Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Генетикалық психология

Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Генетикалық психология

Психикалық процестердің атқаратын міндеті қандай? Бұл әрекетті өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру - сигналдық және реттеу қызметтері. Психикалық құблыс жауап әрекетті өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөніндегі ақпарат келіп түсуші, сақталушы, және өңделуші мидың белгілі бөлімдерінің қасиеті, қызметі. Психикалық көрністер бұл мидың сыртқы және ішкі әсерлерге жауабы, яғни психикалық құблыс - бұл нақ осы мезетте, өткен тәжірибеде болған, осы әсерлерді қорытындылап немесе олардың нәтижесін білуге жәрдемдескен тітіркенгіштерге жауап әрекеттерді реттеуші механизм. И.М.Сеченов ғылымға психиканың рефлекстігі мен іс - әрекеттің психикалық басқарылуы жөніндегі идияны қосты.
Іс - әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің экспериментальдық негіздемесін И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты. И.П.Павлов Сеченовтың психикалщқ іс - әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы таәылымның дұрыстыәын дәлелдеді, психикалық құблыстың негізгі физиологиялық заңдарын ашты, әылымының жаңа саласы жоәары нерв қызметіиің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады. Организмге әсер етуін тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Осы байланыстарды пайда ету бас ми қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байланысы ми қызметі ретінде психикалық іс - әрекеттің қай бірінің болмысын негізгі физиологиялық механизмі болып табылады. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей, ешбір психикальіқ құблыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық процесс пен қалған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс әсерлерге жауап сипатындағы сырттай көрніс берген әрекет. Психикалық қызмет осыдан объективтік дүние заттары мен құблыстарының әсерінен туындаған мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтірілген тұжырымдардың бәрі объектив шындықты бейнелеу механизмінің мәнін ашып отыр. Сонымен, жоғары жүйке қызметі жөніндегі таәлимат психикалық құбылыстарды материалистік тұрәыдан түсіндірудің жаратыл-ыстану ғылымымен сабақтас-қан ірге тасы.
Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс - әрекеттің физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құблыстың физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құблыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтас-тығының ми тарапынан басқарылып, реттелу заңдылықтары жөніндегі И.П.Павлов тұжырым-дарының жиынтызы екі сигналдық жүйе теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типі бойынша қылық-әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін атқарады. Жануарлар өз әрекет - қылығында И.П.Павлов бірінші сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетікке тәуелді. Жануарлардың барша әрекет болмысы бірінші сигналдық жүйе деңгейінде орындалады.
Іс - әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам өмірінде де үлкен маңызда ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшілігі; онда бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни «сигналдар сигналы», -деген сөз.
Сонымен, психика - ми қасиеті. Түйсік, ой, сана - ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғарғы өнім туындысы. Организмнің психикалық әрекеті көптегең дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айландырып, іс - әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері - бұлшық еттерді әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология: дағдарысы.
XX ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс - экономикалық талаптарына орай сана психологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орынқтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет - қылықтар эксперименталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.
Бихевиоризм - XX ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет - қылықты зерттеу, деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет - қылығы сыртқы орта әсеріне болған организмнің кері жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.
Гештальтпсихология - XX ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофмен, К,Левин. Гештальт-психология механикалық жаратылыс-тану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттар «элементтер психолдгиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Сонда, бұл дыбыстар бір - бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «әуен» ретінде қабылданды.
Генетикалық психология.
Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология тероиясы психология ғылымының кең өріс жаиған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже гениетикалық әдісті психологиялық болмысты таңуда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл - есінің қалыптасуына назар аудара тырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яәни интеллекттік күрделі ақыл естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі-баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл – естің өрістеу тұғырын интеллекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен - өзі бітбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдаләан сайын оның санасының жан - жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.
Генетцкалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы - кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік - қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

Тест сұрағы.
1. Генетикалық психологияның зерттеулер аймағы-
а) ересектер психикасы
б) балалар психикасы.
в) жануарлар әрекет - қылығы
г) сана мен әрекет байланысы
д) адам интеллекті
2. Адамды тану үшін сананы емес, әрекет қылықты зерттеу қажет деп білген психологиялық бағыт-
а) когнитивтік
б) гуманистік
в) гештальтпсихологиясы
г) бихевиоризм.
д) генетикалық психология
3. Американ ғалымы Э.Торндайк бастауын салып, дамытқан психологиялық теория-
а) генетикалық психология
б) тұңғиық психологиясы
в) гештальтпсихология
г) бихевиористік психология.
д) гуманистік психология
4. Психикалық бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарған психологиялық теория-
а) бихевиористік
б) гештальттық.
в) гуманистік
г) генетикалық
д) прагматистік
5. Швейцария ғалымы Ж.Пиаже өрбіткен психология-лық теория-
а) гуманистік
б) генетикалық,
в) бихевиористік
г) когнитивтік ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?