Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
“Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп жазады М.Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты”.
Мұсылмандық діннің еуроазиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістерге ұшыралы. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік түрде тұтасты.
Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние – біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.
Түрік халықтарының мәдениетінде Аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған.
Қазақ халқының ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы материалдық мәдениеті көшпелі тайпалар мәдениетінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.
Қазақ хандары Керей, Жәнібек және олардың ізбасарлары Түркістан, Сауран сияқты қалаларды мәдени, экономика орталықтары ретінде ұстап тұруға күш салады. Хақназар хан XVI ғасырдың 70-жылдарында Яссыны өзіне қаратты. Есімхан оны астанасы етіп, мәдени, саяси өмірді шоғырландырды. Түркістан маңында бау-бақ өсіру, суармалы егіншілік дамыды. Қала сауда-айырбастық ошағына айналды. Мұны Қазақ ордасына келген орыс елшілерінің жазбасы да қуаттайды. "...Тәуке ханда астық, бидай, арпа да, тары да көп шығады, ал астықтан күздік және жаздық бидай егеді" - деп хабарлайды В.Кобяков.
Қазақтардың тұрғын үйлері. Қазақ халқының тұрғын үйі - киіз үй материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол қысқы және жазғы болып бөлінді, үлкендігі және құрылысы жөнінен бір-бірінен айырмашылығы болды.
Киіз үй - ағаш және киізден дайындалатын, ағаш керегелерден, шаңырақтан, уықтардан тұратын жиналмалы тұрғын үй. Киіз үйдің үлкен-кішілігі қанаттарының (керегелер) санына байланысты болады. 12 қанаттан тұратын киіз үйдің ауданы 100-120 шаршы метрге тең болған. 12-15-18 қанатты киіз үйлерді XII ғасырдан бастап пайдаланған. Әрбір кереге 36 сағанақтан тұрған. Керегелер тор көз, жел көз болып екіге бөлінген. Оңтүстікке қарап ашылатын есік "сықырлауық" деп аталған. Керегелер сырты тоқылған шимен жабылған. Сырты киіз "туырлықпен", одан жоғары орналасқан уықтардын, үсті "үлеспен", шаңырақ үсті киіз "түндікпен" жабылған. Аталған киіз бөліктер әр түрлі түсті "белдеулермен" бекітілген. Киіз үйдің іші кілемнен, киізден, тоқыма әдісімен дайындалған басқұрлармен, баулармен бекітілген. Өздерінің қолданылуына қарай киіз үйлер үшке бөлінген. Қонақ қабылдауға арналған салтанаттық киіз үйлер ауданының үлкенділігімен, әдемілігімен ерекшеленген. Салтанаттық киіз үйлер кемінде 12 қанаттан тұратын болған, үстін жібекпен, ақ киізбен көмкерген. Өте әдемілігімен тойға арналған киіз үйлер - отаулар ерекшеленген. Күнделікті тұрмысқа арналған киіз үйлердің аудандары да шағын болған. Оларды көшіп-қонған кезде бір түйеге артып жүре беретін болған. Сонымен қатар қазақтар тұрғын үй үшін күркені және күймені пайдаланған.
Киіз үйдің ортасына тамақ дайындау үшін және салқын кезде үй жылыту мақсатымен ошақты орналастырған. Есікке қарама-қарсы қонақтар мен құрметті адамдар үшін төр болған. Есіктің екі жағы босаға деп аталған, оң жақ босағада ыдыс-аяқ, құрал-сайман, сол жақ босағада ат әбзелдері сақталған. Босағадан оң жақта үй-иелерінің кереуеті орналасып, ол шымылдықпен бөлінген. Киіз үйдің ішкі жасауы әр түрлі ағаш, тері дүниелерден, кілемдерден, шиден, киізден тоқылған заттар мен нәрселерден түрған. Киізден дайындалған текеметтер, сырмақтар, түкті кілемдер түрлі-түстілігімен, ою-өрнегімен, әдемілігімсн көздің жауын алатын болған. Қабырғаға ілінетін ою-өрнекпен, тігіспен әдіптелген киіз-кілем түскиіз деп аталған.
Ыдыс-аяқ және ас-су құралдары ілінетін аяқ-қаптарда, екі қалталы қоржындарда, киіз жәшіктерде (шабданда) сақталған. Ағаш заттар - жүк аяқтар, ас салатын кебежелер, көркем оюлармен әдеміленген.
Жықпалы, тікпелі байырғы киіз үй қазақтардың ең қолайлы баспанасына айналды. Киіз үй жабыннан және оның сүйегінен (ағашынан) құралады. Жабынына - туырлық, үздік, түндік, есік аталатын киізі жатты. Сүйегіне шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық (есік) делінетін ағаш қаңқасы жатты. Кереге түйенің шикі таспасынан жасалған "кереге көгі" деп аталатын таспамен ұстатылады. Керегесінің санына қарай киіз үй алты, сегіз, он, он екі қанатты деп, сырт көрінісіне қарай: ақорда, қоңыр үй, қараша үй, отау, абылайша, т.б. деп аталды. Мұнымен бірге, арба үстіне орнатылатын жылжымалы үй түрі де болды. Ол туралы Рузбехан Исфаһани: "қазақ үйлері арба түрінде жасалып, доңғалаққа орнатылады, түйе, ат жегеді. Осы арбалар керуендегі түйедей түзіліп... көшіп отырады... арбалар жүздеген моңғол фарсангісіне созылып жатады деп" жазады. Жылжымалы үйдің жеділ түрі "Қозы Көрпеш", "Қыз Жібек", "Қобыланды" жырларында сән-салтанат үйі - күйме түрінде суреттеледі.
Шошала қыста тұратын үйдің ең ескі түрі болды. Формасы жағынан киіз үйге үқсас, жартылай жертөленің төбесі сүйірлене шығарылып, құрылыс іргесі жерге 50-60 см қазылып салынды. Екі-үш бөлмелі болды. Таулы жерлерде тастан қалап тұрғызылды. Аумағы төрт қанатты киіз үйден аспайтын еді. Бұлармен бірге халық шым, кірпіш, балшық, қамыс, ағаштан жасалған аласалау үйлерде де тұрды. Бұл үйлердің ауыз үй деп аталатын кіре беріс бөлмесіндс ас дайындалды, жас төлдер ұсталды. Ертіс, Алтайда мұндай 2-3 бөлмелі үйлер көбіне ағаштан, Сыр бойында қамыс, балшықтан, т.с.с. жерлерде құрылыс материалының жағдайына қарай салынып отырды. Мұндай қыстаулар әдетте ықтасынды отын-суы мол жерлерге орналасты.
Қысы-жазы бірге көшіп-қонып жүретін үйлер ауыл делінді. "Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік" деген мәтел оның қоғамдық сипатын аша түскен. Ауыл алғашқыда аталастық, туыстың жақындыққа қарай құралғанмен, кейін келе бұл шарт орындалып отырмаған. Оған басқа рудың адамдары да келіп, қоңсы, кірме болған. Онда 5-6 үйден, 10-15 шаңыраққа дейін түтін тұрды, ауылдастар бірге кешіп, бірге қонды.
Қазақтардың киімі.
Қазақтардың ұлттық киімдерінен, олардың экономикалық, ауа райы және халықтың жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері көрініс тапты. Киім шұғадан, жүн мен жібек маталардан, киіз бен теріден дайындалды. Құландардың, киіктердің, жолбарыстардың, жанаттардың, бұлғындардың суырлардың терілері мен елтірілері қымбат бағаланды. Теріден тон тігілді. Қымбат бағалы аң терісінен тігілген тондар ішік аталған және олар бір-бірінен тысына байланысты ажыратылған: жібекпен тысталған тон — бас тон, көк шұғамен — көк тон, парчамен - барша тон деп аталды. Ұзартылған, құлын терісінен жағасы бар тон жарғақ тон деп аталды. Шалбарлар теріден, шұғадан және басқа маталардан тігіліп, кестелермен көркемделген. ХУ-ХҮІІІ ғасырларда жұқа киізден дайындалған жеңсіз ер адам киімі "кебенек" кең тарады. Оны жоқ-жітік адамдар, қоңсылар, кірмелер кисе керек. "Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді" деген халық мәтелі соны меңзейді.
Киімдерді дайындау үшін қазақтар негізінен үй жануарларының жүнін, терісін пайдаланған. Көбіне қой терісін, құлын және ешкі терісі іске асырылған. Жүннен жүқа киіз басып, одан әртүрлі киімдер, бас киім және аяқ киім дайындаған. Сырттан әкелінген қағаз, жібек және жүн маталар көшпенділер арасында ерте замандарда қолдыныла бастаған. Қазақстанның түрлі аудандарында (Атырау облысы, Сарайшық), (Ертіс бойы, Боброва, Королевка) жүргізілген археологиялық қазбалар қазақтардың ХУ-ХУІІІ ғасырларда жібек маталарды киімге кең пайдаланғанын дәлелдеді. XVIII ғасырға дейін маталарды қазақ даласына негізінен Шығыс Түркістаннан және ортаазиялық хандықтардан, басқа елдерден де әкеліп отырған.
Ер адамдар үстеріне матадан, жүннен тігілген жейде, көйлек, шекпен, шапан, қамзол, тон, т.б. киімдер, бастарына берік, қалпақ, тымақ киді. Қыста түйе не қой жүнінен тоқылған, қалың матамен тысталған күпі, тон, құлын терісінен тігілген жарғақ, кең шекпен, аң терісінен тігілген ішік киеді. Иленген ңой терісінен жүнін ішіне қаратып шалбар, жазда мата шалбар, не ешкі мен киіктің әбден жұмсарта иленген терісінен шалбар тікті. Қыста құлағын, арқасын жауып тұратын шошақ тымақ, боранда тымақты бастыра жалбағай киді. Жазда биік киіз қалпақ жасатып киді.
Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен діннің таралуы.
Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды.
1. Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымының дамуы мен патшалығы – Үндістан.
2. Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы Иран мен Византия.
3. Сәугіліктер патшалығы немесе жыртқыш аңдар патшалығы – Түрік қағанаты.
4. Адамдар патшалағы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы – Қытай.
Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері әдеюиет туындылары тараған Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның ндері болды. Бағдатта наурыз мерекесіне халифаттың алдында маскалы ойын сауық өткізілген.
Сырдариядағы Кедер қаласынан Х-ХІ ғғ. жататын саздан жасалған маска табылды.
Ұлы Жібек жолының бойы мен дін таралды.
Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады.
Христиан діні – Сирия, Иран, Аравияжан келіп, Қазақстанда бұл діннің несторияндық бағыты тарады. (VII-VIII ғғ.)
Манихейлік дінде – соғдылықтар таратты.
Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).
Ислам діні VIII-ІХ ғғ. Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ол алғаш рет Қарлұқтар арасында таралған (760 ж).
Ең алғашқы мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды.
Ақ Орда
Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ – ХV ғғ. басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ақ Орданың негізін қалаушы – Орда Ежен (1226-1280).
Мұрагері Ерзен хан (1315-1320жж.) тұсында.
Қала өсіп, қолөнер өркендеді.
Сауда дамыды.
Ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды.
Ислам дінін нығайтып, мешіт, медреселер ашты.
Көшпелілер қой мен жылқы, түйе өсірген, жекелеген аудандарда ірі қара мал шаруашылығы дамыды.
Мәселен ноғайлар мен қарақалпақтар батыс пен оңтүстіктегі өңірлерде, өзен жайылмалары мен тау баурайларында сиыр өсіреді.
Мал өсіру шаруашылығы эволюциясының барысында, оның іріктеліп- сұрыпталып шыққан; көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы сияқты Қазақстан жерінде қадым замандардан бері олар сүріп келе жатқан үш түрі ғасырлық бойы өзгермей қалды деуге мүлде болмайды ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?