Тарих | Италия туралы жалпы мәлімет
I. Италия (Italia), Италия Республикасы – Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізінің жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы. Бұған қоса Милан. Неаполь, Турин, т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік тнрриториялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автаномиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған конституция бойынша елді Призидент басқарады (1992 ж. О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қоспалаталы: парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министірлік Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
II. Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы мен субтропиктік белдеуде орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м). Аралдарының көбі таулы, жанартаулы болып келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субрпопиктік: жазы ыстық, қысы жылы. Шілдедегі орташа температурасы 20 – 22ºС (Солтүстікте) 28ºС дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0ºС (сол.) 12ºС (оң.) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста -15 -20ºС аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм (Сицилия, Сардиния) 3000мм (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (Ұзындығы 652 км), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдердің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Алпінің 800 м дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апенин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңздері балыққа бай.
III. Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемілекеті салтанат құрды (Рим империясы). 4 – ғ. Рим империясына көошілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 ж. Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды. 488 ж. Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, өз корольдіктерін (493 – 544) құрды. 554 ж. Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды. 754 – 56 ж. франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің орталық бөлігін бөліп алды және ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемілекетінің құрылуының бастамасы болды. 774 ж. елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 ж. Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон 1 басшылық жорықтары (951 және 961 – 62) нәтижесінде корольдік 962 ж. Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердің шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт жашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты. 10 ғ. бастап қалалардың сеньорламен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Комунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте-бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.) Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды. 1154 – 76 ж. герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенімен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі қалыптаса бастады. 11 ғ. Оңтүстік Италия мен Сицилияны нормандар басып алып, Сицилия корольдігін құрды. 1282 ж. халық көтерілісі Сицилия корольдігінің құлауына алып келді. 13 ғ. аяғы мен 14 ғ. басында Сицилияны, 15 ғ. орта шенінде Оңтүстік Италияны басып алған Арагон корольдігі бірте-бірте бүкіл Оңтүстік Италияға испан үстемдігін орнатты. 13 ғ. Орталық және Солтүстік Италиядағы алдыңғы қатарлы қалалар мен мемілекеттерде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Оларда банк ісі (Сиена, Флоренция), шығыс елдермен сауда (Гения, Венеция), шұға тоқу (Болонья, Сиена, Флоренция, Милан) кең өріс алды. Дүние жүзінде тұңғыш рет Италияда 14 ғ. шұға шеберханалары негізінде мануфактуралар пайда болды. Осы кезде Италия мәдениетінің Қайта өрлеу дәуірі басталды (14 – 16 ғ.). Елдегі саси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұғитына ауысуы 16 ғ. өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара Соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сициляны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемілекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды. 16 – 17 ғ. Италия экономикасы жағынан құлдырап, өнеркәсіп орындары тек Солтүстік Италияда ғана қалды. Иезуиттер ордені құрылып (1534), инквизиция қалпына келтірілді (1542). Озық ойлы адамдар қуғынға ұшырады (Дж. Бруно, Дж.Ч. Ванини отқа өртелді, П. Кампанелла, Г.Галилей, т.б. инквизиция сотымен сотталды). Испан тағының мұрагерлігі үшін болған соғыстар (1701 – 14) Италия жерімен өтіп, халық мүлдем қайыршылыққа ұшырады. 1714 ж. Италиядағы испан иелігі толығымен Австрияға өтіп, 1734 ж. Австрия Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға берді. 1720 ж. Савоя герцогтығы Австриядан Сардиняны алып, Сардиния корольдігі құрылды (1720 – 1861). 18 ғ. 2-жартысынан бастап елде қайтадан экономикалық өрлеу басталып, ғ. аяғында Италияны бір орталыққа біріктіру жолында күрес басталды. Бұл қозғалыс 1848 – 49 ж. революцияға алып келді. Бірігу жолындағы шешуші күрес 1859 – 60 ж. Австрия-Италия-Франция соғысында шешілді. 1859 ж. Австриядан Ломбардия азат етіліп, Орталық Италия герцогтықтарындағы (Моден, Парм, Тоскан) және Романьедегі халық көтерілістері жеңіске жетті. Елді біріктіруге халық батыры Дж. Гарибальдидің Сицилия мен Неапольға жасалған жорықтары үлкен рөл атқарады. Италияны біріктіру 1870 ж. Рим облысының қосылып, ондағы папа билігінің жойылуымен аяқталды. Елдің бірігуінен кейін экономика жедел дами бастады. 1889 ж. Сомали жаулап алынды, Эфиопияға басып кіргенімен, 1896 ж. күйрей жеңілуге мәжбүр болды, 1911 – 12 ж. Түркиямен соғысып, одан Ливия мен Додеканес аралдарын тартып алды. 1882 ж. Үштік одаққа (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) қосылғанымен, 1-дүниежүзілік соғыста (1914 – 18) Антанта (Ұлыбритания, Франция, Кеңес Одағы, т.б.) жағына шығып кетті. Осы соғыста 700 мең адамы өліп, 1 млн. астамы мүгедек болды, бүкіл Солтүстік Италия қаңырап қалды. Дегенмен, соғыс нәтижесінде Трентиноны, Оңтүстік Тирольді, Истрияны, Адриатикадағы кейбір жерлерді өзіне қосып алды. Тұрмыстың ауырлығынан 1920 ж. елде жұмысшылардың кәсіпорындарды басып алу қозғалысы басталды. Барлық металл өңдеу, машина жасау завоттары мен фабрикалар іс жүзінде елдегі 600 мең жұмысшының қолына өтті. Оған қарсылық ретінде ірі буржуазия 1919 ж. Б.Муссолини құрған фашистік партияға қаржылай көмекті күшейтті. Нәтижесінде 1922 ж. фашистер үкімет басына келді. Фашистерге қарсы партиялар ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракциясына бірікті. Бірақ көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым салды. 1926 ж. фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды. 1936 ж. майда И. Эфиопияны басып алды, 1936 – 39 ж. Испаниядағы фашистік төңкеріске белсене араласты, 1937 ж. «Антикоминтерндік пактіге» қосылды, 1939 ж. Албанияны басып алды. 1940 ж. 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы 27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісмшартқа отырды. 1940 ж. қазанда Грекияға, 1941 ж. сәуірде Югославияға шабуыл жасады. 1941 ж. маусымда Германиямен бірігіп, КСРО шабуыл жасады. Кеңес армиясы 1942 – 43 ж. қыста Отр Дон бойынша Италия армиясын толық талқандады. 1941 – 1943 ж. Италия әскерлері Солтүстік Африкада да толығымен талқандалды. 1943 ж. 25 шілдеде елде мемлекеттік төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылышын-американ әскерлері (Апенин түбегінде) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді. 1945 ж. сәуірде жалпыхалықтық көтеріліс нәтижесінде ел толығымен азат етілді. 1946 ж. 2 маусымда елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады. 1948 ж. Маршал жоспарына сәйкес, АҚШ көмек алды. 1949 ж. НАТО мүше болып кіріп, елде АҚШ әскери базалары орнастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ, химия, машина жасау, т.б.) тез дамып, Италия индустриялы-аграрлы елге айналды. Ол көптеген халықаралық ұйымдарға: БҰҰ (1955), Еуропа кеңесіне (1949), Еуропа одаққа (1957), т.б. мүше.
IV. Италия - әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-оранда. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, қызмет көрсету – 60,5%, Халқының 70% - қызмет көрсету, 22% - өнеркәсіпте жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, тамақ, химия, тігін, металургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1 орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90% - шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропа одақтың талабы бойынша мал шаруашылығыаса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсірілді. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%, импорттың 80 – 90% сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). Италия – аса ірі туризм орталығы. Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40% астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б. Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Итальяда болып қайтты. 1997 ж. Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде «Аджип», «Айпен», «Ди Анжели Индейстриз», т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 ж. Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған «Алтын адам» экспонатының көрмесі болып өтті.
V. Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 10 ғ. аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано Карпинидің (1182 – 1252), Марко Полоның (1254 – 1324) Орталық Азияға жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғ. аяғы мен 13 ғ. басында туды. Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – «Жаңа өмір» (1292) повесі, «Құдіретті» комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өркендеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақын Ф. Петрарка (1313 – 1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғ. ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 -1457), т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғ. Ф.А. Ариостоның (1474 – 1533) «Қаһарлы Роланд» поэмасы, Н. Макиавеллидің (1469 – 1527), П. Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық комедиялары, Т. Тассоның (1544 – 1595) «Аминта», Б. Гваринидің (1538 – 1612) «Сенімді бақташы» атты драмалары жазылды.
VI. Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия архитектурасы (Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды) қалыптаса бастады. Монументі шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ғ. готика дәстүрлі (Орвьето мен Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Венециядағы Дождар сарайы) өркендеді. Осы кезде ортағасырлық Италия қалаларын түр-сипаты қалыптасты. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15 – 16 ғ.) Италияны архитектурасы жаңа бағытқа ауысып, қала салу ісінің құралымдау және пропорциялау тәсілдеті матаематикалық жолмен дамыды. Барокко (16 – 18 ғ.) тұсындағы архитектура Италияның қалалары мен виллаларында көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты басқыштарымен, бағаналарымен, хауыздарымен белгілі. 18 ғ. басында Италия архитектурасы дәстүрлі формада, 18 ғ. 2-жартысы мен 19 ғ. 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы Миландағы архитектура ансамбль мен театр құрылысынан анық көрінеді. 19 – 20 ғ. басында қала орталықтарында эклектикалық құрылыстар көптеп салынды. Фашисттік диктатура (1922 – 43) кезіндегі құрылыстарда монументтеу, әсіресе, жаңа классика басым болды. 20 ғ. 50 – 60 ж. жаңа құрылыс материялдарын (темірлі-бетон, шынылы блок) пайдаланған Италия архитектурасы дамыды. Италия архитекторлары қазіргі заманғы архитектура форманы ұлттық дәстүрмен байланыстыруға ұмтылды.
Италияның ортағасырлық кескіндеме өнері ежелгі дәуір өнері озық үлгілердің қарапайымдылық пен қарадүрсіндікке бағытталуы арқылы 8 – 11 ғ. қалыптасты. 12 ғ. аяғында діни тақырыптағы қондырғылы кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатындағы мүсіндер, түрлі түсті инкрустация әдісі басым дамыды. 13 ғ. 2-жартысы мен 14 ғ. басында алдыңғы қатарлы қалалар Флоренция, Пиза, Сиенада, негізінен, ежелгі дәуір өнері бағытын ұстанған ақсүйектер өнері (қ. Проторенессанс) пайда болды. 15 ғ. Қайта өокендеу дәуірінің өнері ортағасырлық шарттылықтан қол үзіп, адам мен табиғатты зерттеуге және де ежелгі діуір өнері мұрасын толық меңгеруге батыл ден қойды. Мүсіншілер: Донателло (1386 – 1466), Л.Гиберти (1381 – 1455), А.Вероккьо (1435 – 1488) күш пен қуатқа толы еркінділік көксеген жандардың бейнесін жасады. Суретші Мазаччо, С.Боттичелли, Дж.Беллини (1430 – 1516) еңбектерінде адам мен оны қоршаған болмыстың сұлулығы шебер бейнеленді. 15 ғ. аяғы мен 16 ғ. бүкіл Еуропаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері, әсіресе, адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшелінеді. Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан, П.Веронезе (1528 – 1588), Я.Тинторетто. 15 – 16 ғ. бейнелеу өнері, гравюра, сән және қолданбалы өнері (үй жабдықтары, майолика, шыны), медаль соғу, театр декорациясы көркемдіктің жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғ. аяғы мен 18 ғ. Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері басым бағыт болды. 16 ғ. аяғында Болонья мектебінде академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. 18 ғ. гравюра мен театр декорациясы өнерінде классицизм бой көрсетті. 19 ғ. мүсінші А.Конованың (1757 – 1822) бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм азаматтық пафостан қол үзді. Арнайы академизмгеқарсы күрес Италия романтизмін, кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанры мен табиғат көріністері суреттерін өмірге әкелді. Ол 20 ғ. футуризімге, кейін жаңа классицизмге ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік ағымдардың сюрреализм, абстракты өнер секілді түрлері тараған. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін жаңа реализм ағымы пайда болды. Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық үлгілері 13 – 14 ғ. жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Италия – опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б. жанырлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 – 1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 – 1731) фортепьяноны ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 – 1590) гармония ғылымының негізін қалыптастырды. 16 – 18 ғ. дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар осы елде жасалды. Алғашқы консерваториялар мен музыкалық академиялар Италияда пайда болды. 7 ғ. Римде шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдастырылды, кейін ол бүкіл Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт әндері Қайта өрлеу дәуірінде вокальдік ансамбльдер,билер, ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне байланысты 14 ғ. Арс Нова деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт қалыптасты; мадригал, баллада, качча сияқты вокальдік жанрлар және аспаптық музыка дамыды. К.Монтеверди (1567 – 1643) – операның тұңғыш классигі, әрі 17 ғ. Венеция опера мектебінің негізін салушы. 17 ғ. италиялықтар орган музыкасын жаңа белеске көтерді, камералық музыка жанрын, скрипкалық музыка мен ансамдльдік оркестір музыкасын дамытты. 18 ғ. Аполитан опера мектебінің негізі салынды, бельканто өнері гүлденді.
VII. Италиялықтар – ұлт, Италияның байырғы халқы. Жалпы саны – 68 млн. адам (1995), Италияда 55 млн., Еуропада 2,9 млн., Америкада 8,2 млн., Австралияда 300 мың, Африкада 100 мың Италиялықтар тұрады. Италиялықтардың құрамында сицилиялықтар, сардиндер, венеттер, лигурлар, калабрилер, ломбардылар, пьемокттар, госкандар секілді топтар бар. Антрапологиялық жағынан Италия еуропоид нәсілдің үнді-жерортатеңіздің түріне жатады. Италиялықтардың тілі үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады және үш диалектіге бөлінеді. Әдеби тілі 14 ғ. флоренция диалектісі негізінде қалыптасқан. Ал жазуы латын әліпбиіне негізделген. Италиялықтар хриятиян дінінің католик тармағын ұсынады. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Италияны ерте заманғы италия (италик) тайпалары қоныстанған. Олардың бірі – Лация аймағын мекендеп, Римнің негізін қалаған латиндер б.з.б. 6 – 2 ғ. басқа италия тайпаларын және түбектің солтүстігін мекендеген этрускілерді, лигурлерді, венеттерді, кельттерді, түбектің оңтүстігі мен Сардиния, Сицилия, Корсика аралдарын қоныстанған гректерді, карфагендер мен сикулдарды бағындырды. Б.з.б. 1 – 2 ғ. латын тілі сол тайпалардың бәріне ортақ тіл болып үлгерді. 6 – 10 ғ. Италияның жеке облыстарын византиялықтар, франктер, арабтар, нормандар жаулап алды. Әр дәуірде остгот, лангобарт, т.б. герман тайпалары көшіп келіп қоныстанды. Осы аталған тайпалардың араласып кетуінен 11 – 13 ғ. біртұтас Италиялықтар этникалық бірлігі қалыптасты. 19 ғ. Италиялықтар ұлтқа айналды. Италиялықтардың екі-үш қабатты үйлердің астыңғы қабаты шаруашылық жұмысына арналған, үстіңгі қабаты тұрғын жай. Ұлттық киіидерін мереке күндері ғана киеді. Әйелдер кең тігілген ұзын белдемше, қысқа женді кофта, алжапқыш, орамал, желбегей жамылғы джакетта мен джубетто киеді. Ерлер қысқа шалбар, жеңі ендіре тігілген жейде, қысқа күртеше, қалпақ киеді. Ұлттық тағамы – жеміс пен көкөніс, макарон, сыр. Түскі аста жеңіл шарап ішеді. Туыстық жүйесі ағылышын тектес. Тарантелла, сальтарелло, ломбарда, бергамаска аталатын ұлттық билері бар. Сазды аспаптары: гитара, волынка, свирель.
VIII. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Италия тілі Италиядан басқа Сан-Марино, Швйцарияның Тессин пантонында, Корсика, Мальта аралында, АҚШ, Канада, т.б. елдердегі Италия эмигранттары арасында да қолданылады. Жазба ескерткіштері 10 – 12 ғ. тән. Әдеби мұралары 13 ғ. белгілі. Диалектілік негізгі үш топқа: Солтүстік, оңтүстік-орталық, тосканаға бөлінеді. Әдеби тілі флоренция диалектісі негізінде қалыптасқан. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?