Жемістер, дақылдар мен көкөністер

Жемістер, дақылдар мен көкөністер

Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады

Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.

Алма

№63 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ
Абдивалиева Нозима Юсанқызы
Жетекшісі: Убайдуллаева Атира


Ауладағы бау-бақшада,
Алма ағашын баптадым.
Майдандағы ағама,
Сегіз алма сақтадым.

Алма ағаштан үзіліп,
Сегіз алмам сарғайды.
Сарғайған алмаларға,
Әлдекімдер арбайды.

Сарғыш тартқан алмамды,
Ақ кеседе сақтадым.
Жан ағамды ойлаумен,
Жанға тыным таппадым.

Жемістер туралы тақпақтар

1. Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны

2. Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.

3. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

4. Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

5. Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім


Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның аты- құлпынай.

Дақылдар туралы тақпақтар

1. Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

2. Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.

3. Қызыл мұратты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.

4. Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім.
Нұрдәулет: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Елге бәрін сыйлайды.
Бибінұр: Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.


Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.

Жүгері жүгері сен келдің,
Өзіңмен бақыт әкелдің.
Сені көрген адамдар,
Бас салып жей береді.


Қажетті сілтемелер:

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Райиан
    Райиан 14.10.2023 17:49
    2 + 0 -
    Маған ұнамады.Себебі,0-сынып жаттайды ғой бұндайды.Садикте жатқа айтар.Маған өлеңдер керек.Кішкентай бөпе емеспін мен.Дұрыс өлеңдер жаза алмайсыңдар ма ZHARAR?
  2. Оқырман Гульнур
    3 + 2 -
    Ананас туралы такпак керек еди