География | Қазақстан өзендері

География | Қазақстан өзендері

Қазақстанның басты ірі өзендері


Өзен аттары Өзен ұзындығы (км) Алабының ауданы (мың шаршы км²)
Солтүстік Мұзды мұхит бассейні Ертіс
Есіл
Тобыл
Нұра 1700 (4248)*
1700 (2450)*
800 (1600)*
978 234 (1643)*
113 (155)*
212 (237)*
55,1
Каспий теңізінің бассейні Жайық
Елек
Ойыл
Жем
Үлкен өзен
Кіші өзен 1082 (2428)*
605 (623)*
800
712
217 (650)*
296 (638)* 72,5 (237)*
– (41,3)*
31,5
40,4


Арал теңізінің бассейні Сырдария
Шу
Торғай
Сарысу
Талас 1400 (2219)*
800 (1186)*
827
800
661 240 (482)*
62,5
157
81,6
52,7
Балқаш көлінің бассейні Іле 815 (1001)* 68,4 (131)*

* Өзеннің жалпы ұзындығы

Ішкі тұйық көлдер алабы
Каспий теңізі алабы – Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен жатады.
Жайық – Каспий теңізі алабындағы ең ірі өзен. Жайық өзені Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2428 километр, оның 1107 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың ағысы Каспий маңы ойпатында төмендеп баяулайды,арнасы кеңіп, жазық жермен ағады. Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді. Мамыр бойы суы мол болады. Бұл өзенге ең бағалы балық бекіре уылдырық шашады. Ірі салалары: Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елік, Кіші қызыл, Үлкен қызыл өзендері. Арал теңіз алабына – Оңтүстік және Орталық Қазақстан бөлігінің өзендері жатады. Оларға Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.
Сырдария – Орталық Тянь-Шань тауларындағы Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінен бастау алады. Ең үлкен салалары: Арыс және Келес өзендері.
Балқаш – Алакөл алабы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендерді қамтиды. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Іле – Балқаш-Алакөл алабындағы ең ірі өзен. Іле өзені Тянь-Шань тауларынан бастау алып,Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан басталады. Жалпы ұзындығы – 1439 километр,Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 815 километр. Ірі салалары: Талғар,Қаскелең, Күрті, Шелек,Қаратал, Шарын, Өсек, Қаскелеңнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзендері.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Солтүстік Мұзды мұхит алабы – Сауыр-Тарбағатай,Алтай тауларынан,Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік-шығысынан басталатын ірі өзендер. Олар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра.
Ертіс – Солтүстік Мұзды мұмхиты алабындағы ең ірі өзен. Ертіс өзен өзінің бастауын алтай тауларынан алады. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4248 километр, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 километр, су жинайтын алабы 1643 мың км². Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабас, Ұлан, Қайыңды бөгендері.

Жер бедерінің өзендер ағысына әсері. Қазақстандағы өзендер биік таулы аймақтардан басталып жазықтарға қарай ағады. Қазақстан ірі өзендері Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне құяды.
Өзен суын халықшаруашылығына пайдалану үшін (электр станциялар, бөгендер, суғару жүйелерін жасағанда) жер бедеріне байланысты болып келетін өзеннің құламасын және орташа еңістігін білудің маңызы зор.
Өзеннің құламасы деп – оның бастауының сағасынан метр есебімен көрсетілген биіктігін айтады. Өзеннің жеке учаскелеріндегі құлама – бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі нүкте аралығындағы биіктігінің айырмасы. Мысалы, Жайық өзенінің бастауы мұхит деңгейінен 28 метр төменде жатыр; сонда Жайық өзенінің құламасы:
226 – ( – 28) = 254 (м) тең; Жайықтың жеке учаскелерінде бастауынан өзеннің су кемері теңіз деңгейінен 23 м жоғары жатқан Атырау қаласындағы құлама: 226 – 23 = 203 (м) тең.

Өзендердің су шығыны және жылдық ағыны. Практикалық мақсат алу үшін (кеме қатыасы, жерді суғару, су электр станцияларын салу, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету) өзеннің тек ағыс жылдамдығын ғана емес,сонымен бірге су шығынын, яғни белгілі уақыт ішінде өзеннің көлденең (ағыс) қимасынан ағып шыққан судың мөлшерін білудің де маңызы зор.Өзендегі судың шығынын көбінесе секунд ішінде ағып өтетін текше метр (м³/с) судың мөлшерімен есептеп шығарады.Судың шығыны Q өзеннің көлденең қимасының ауданы (F м²) мен ағыс жылдамдығының (V м/с) көбейтіндісіне тең;


Q = F * V (м³/с)


Мұндағы, Q – өзендегі судың шығыны;
F – өзеннің көлденең қимасының ауданы;
V – ағыс жылдамдығы.

Өзендердің су шығыны жыл бойы шұғыл өзгеріп отырады. Ең көп су шығыны су тасу немесе тасқын кезінде болады. Мысалы, мұздық суымен толығатын өзендерде су шығынының ең көбі жазда таудағы қар мен мұздықтар еріген кезде болады.
Өзендерде гидрометеорологиялық постылар болады. Олар ауа райы мен өзен жағдайларын үнемі баылап отырады. Жылдың түрлі маусымдары кезінде өзен суының әр түрлі секундтағы шығынын есепке алады, су шығынының тәулік ішіндегі орташа мөлшерін, содан барып орташа жылдық шығынын есептеп шығарады.

Өзендердің су жинауы және режимі. Еліміздегі өзендердің көпшілігі аралас су жинайтын өзендерге жатады, олар: қар, жаңбыр және жер асты суымен толығып отырады. Жазықтағы өзендер қыста негізінен жер асты, көктемде негізінен еріген қар, ал жазда жаңбыр суымен толығады. Ал тау өзендері негізінен таудағы қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады.
Жыл бойындағы өзен ағысының сипатындағы әртүрлі өзгерістер (су деңгейінің ауытқуы, судың қатуы мен сеңнің жүру мерзімі, су шығынының өзгеруі) немесе оның режимі климаттағы өзгерістерге байланысты болады. Сол сияқты өзендердің режиміне жердің геологиялық құрылысы мен жер бедері, өсімдіктер және басқа да табиғат ерекшеліктері де әсер етіп отырады.

Өзендердің қоректенуі:
1) Жаңбыр;
2) Жер асты суы;
3) Қар;
4) Мұздық.

Өзен аңғарының эрозия базисі. Ағын су тау жыныстарын шайып, ағызып алып кетіп, үлкен әрекет етеді. Бұл процесті өзен эрозиясы деп атайды. Жоғарғы жағы әлде қайда еңіс келетін және ағысы жылдам өзеннің арнасы едәуір тереңдейді, орта ағысында су шайған заттар тасымалданады (мұнда еңістігі шамалы); өзеннің төменгі ағысында құм және тұнба шөге бастайды. Бұл тосқындарды аллювий деп атайды. Ол өзен арнасындағы бірте-бірте ойыстарды толтырып, табанын тегістеп, су түбіне шөгеді. Сөйтіп, өзенннің ұзына бойы профилі уақыт өткен сайын ирелеңдеген созыңқы түрге енеді.
Өзенннің су көтерілмеген ескі арнасын террасса деп атайды. Өзенмен ағып келетін қатты заттың бәрін қатты ағын деп атайды. Сырдария өзеннінің қатты ағыны жылына 100 млн. тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді.Сондықтанда республикадағы суы ең лайлы өзен деп аталады.
Соңғы жылдары су эрозиясына қарсы күрес жүргізіліп, түрлі агротехникалық шаралар қолданылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, екпе шөп өсіріледі, бөгеттер салынады. Мысалы, Медеу шатқалында ағып жатқан Кіші Алматы өзенін бөгеп, үлкен бөгет (биіктігі 100 метрге, табанының ені 600 метрге жуық) салынған. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден сақтап қалды.

Қазақстанның өзендері және оны қорғау. Қазақстан өзендерінің жалпы саны 85022 оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария, Шу, Іле, Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл.
Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлаодың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.
«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану. Әзірше мұндай әдісті Жезқазған кен байыту комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қолдануда. Еліміздің климаты құрғақ, жазы ыстық болуына байланысты оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суландыруды қажет етеді, сондықтан суармалы егіске суды үнемдеп жұмсаудың маңызы зор.
Қазақстанның батыс аудандарында жаңа мұнай газ кен орындарын игеру тәжірибесінен мұнай тек суды ғана емес, бүкіл айналадағы ортаны да ластайтыны да байқалады. Суға төгілген мұнай су бетіне жайылып, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Ал суда оттегі болмағандықтан, ондағы тірі организмдер қырыла бастайды. Су сияқты аса бағалы табиғи байлықты тиімді пайдалану мен қорғау қазір бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналып отыр. Ластанған суды механикалық, химиялық және биологиялық жолдармен тазартады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?