Экономика | Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

Экономика | Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

Бұрынғы КСРО-ның табиғи ресурстарының 60%-ын иемдеп, Қазақстан осы қорларлың көмір, мұнай, газ және металлдарды пайдаланудан табыс алуды көздеп отырған көптеген халықаралық ұйымдардың назарын аудартты. Қытай мен Батыс арасындағы пайдалы сауда жолы болып табылатын бұрынғы Жібек Жолының тоғысында орналасқан Қазақстан Азия Жолбарысы мен Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттер интеграциясының табиғи орталығы бола алады.
Кең мүмкіншіліктеріне қарамастан, еліміз жоғары деңгейге жету үшін көптеген кедергілерден өтуге мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО-ның құлауы мемлекеттің реттеуші жүйелердің күйреуіне, бақыланбайтын инфляцияға және қаржы қорлардың таусылуына әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясына және әлсіз заң негізіне тап болды.
Бірақ, соған қарамастан, реформалау саласындағы прогресс бүкіл әлемде мойындалды: критиктер сыртқы қаржы және нарықтық өзгертулер арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын байқады. Реконструкция және дамудың халықаралық Банкі, Әлем Банкі, Азиялық Даму Банкі, халықаралық ақша қоры және шетел инвестициялардың үздіксіз ағымы халықаралық қаржы әлемі Қазақстан экономикасына сенетінін көрсетті.
Осылайша, шетел инвестициялар Қазақстан экономикасының тұрақтылуы мен дамуында маңызды роль атқарып, олардың көмегімен өндіріс дамуын реттеу, жаңа технологиялар жасау, елдің артта қалған аймақтарын қайта құруға болады.
Инвестицияларға табыс алу және жағымды әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша, банктік салымдар, акциялар, бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа мүліктер немесе меншіктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар жатады.
Салымдар объектісіне сәйкес инвестициялар 3 түрге бөлінеді:
1. мүлікке салынатын инвестициялар (материалдық инвестициялар) – бұл тікелей өндіріс процессіне қатысатын инвестициялар (құрал-жабдықтар, ғимараттар, материалдық қорлар инвестициялары т.б.);
2. қаржы инвестициялары – қаржылық мүліктерге салымдар, ұйым немесе фирманың іскерлік қызметіне араласуға құқық алу (акциялар немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алу);
3. материалдық емес инвестициялар – материалдық емес құндылықтарға салынатын инвестициялар (кадрларды даярлау, зерттеу жұмыстарына, жарнамаларға салынатын инвестициялар).
Сонымен қатар инвестициялар:
• портфельді инвестициялар – дивидент алу және шаруашылық субъектіні басқаруға қатысу мақсатында бағалы қағаздарға салымдар. Портфель бағалы қағаздар немесе басқа активтерді сатып алу арқылы қалыптасады. Біртектес бағалы қағаздар немесе түрлі инвестициялық құндылықтар (акция, облигация, сақтандыру полисі, депозиттік сертификаттар) портфельге кіре алады.
• Тікелей (нақты) инвестициялар – бұл мемлекетке немесе жеке фирманың белгілі бір өнім өндіруге салынатын салым. Тікелей инвестициялар 2 компоненттерден тұрады. Бірі – негізгі капиталға инвестциялар, яғни өндіріс құрал-жабдықтары, компьютерлер немесе ғимараттар сияқты капиталды игіліктерді сатып алу. Екіншісі – тауар-материалдық қорларға инвестициялар – бұл сатылмаған дайын өнімдер және өндіріс процесінде пайдалануға тура келетін шикізат жинағының қоры болып табылатын тауарлы материалдық қорларға инвестициялар. Тікелей инвестицияларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады:
• ішкі тікелей инвестициялар – бұл өзіндік қаржыландыру көздері есебінен өзіндік өндіріс факторларына шаруашылық субъектінің ақша құралдарын салу;
• сыртқы тікелей инвестициялар – бұл шаруашылық субъектінің инвестицияларын қажет ететін өндіріс факторларына инвестициялық институттардың қаржы салымдары.
Пайдалану бағыты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- кәсіпорынды сатып алу немесе негізін салу кезінде жүзеге асырылатын бірінші текті немесе нетто-инвестициялары;
- өндірістік мүмкіншіліктерді кеңейтуге бағытталған экстенсивті инвестициялар;
- реинвестициялар, яғни кәсіпорынның негізгі қорын тұрақтандыру мақсатында, инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болған бос табысты пайдалану;
- айырбастау инвестициялары, бұл инвестициялар нәтижесінде қолда бар құрал-жабдықтар жаңартылады;
- технологияны немесе технологиялық процесстерді модернизациялауға бағытталатын рационализациялау инвестициялары;
- бұйымдар номенклатурасын өзгерту, өнімнің жаңа түрлерін жасау, жаңа өткізу нарықтарын ұйымдастырумен байланысты диверсификация инвестициялары;
- кадрлар даярлау, жарнама жасау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталатын, яғни кәсіпорынның болашақта тіршілік етуін қамтамасыз ететін инвестициялар
- нетто-инвестициялар мен реинвестициялардан құралатын брутто-инвестициялары.
Нарықтық қатынастарға негізделетін экономикалық реформалардың басты бағыты – экономиканың қарқынды дамуын және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асыру болып табылады. Елдің шектеулі ішкі қаржы қоры жағдайында шетел капиталды тарту маңызды орын алады. ҚР-ның экономикасына шетел инвестицияларды тарту немесе тиімді пайдалану мемлекет аралық жағымды экономикалық одақтасудың бағыты. Шетел инвестициялар көмегімен Қазақстан экономикасының бұрмаланған өндірістік құрылымын жақсартуға, жаңа жоғары технологиялық өндіріс жасауға, негізгі қорларды жаңартып, көптеген кәсіпорындарды техникалық қайта құруға, мамандар мен жұмысшылар даярлауға, менеджмент, маркетинг пен ноу-хаудың жетістіктерін енгізуге, ішкі нарықты отандық өндірушілердің сапалы тауарларымен толықтырып, сол тауарларды сыртқа шығарудың экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіншілік пайда болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?