткілікті негізделмеген және тексерілмеген психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық қателіктердің себебі болуы мүмкін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?