РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСАТ ПЕН ЭКОНОМИКА.
Рынокқа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай да негізгі шараларды орынлдау керек ? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің ауырпатылқтарын жеңу де оңайға түспейді.Реформалар үшін терең ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін, оған шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытта дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжирибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылау қажет, содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастацу керек. Өтпелі кезеңді бастан көшіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: «Қирату (бұзу, жаңадан жасау емес)».
Экономикалық көзқарас тұрғысынан рынокқа өту ең алдымен меншік қатынастарына байланысты және осы негізде жаңа кәсіперлік құоылымдарды дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар (мемлекеттік, кооперативтік) жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке меншік туралы пікірталастар мен қорытуларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдер тәжірибесіне де сүйену керек.
«Меншік » түсінігіне қбьективті ақиқат тұрғысынан қарау адамдардың іс-әректін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, меншік – адамның жеке қасиеттерінің материалданған көрінісі, меншікті пайдалану арқылы ол қоғамға тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне, осы жерде әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелік қалыптасып, бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға шынайылық пен әділеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік түрлерінің өмір сүруін шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара бәсекеге түсу арқылы өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді.

Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде
В.И.Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғ-ң 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде «Нарық жайлы әңгімелесу» реферат және «Каптиализмнің Россияда дамуы» ғылыми еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектерінде В.И.Ленин нарықтың мәні мен ролі жайлы жазды. «Нарық» ұғымын – Лениннің айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды».
«Нарық» - белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту,шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатаынастар жүйесінің сипаттамасы».
«Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді , бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ піікр:нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар өатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экоеомикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақшф қатынасы болатындығы айқындалады.
«Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, тек қатаң бәсекелестік ортада барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсыныстың тұрақты әсерінде болады»
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:ішкі (ұлттық) нарық, еларалық,аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежізілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық - түгел алып қарағанда елдің ұлттық нарығы:өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмышы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату – сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатаынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:дамыған нарық, қалыптасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
a) Мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
b) Олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
c) Мнополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәскелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде ле бағаны кең өрісте вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
«Сатушы нарығы» және « сатып алушы нарығы» болып та жіктеледі.«Сатушы нарығы» деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. « Сатып алушы нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін » сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады:нан-бәлішке өндірунарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз:тігін, тоқыма тауарлар, бас киім мен шүлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасау бір-бірімен байланыста және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.

Адамзат қызметінің аясына байланысты жалпы ұлттық ішкі нарықты шарты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары – өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күшін ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит мен несиеге проценттік өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықты экономиканың барометріне әрі айнасына айнплдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм «санациялық» қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалп, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70% солардың өндірген құраса, онда кәсіпорын қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектң материалдық ынталандыру экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.
Үй шарушылығы материалдық және адами ресурстарды өткере отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажеті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекетті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды және ресерстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фмрманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

Өндіріс шығындары Ақшалай табыстар


Ресурстар ресурстар (еңбек, капитал,
Жер,кәсіпшілік)

салықтар салықтар

Мемлекеттің қыз трансферлік
мет көрсетуі төлемдер


Мемлкет-ң тауарлар мен
сатып алуы қызмет көрсету
төлемдер ресурстарды
төлеу
жинақ қоры жинақ қоры


несиелер несиелер
тауарлар мен қызмет көрсету тауарлар мен қызмет көрсету

ақшалай табыс тұтынушы шығындары

Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажеті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферлік төлемдерді төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтық инфрақұрылым

Аукциондар Консультациялық-делдалдық
Фирмалар
Биржа мен брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлық
Компаниялар
Коммерциялық орталықтар және
сақтандыру қорлары Жарнамалық-ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары Сладтық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық
Баға мен сстандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау
инспекциясы Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері Өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы
Тұтынушыны қорғайтын қоғам және басқалары

Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.
Инфрақұрылым – бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қыщмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар,жәрмеңкелер және т.б. жатады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?