Экономика | Инфляция дегеніміз не

Экономика | Инфляция дегеніміз не

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.



Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

Инфляцияның себептері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен өамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық”инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарла бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбататады, ал бұл дүнмежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляция ны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші болды.


Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.

Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдерде үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл делемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деігейіндегі мәселе. Басқабір елдер бейімделу шараларын қарастырады ( жалақыны индекстеу және т.б.).
Инфляцияға қарсы саясатта талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт ( қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша- несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%- ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ-ні 4% - ке кемітеді.
Бақылаудан шыққанинфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері 60- жылдардан бастап, баға мен табыс арақатынасы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте нарықтық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.
Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы

Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіпқысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында (қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушы лардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Экономиклық өсудің қарқыны процентпен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.
Инфляция өсу қарқыны процентпен өлшенетін белгілі бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады. өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заианында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қорытынды

Макроэкономикалық тұрақтандырудың бағдарламасы
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға өту үшін осы бағыттағы әлемдік тәжірибеде жинақталған классикалық принциптерді қатаң басшылыққа алу керек. Макроэкономикалық тұрақтандырудың басты бағыттарына мыналар жатады:
• мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою және шамадан тыс, артық ақша эмиссиясы мен несиені шектеу;
• бағаларды ырықтандыру (либерализация). Бағалар ұсыныс пен сұраныс негізінде анықталады;
• меншік иелерінің құқығын және олардың шаруашылық келісім шарттарының орындалуын қамтамасыз ететін заңдарды шығару;
• мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, сонымен қатар жеке тұлғалардың жаңа кәсіпорынды құру құқығын заңдастыру, мемлекет меншігінің басым бөлігін сату және әр түрлі салалардағы монополияларды жою;
• ашық түрдегі экономиканы қалыптастыру, еркін сауда қатынастарын дамыту, шетелдік инвестицияларды қорғау, пайданы репортациялау (әкету) мүмкіндігін және ұлттық валютаның айналымын қамтамасыз ету;
• экономикаға мемлекеттің тікелей араласуын шектеу, экономикалық реформалардың табысты аяқталуы, мемлекеттік дәстүрлі ролін қайта қарауды қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің басты міндетіне меншік құқығын жүзеге асыру және жасалған шаруашылық келісімдерді қамтамасыз ету мен қорғау, монополяға қарсы саясат жүргізу, әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, инфрақұрылымның негізгі салаларының дамуына көмектесу және т.б. жатады.
Нарықтық экономикада макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.
Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің басында (1990 жыл) басқа старттық жағдайда болды. Республика экономикасы Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенімен тығыз біріккен болды. өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990 жылы халықтың жинақтағы қалдығы 13 млрд. сом құрады, ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17 млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің 76 %-нан көбін құрады. Жабыңқы инфляция ашық инфляцияға ұласты және де қаржы жүйесі бақылаудан шықты.
Қазақстан реформаны дербес тек 1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаны енгізгеннен кейін 1994 жылдан бастап жүргізе бастады. Рерформа жылдарында мерзімдік баспасөз келтірілгендері бойынша инфляция деңгейі 13250 есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жылдың деңгеінің 50 %-5а жетт37
Қазақстан үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламалары (1993-1995 жылдар) және (1994-1995 жылдар) өндіріс құлдырауын және инфляциялық процестер дамуын тоқтатпады. Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық тұрақтандыру мен өндріс құлдырауын тежеу міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы-бюджет және ақша-несие саясатын қатайтты, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға шаралар, салықтар туралы жаңа заңдар қабылдады, экспорт секторларының кәсіпорындарын шетел фирмаларына басқаруға жолы мен кейін кәсіпорынның бақылау пакетін алу мен меншікті жекешелендірудің радикалды нышандарын енгізді. 16 мың мемлекет кәсіпорындары жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорт секторын ұсынатын өнеркәсіптің ірі жетекеші кәсіпорындары.
Жапонияда, Оңтүстік Кореяның өтпелі экономикасының практикасы көрсеткендей жақсы бағдарламалардың болуы жеткіліксіз, осы бағдарламаларды қатаң жүзеге асыру бойынша мемлекеттің араласуы қажет етіледі. Әңгіме жоспарлы жүйеге қайта келу туралы емес, мемлекеттің басқарудың нышандары мен механизмдерін енгізу, ұлттық экономикалық пробдемаларды шешуде мемлекет пен жеке сектор арасында өзара әрекет пен тең құқықты әріптестік орнату туралы.
Экономикалық өсуге және экономиканы тұрақтандыруға жету үшін жеке сектордың да мемлекеттің де ыждағаты қажет.
Мемлекет, жалпы қабылдағандай, жеке инвесторлар (отандық және шетел) Қазақстанда Ұсынымсаласын табуына қолайлы жағдайлар құруы қажет.
Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы”, “Салықтар мен бюджет басқа міндетті төлемдер туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу” және “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңдар қабылданды, бұл шетел және отандық инвесторлар үшін ең қолайлы режим құруға жол ашты.
Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықталды. Жеңілдіктер мөлшері экономика секторының басымдылығына және тікелей инвестицияның көлеміне тәуелді. Екіншіден, заң жобаны жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар, шикізат пен материалдар импортын баж салықтарынан жартылай немесе түгелдей босатуға жол ашады. Осының бәрі 1998 жылға таман Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыруға және оны көтеруді жолына бағыттауға жол ашты.

Қолданылған әдебиет тізімі

1. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанов “Макроэкономика” Алматы, 2003
2. Сахариев С.С , Сахариева А.С. “Әлем экономикасы” І,ІІ том
Алматы, 2003
3. Сахариев С.С , Сахариева А.С. “Жаңа кезең экономикалық теориясы”
Алматы, 2004
4. Тарасевич Л.С. В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Галыпин “Макроэкономика” Санкт- Петербург, 1997
5. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. “Жалпы экономикалық теория” Алматы-Ақтөбе, 2002
6. Я. Әубәкіров, Нәрібаев К., М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев “экономикалық теория негіздері” Алматы, 1998
7. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
8. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999ж.
9. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Қаржы-Қаражат, 1998ж.
10. Бухгалтерский учет и отчетность в банках Г.С.Сейткасымов, К.О.Шаяхметов, Г.Т.Абдраимова, Алматы, Қаржы-Қаражат, 1998 ж.
11. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А.Ғумар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс, 2000ж.
12. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Қаржы-Қаражат, 1995 ж.
13. Банки Казахстана журналы №5 2000 ж.
14. Банк хабаршысы 2000 ж.
15. Пансков Г.Г. Главное финансовое стабилизация. Финансы. 1999 №12. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен