Тарих | Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті

Тарих | Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті

20-40 жылдардағы қазақ мәдениетінің өсу дәрежесі.Оқу – ағарту ісі
Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық.Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды.1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше саяси – ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне,оны аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9 мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5 миллион кітап болды.Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді.Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта – тілегі мәдени ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты.
Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жатты. Степная правда ( қазіргі Казахстанская правда)және Еңбекші қазақ,Қазақстан журналы шыға бастады.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтың, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алыңды және мәдени - ағарту мекемелеріне желісіне,кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды.Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді,оларды дауыстап оқып беруісі ұйымдастырылды.Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді.
Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті белсенділік көрсетті.Олардың инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізілді.Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды.
Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекші құралдар,жазу құрал-жабдықтары жетпеді.Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі қиындата түсті.20-жж. аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.Сөйтіп бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді.
30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады.
1920-1930жжЖ.Аймауытовтың,С.Торайғыровтың,М.Жұма- баетың,А.Байтұрсыновтың,И.Жансүгіровтің,Ш.Құдабердиев-тің,С.Сейфуллиннің Б.Майлиннің шығармалары кеңінен танылды.Әдебиқозғалысты М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың,Т.Жароковтың,Ғ.Ормановтың есімдері байытта түсті.
20-ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шырқады.Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры,республикалық орыс драма театры,қазақтың мемлекеттік опера, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.
М.Әуезовтың «Абай» роман – эпопеясының бірінші кітабы соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болды.Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» повестін жариялады.
1931 -1940 жылдарда республикада мектептердің саны мейлінше зор қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру,1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы сондай-ақ, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы-қарарлар қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің барынша тез дамуына оң ықпалын тигізді.Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асыру нәтижесінде бұрынан болып келген 2 және 3 жылдық оқу орындары 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды.
1930 жылы бастауыш мектеп жасындағы баланың 22 пайызы мектепке тартылса, 1937 жылы олардың 36 пайызы оқыды. Мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуға, әсіресе қыз балаларды оқытуға айрықша қамқорлық жасалды. Мектептің тез қарқынмен дамуы мұғалім, ұстаз кадрларды көптеп даярлауды қажет етті. 1940 жылы мұғалімдерді Қазақтың Мемлекеттік Университетімен 13 педагогикалық институттарында, 23 педагогикалық училищелерінде даярлайтын болды. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуына кеңес өкіметі құрылғаннан бастап айрықша көңіл бөлінді.1920-1940 жылдар аралығындағы мамандар даярлау ісіндегі жетістіктер Қазақстанның мәдени бейнесін мүлде өзгертті.

Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі.

Қазақстанда ғылымның дамуы халық өнерінің театр, музыкалық мәдениеттің өркендеуімен тағдырлас болды. Олардың қай- қайсысы да Кеңес өкіметі жылдарында кең өріс алып, халықтың ақыл - санасынан орын теуіп, бұрын көбінесе Еуропа мен Азияның халқы мол қалыптасқан қалаларында ғана болып келген бұл өнерқазақ жеріне де кеңінен жайыла бастады.
30-жылдары Қазқстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер,елеулі оқиғалар болды.1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болып,онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин,,М.Әуезов,Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер тобының бар екені көрінді. Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдыцң туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті.1936 жылы республика еңбекшілері С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20жылдығын мерекеледі.
32-33 жылдары Қазақтың театр, музыкалық-актерлық студия және музыкалық мектеп ашылды.Музыка өнерінің кадрларын даярлайтын Республикалық - музыкалық драма техникумы, рейдер Қарағанды, Шымкент, Орал,Ақтөбеде ашылған өнер училищелерінде халық арасынан шыққан талантты жастар оқыды. Солардан іріктеліп Қазатком ( қазіргі Құрманғазы атындағы)халық аспаптар оркестір құрылды.
1934 жылы 13 қантарда талантты әнші, сахна шеберлеріеін күшімен (Айман-Шолпан) музыкалық комедиясының( либреттосын жазған М.Әуезов), одан кейін, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазған (Қыз Жібек) операсының, сондай-ақ либреттосын Б.Майлин жазған(Жалбыр), С.Вамалов либреттосын жазған( Ер - Тарғын) операларының сахнаға шығуы қазақ театрларының дамуындағы үлкен белес болды.
1935 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен қазақ филормониясы құрылды.Оның фольклорлық оркестрі, хор копеллосыц болды.Қазақ музыка мәдениетімен бірге бұл Орталық Батыс Еуропаның музыкалық жетістіктерін насихаттаумен де шұғылданды.Мәскеу, Ленинград(Санкт-Петербург) сияқты қалалардың өнер шеберлері қазақстандықтарға көмек көрсетсе, астаналық облыстардағы театрлар тығыз творчесволық байланыста болды. Халық өнерін дамытудағы Қ.Жандарбеков,Қ.Бәйсейітов, К.Бәйсейітова,Қ. Қуанышбаев,Ж.Шанин,М.Ержанов,С.Қожамқұлов, Ә.Мұхит -ов Ш.Жиенкулова,Қ.Бадыров т.б.өнер саласындағы еңбегімен атты шықты.
20-жж. Қазақстанда табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияның(КИЕПС),КСРО Ғылым академиясының Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі айрықша комитетінің(ОКИСАР) және басқалардың көптеген орнықты және көшіп жүретін топтары жұмыс істеді.
Тұнғыш ғылыми – зерттеу мекемелері: 1922 ж.ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссариатының жанынан Өлкелік химия-бактереологиялық лаборатория,1924 ж.Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанынан малдәрігерлік-бактереологиялық институт,1926 ж. тыңайтқыш және агротопырақ зерттеу институты пайда болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?