Экономика | Қор биржасы және оның қызметі

Экономика | Қор биржасы және оның қызметі

Қор биржасы және оның қызметі
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қызмет етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі — "бурзэ", яғни әмиән деген мағынаны білдіреді. Экономикасы дамыған мемлекеттерге биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:
- қор биржасы;
- тауар биржасы;
- еңбек биржасы.
Сонымен, биржа —нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағазбен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісілген келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптерде жүмыс істейді. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталынады. Биржаның басты органы болып "биржалық комитет" саналады, ал оның мүшелерін брокер немесе маклер деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатыса алмайды, яғни болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлер мен қатар өз есебінен ақша жұмсап, айналысатын дилер де жүреді.
Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық- техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:
1)сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2)қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдарына талап қою;
3)қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4)өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5)бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6)банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады. Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда- саттыққа қатысуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда- саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелігіне кіргені үшін;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3) бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4) мәмілелерді тіркеу және ресімдеу үшін;
5) ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Биржаның кірістері өзінің функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметін ұлғайтумен және жетілдірумен байланысты шығыстарды жабуға бағытталады.
Қор биржасы Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттікпен келісе отырып, саудаға бағалы қағаздарға –
листингке рұқсат ету ережелерін, срндай-ақ оларды – делистингті саудадан шығарып тастау ережелерін белгілейді.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда -саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негізгі мақсаты оның клиенттері арасындағы бағалы қағаздарға баға белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола алады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік- құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде.Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңдандыру жөнінде жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтын әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногының өтімділігінің төмендігі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
Биржалық операциялар
Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдарын немесе шетелдердің бағалы қағаздары айналымға түседі (әдетте тек акциялар мен облигациялар мен облигациялар). Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады.
Биржа операциялары кассалық және мерзімді болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мерзімге жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасымен өзгеше болады. Операциялардың екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді және бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Шын мәнінде де мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасына. Сондықтан мерзімдік мәмілені алапсатарлық мәміле деп те атайды. Алаыпсатарлық мақсаты — биржадағы құндылықтардың табу.
Кестеде көрсетілгенде мерзімдік мәміле түрлерінің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрініске тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай бір айдың ішінде, айдың ортасында, не болмаса аяғында өтеді. Бір-ақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздардың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе, пайданы сатушы алады, ал жоғарылап кетсе сатып алушы алады.
Қор биржасындағы стеллаж, пролонгация, репорт, депорттың мәмілелер алып-сатушылардың бағалы қағаздарының курс өзгерту арқылы пайда табу ойындары.
Стеллаж — бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін тандау құқына ие болады.
Пролонгациялық мәміле — бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің бір түрі немесе бағалы қағаздар нарығының өсуіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.
Репорт — мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, екінші деңгейдегі банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма репорт деп аталады.
Депорт — оған белгілі бір мерзімінен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.
Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап, оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға бұл қоғамда істің мәз емес екендігін көрсетіп, оған инвестиция салудың тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?