Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ

Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ

Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағытабиғи газ қоры1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұный мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл правинцияларының болашағы зор. Қазақстан металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торгай теміркен бассейінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте тем ір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлагтар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Алатау темірмаргенец бассейінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер – 80млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақбай темір кен орындарында 500 млн. темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде, Атансарда, Қаратаста, Иірсуда және т.б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда және Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 80 км, ені 0,6-дан 30км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60-ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хромий кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда және Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылы тауда табылған. Кендегі ванадйидің мөлшері шамамен 1 және малибден 0,22%. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадйи бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтай және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлігімен, байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен слтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейіні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді,Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғарғы сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарқа және Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекераларында дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпаңында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай,Сәуір тауларында және т.б. орналасқан.Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, малибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алаиауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Леиногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істеуді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс немесе тек мырыш немесе қоғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан.Комплекстті, қосымша компоненттеі бар кен орындары Балқаштың слтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана-Ақжол іске қосылған.
Қаратау Ащысайда басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары барланып іске қосылған. Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте-Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста-Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120тоннаға арттыруға болады.
Сирек металлдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған. Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада, Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б. Таулы Алтайда, Көкшіл, Шындығатай, Іле Алатауында ашылған.Солтүстік кен орындарында Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ және Қаратаудың Ванадиилі кен орындарына әр түрлі мөлшерде малибден бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплекстті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Тоғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасын, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сурьманың бірден-бір кен орны Тоғай, Ақмола облысында орналасқан.
Сынап Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды – мырышты, мыстымырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді мырышты концентраттардан өндіреді.
Қазақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?