Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;
- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). ІІІарпу мөлшеріне қарай ден-саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бұл түрлері тереңде жасырын түрде дамып, бұлшық еттердің, сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-ның 4 дәрежесі болады:
- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д 100-200 рад. шамасында енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;
- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функииялары бұзылады. Өлім шығыны 20%;
- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. Үшінші дәрежеде қан денешектерінің (лейкоцит, эритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;
- төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады.

СӘУЛЕЛЕНУ ШАРПУЫНА ТҮСКЕН АДАМДАРҒА КӨРСЕТЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекішлердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қыиндыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.
Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккеңдерге көмек толық көрсетіледі.
Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді. противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қазғады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-200С шамасында болуға тиіс, науқасты салқыңдатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аэрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген кимірдің 25-30 г., күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. '15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.
Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер жәке шоқтан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек Тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организімге сусындар сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.
Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмеккс мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші - емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.
Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күйю, т.б.) да есепке алынады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?