Экономика | Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің белсенді активтік операциялары

Экономика | Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің белсенді активтік операциялары

Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары.
Коммерциялық банктер операциялары.

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 41 бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депазиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:
-Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын мәжбүрлі шығындарды бекіту;
-Екінші дәрежелі банктер үшін міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
-Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инпекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
-Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
-Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
-Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.
Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады.
Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы.
Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды.
Банктің ресурстарының құрамына меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырынған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.
Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.
Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптан туатын іс.
Активтік операциялар. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.
Бұған жататындар:
-Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
-Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде пайдалынатын мүліктерді сатып алуға);
-Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
-Лизингілік операцияларға несие беру;
-Факторингілік операцияларға несие беру;
-Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу опреациясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңлар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңдеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер төлемін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит беретін болды.
Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:
-Несиелеу операциялары-(есептеу-несиелеу);
-Есеп айырысу операциялары;
-Кассалық операциялар;
-Инвестициялық, қорлық операциялар;
-Кепілді операциялар.
Несиелеу операциялары-қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді;
Есеп айырысу операциялары-қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айрысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.
Кассалық операциялар-қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық қорлық операциялар-банктің күрделі қаржысын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді опреациялар-кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Соннымен қатар, банкінің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай-қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына) қарай бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Активтік-Пассивтік операциялар:
-Банкіге комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар (дебиторлық берешекті инкассалау, ақша аудару, сауда комиссиялық, сенімділік);
-Белгілі ақыға,клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық операциялар;
-Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;
-Сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздарды, басқа елдердің валюталарын, асыл металдарды алып сату);
-Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.
Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды.

Активтік операциялардың түрлері.

Активтік операциялар-бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруларды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына әр түрлі болып келеді. Банктердің актвтік операциялардың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
• Ссудалық операциялар;
• Инвестициялық операциялар;
• Депозиттік операциялар;
• Кассалық операциялар;
• Басқа да;
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа-бірінші реттегі резервтер жатады. Бұл алынатын төлеуге салымдарды және несиеге деген сұранысты қанағаттандыруға тез арада пайдалануға болатын ең өтімді активтерді білдіреді. Мұндай активтерге: кассадағы нақты ақшалар, Ұлттық (орталық) банктегі корршоттағы қаражаттар, инкассалау процесіндегі чектер және басқа да құжаттар жатады. Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің көзі ретінде қызмет етеді.
Екінші топқа-екінші реттегі резервтер жатады. Бұлар кішкене табыс әкеледі, бірақ та, оларды жоғарғы өтімді активтер ретінде кішкене кешігіп барып, ең төменгі тәуекелмен нақты ақшаға айналдыруға болады. Оларға: вексельдер және басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар; сұранымды ссудалар; және бірінші классты қарыз алушыларға берілген қысқа мерзімді ссудалар жатады. Бұл топтың басты тағайындалуы-олар бірінші реттегі резнрвтерді толықтыратын көздер ретінде қызмет етеді.
Банк активтерінің үшінші бір маңызды бөлігін-банктік ссудалар портфелі құрайды. Банктік ссудалар біршама табысты және өте жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Төртінші топты-банктің бағалы қағаздар портфелі құрайды. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі-банкке табыс әкелу, екіншісі-екінші реттегі резервке қосымша көз ретінде қызмет ету.
Ссудалық операциялар
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ке жуық құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудалар береді. Олар мынадай белгілеріне қарай жіктеледі:
1. Несие берілуіне қарай:
-банктік;
-арнайы несиелік мекемелер;
-бюджеттік;
2. Қарыз алушылар категориясына қарай:
-қаржылық институттарға берілетін несиелер;
-мақсатты қорларға;
-банктерге;
-қаржы несиелік мекемелерге;
3. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп саласына;
-ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
-дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге;
4. Тұтыну мақсатына берілетін несие:
А) Мерзіміне қарай;
-қысқа мерзімді жылға дейін;
-орта мерзімді жылдан жылға дейін;
-ұзақ мерзімді жылдан жоғары;
Б) Тағайындау және пайдалану сипатына қарай;
-негізгі қорларға жұмсалатын;
-айналым қаражатына жұмсалатын;
5. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай;
1) Қамтамасыз етілген;
-кепілхатпен;
-кепілдемемен;
-кепілдікпен;
2) Сақтандырылған;
3) Қамтамасыз етілмеген;
-сенім несиесі.
6. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
-стандартты несие;
-күмәнді несиелер;
-үмітсіз несиелер;
7. Валютамен берілуіне қарай:
-ұлттық валютамен;
-шетел валютасымен;
8. Берілу шартына қарай:
-тұтыну несиесі;
-ипотекалық несие;
-овердравт несие;
-овернайт несие;
-онкольдық несие;
-банкаралық несие;
-ломбардтық несие;
-лизингтік несие;
-рамбурстық несие;
-сенім несиесі;
-маусымдық несие.
9. Несиелеу обьектісіне қарай
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтетін тиімділігі жоғары шараларға.
Осы жерде мынадай несиенің түрлеріне түсінік бере кеткен жөн деп ойлаймын.
1.1. сызба. Несиенің негізгі формалары.


Несие формасы


Ұлттық


Халықаралық

Ақшалай
Тауарлық
Ақшалай

Банктік

Коммерциялық
Тауарлық

Мемлекеттік
Тұтынушылық
Аралас

Ипотекалық
Лизингтік

Тұтынушылық


Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарғанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Осы заманғы іс - тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал – жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын - теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып,дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдалынады.
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.
Несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық - ұйымдастырушылық белгілері бойынша несиеніңіс – тәжірбедегі нақты қосымшасы.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады. Ломбардтық несие негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.
Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісім сөзсіз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісім шартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді. Овердрафт несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісім шарт шегінде беріледі ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?