Құқық | ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей – ешқандай айырмашылығы жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады. Мұны жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз – әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз – құқыктық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім – құқықтық норма. Бұл деңгейде норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт – бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім – бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы – қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық – салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары:
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық – бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4. Жер құқығы – бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5. Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.
6. Еңбек қүқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.
7. Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық-процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.
12. Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі – жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші – сол жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен Құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.
Материалдық құқық – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық – материалдық құқықты калай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда керсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.
Бұқаралық құқық – мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы – жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп, басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Бұқаралық құқық – мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы – жекелік істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.
2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.
Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.
Заң жүйесі дегеніміз – құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:
1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.
2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.
3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.
4. Қорғаныс-әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.
Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып, қалыптасу кезеңдері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.
2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.
3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары – құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары: 1). Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2). Құқық жүйесінің дамуы; 3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады.
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті тұрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп, басқаруға көшуі мүмкін. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?