Отарлық империялардың құрылуы Голландия Англия

Отарлық империялардың құрылуы Голландия Англия

Голландиялық отарлық империяның пайда болуы.

Голландияда (Нидерландияда) басқа европалық мемлекеттерден бұрын тарихтағы ең бірінші 1566 - 1609 жылдардағы жеңісті буржуазиялық революциядан кейін капиталистік құрылыс орнады. Мемлекеттің экономикалық күші мен «Ұлы Армададаның» (1588) жоюылуынан кейін теңіздерде билік ете бастаған флотының күшіне сүйене отырып, голландық буржуазия әлемнің әр түрлі жерлеріндегі территорияларды жаулап ала бастады.
1595 жылы Ява аралына бірінші голландық сауда экспедициясы келеді. Осы әрекетпен Голландияның Индонезиядағы отарлық экспансиясының басы қаланды. 1600 жылы бұған дейін португалдықтардың иелігінде болған Маврикий аралын жаулап алды. 1602 жылы пайда болған голландық Ост - Инд компаниясы отарлық басып алуларда ерекше маңызды роль атқарды. 1619 жылы ол кейін аты Батавияға өзгертіліп, Шығыстағы Голландиялық отарлық империясының орталығы болған Джакартаны жаулап алады. XVII ғасырдың алғашқы екі онжылдықтарында бұл компания Индостан мен Сиамның Шығыс жағалауындағы тірек пункттарды жаулап алады. Голландия сонымен қатар Жапониядан португалдықтарды ығыстырып жіберіп, осы мемлекетпен сауданы өз қолына алады. 1638 - 1658 жылдардағы португалдықтармен табан тірескен күрестен кейін, голландықтар Цейлонда бекітіледі.
1641 жылы Ост - Инд компаниясы бұған дейін португалдықтардың тәуелділігінде болған маңызды стратегиялық пункт - Малакканы жаулап алды. Малаккамен иелік ету оған Индонезиямен саудамен контрольді, Қытай мен Жапонияға енуін қамтамасыз етті. 1652 жылы голландықтар Оңтүстік Африкадағы тірек пункттарды жаулап алды. Голландия Үнді мұхитына қарайтын елдердегі Португалияның орнын басып алады.
Голландия Жаңа Әлемді отарлауда да көптеген сәттіліктері болды. 1609 жылы Ост - Инд компаниясы Солтүстік Америкаға ағылшын теңізшісі Гудзонның басқаруымен экспедиция жібереді. 1621 жылы құрылған Ост - Инд компаниясы бұл жерде Жаңа Амстердам қаласымен Жаңа Нидерланды отарын қалайды. Оңтүстік Америкада компания Португалдық Бразилияның барлық жерінде билігін орнатады (кейін 8 млн. гүлденге ол онымен «құқықты» португалдықтарға береді). XVII ғасыр голландық отарлық гегемониясы периоды болды. Осы ғасырдың ортасында Голландия сонымен қатар, басқа мемлекеттер арасында сауда, кеме қатынасы мен кеме жасау салаларында бірінші орында болды. Голландық флоты Англия флотының кеме санынан шамамен он есе артық болды.
Отарлық елдерді қанау, билікке келген Голландия буржуазиясының қалаған экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болды. Ян де Витт, көрнекті голландық саяси қайраткер және отарлықтың алғашқы идеологтарының бірі, өзінің «Саяси ережелерінде» отарлар, сауда және өндіріс «Голландия күші сүйенетін, үштік» болып тұрған уақытты жар салады.
XVII ғасыр голландық отаршылары өздерінің ізашарларына – Пиреней түбегінің феодалдық мемлекеттердің конкистадорларына қарағанда, тарихи әлде қайда прогрессивті классқа жатқанынымен, соғысу мен тонауда олардан ешқандай айырықшылықтары болмады. Индонезия халықтарына өз билігін орнатуда оларды ештеңе тоқтата алмады. Ост - Инд компаниясының билігіне Амбойна мен Банда аралдарын бағындырған оның агенттерінің бірі Ян Питерзон Кун қатыгегез болғандығы сонша, бір голландық профессордың сөздері бойынша, «барлығы, тіпті компания басшыларына дейін, Куннің өз хаттарына қосқан өлім жазалары сипаттамаларын оқығанда қатты шошынған».
Ост - Инд компаниясының күштерімен, Ява ірі құлсатушылық орталығына айналды. Феодалдық Португалия мен Испанияда отарлық империялар құрылған кездегі, өткен дәуірдегідей, Азия, Африка, Америка мен Океания елдерін европалық елдердің буржуазиясы жаулап алынып жатқан жаңа уақытта да, отарлықпен бірге құлсатушылық та қатар жүрген.

3. Англия отарлық империясы құрылуының алғашқы периоды

Шамамен Голландиямен бір уақытта Англия да отарлық экспансия жолына түседі. Португалия мен Испания отарлық гегемонияларына қарсы күресте үкімет қолдап отырған ағылшын пираттары да үлкен роль атқарды. «Патша пираттары» Фрэнсис Дрейк, Уолтер Рейли, Блейк тағы да басқалары Испания мен Португалияға айтарлықтай күшті соққылар береді. XVI ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында Дрейк экспедиция басқарып, Флорида, Чили, Перу мен Калифорния жағалауларындағы бірқатар Испания қалаларын тонайды. Экспедиция Англияға Тынық пен Үнді мұхиттары арқылы, Магеланнан кейін екінші жер шарын айналған саяхат жасағаннан кейін оралады. Өз еңбектері үшін пират Дрейк адмирал атағын алады.
Пираттар Англия отарлық империясының ең бірінші қалаушыларының бірі болды.
XVII ғасырдың соңғы онжылдығы ағылшындардың Африкаға кірулерінің басы болды. Оның батыс жағалауында (Гамбияда) құлсатушылыққа «қызмет көрсету» үшін ең бірінші ағылшын тірек пункттары («факториялар») құрылды.
Голландық компанияларының біріккен Ост - Инд компаниясына қосылуына дейін екі жыл бұрын ағылшын Ост - Инд компаниясы құрылады (1600 жылы). 1609 жылдан бастап, ол патша жарлығымен Үнді мен Тынық мұхиттарында саудаға «мәңгілікке» монополиялық құқығын алады. Алғашқы уақыттарда голландық пен ағылшын Ост - Инд компаниялары Португалияның Шығыста үсемдігіне қарсы бірге күрескен болатын. Голландықтардікімен қатар ағылшын қоныстары Солтүстік Америкада да пайда бола бастайды (1607 жылы ол жерде бірінші ағылшын отары Виргиния қаланды).
1609 жылы ағылшындар Бермуд аралдарын басып алды. XVII ғасырдың бірінші жартысында олар Кариб бассейніндегі бірқатар аралдарды (Барбадос, Антигуа, Монсеррат т.б.) және кейін Британдық Гондурас атанған Орталық Америкадағы территорияны жаулап алады. Осылай Англия өзін Испандық Америкаға жолдарында жатқан стратегиялық маңызды территориялармен контролін қамтамасыз етеді. Бірақ, жалпы алғанда, XVII ғасырдың бірінші жартысында Англия Голландиядан отарлық басып алу масштабы бойынша қатты артта қалады. Тек XVII ғасырдағы буржуазиялық революциядан кейін Англияда капиталистік құрылыс орнағаннан кейін ғана ағылшын отарлық экспансиясы басталады.
Англия мен Голландия арасында отарлық тонау мен сауда салаларында қайшылықтар басталды. Англия Голландияның отарлық пен сауда үстемдгіне қарсы күрес бастады. 1651 жылы Кромвельдің «Навигациондық актімен» голландық сауда мен теңізде жүзуіне ауыр соққы береді. Содан кейін отарлық пен сауда гегемониясы үшін ең бірінші соғыстар – англо - голландық соғыстар басталды. Үш соғыс нәтижесінде (1652 - 1654, 1665 - 1667, 1672 - 1674) Америка жерінде Англия Голландиядан шешуші жеңіске жетті. 1665-1667 жылдардағы соғыс барысында ағылшындар голландықтардан Солтүстік Америкадағы маңызды территориялар мен тірек пункттарын, соның ішінде кейін аты Нью - Йоркке өзгертілген Жаңа Амстердамды жаулап алады. Англия сонымен қатар Үндістанның жағалауында орнығады.
Голландиямен күресте Англия тағы да бір қауіпті бақталас - абсолютистік Францияға тап болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?