Биология | Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы
Көгершін аскаридиозы
Аскаридиоз - Қазақстанның шығысында көгершіндер арасында ең кең таралған гельминтоз екені анықталды. Инвазия қоздырушысы - Ascaridia columbae жұмыр құрты. Ол көгершінтектес құстардың көптеген түрлерінен, оның ішінде жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен анықталған. Европада (Франция, Германия, Италия, Испания, Россия), Солтүстік Америкада (Америка Құрама Штаттары), Оңтүстік Америкада (Бразилия), Азияда (Индия), Африкада (Дагомея) мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралған.
К.И. Скрябин 1905 - 1911 жылдары Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықтаған.
Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен бірінші рет анықталып отыр. Көгершіндердің ағзасынан бөліп алынған аскаридиалардың еркегінің ұзындықтары 15 - 30 мм, ұрғашысының ұзындығы 35 – 45 мм. Микроскоп астында қарағанда аузын қоршаған 3 ерні айқын көрінеді. Ол 3 - ші микрофотосуретте көрсетілген.
Микрофотосурет 3 – Көгершін аскаридиасының бас жағы
Аскаридианың еркегінің құйрық жағы үшкірленіп біткен, екі жағында қанат тәрізді тері өсіндісі байқалады. Артқы тесігі айналасында сақина тәрізді сорғыш жабыспағы бар. Құйрықтың екі жағын байлай 12 жұп жыныс бүртіктері орналасқан. Спикуласы екеу, ұзындықтары бірдей және 1,2 мм - ге тең. Ол 4 - ші микрофотосуретте көрсетілген.
Микрофотосурет 4 - Еркек аскаридианың құйрық жағы
Ұрғашы аскаридиалардың құйрығының бір жағы қиғаштала келіп, үшкірленіп біткен. Артқы тесігі құйрық ұшынан 1,2 мм қашықтықта, ал бәтегі (вульвасы) 5 – ші микрофотосуретте көрсетілгендей, денесінің ортасынан сәл бас жағына қарай орналасқан.
Микрофотосурет 5 – Ұрғашы аскаридианың бәтегі (вулвасы)
6 – шы микрофотосуретте көрсетілгендей көгершін аскаридиасының жұмыртқасы сопақтау, орташа ұзындығы – 0,089 мм, ені – 0,057 мм. Индекс формуласы –1,6. Қабығы қалың, екі қабатан тұрады. Сирек кішірек және домалақтау жұмыртқалар да ұшырасады. Олардың орташа ұзындығы – 0,058 мл-ге, ені – 0,042 мм тең. Индекс формуласы – 0,14.
Микрофотосурет 6 – Көгершін аскаридиасының жұмыртқасы
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықталған Ascaridia columbae құрылысы ғылыми әдебиеттердегі сипаттамаларға сәйкес келеді.
Көгершіндердің нәжіс сынамаларын овоскопиялық әдіспен зерттегенде олардың нәжісімен сыртқы ортаға ұрығы әлі дамымаған аскаридиа жұмыртқалары шашылатыны анықталды. Сыртқы ортада қолайлы жағдай болса, яғни жеткілікті ылғал мен сыртқы орта температурасы +10°C - тан жоғары болғанда жұмыртқа ішінде инвазиялық балаңқұрт дамиды. Инвазиялық сатыға дамыған балаңқұрты бар жұмыртқа көгершіндерге жем, су ақылы жұғады. Қазақстанның шығысында ауа райының ерекшелігіне байланысты көгершін аскаридиасының жұмыртқасының сыртқы ортада (көгершін қорада) инвазиялық сатыға дамуы сәуір айының ортасынан басталып, қазан айының ортасына дейін созылуына жағдай бар.
2 - ші кесте деректерінен көрінетіндей, ИЭ - гі мен ИИ - гі маусым, шілде, тамыз, яғни жаз айларында ең жоғары деңгейде боладыі. Үй көгершіндерінде ИЭ - гі 85±7,8 % - ға, ИИ - гі 6,4± 1,56 аскаридиа жұмыртқасына тең. Жабайы көгершіндерде бұл көрсеткіштер төмен, ИЭ - гі 41,8±6,2 % - ға, ИИ - гі 2,7±0,42 аскаридиа жұмыртқасынан аспайды. Кейбір аулаларда ұсталатын үй көгершіндерінде ИЭ - гі 100 % - ға, жекелеген үй көгершіндерінде ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 15 - 16 аскаридиа жұмыртқасына жетіп, аскаридиоз жіті өтеді және негізгі клиникалық белгілері байқалады. Жылдың бұл уағында көгершіндер жаппай балапан шығарып, саны артады және сыртқы орта температурасы аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт дамуының жылдам жүретін, +27-40°C аралығында болады. Аскаридиалармен залалданып өлген көгершіндердің өлекселерін сойып тексергенде аскаридиалар негізінен олардың аш ішегінің алғашқы бөлігін мекендейтіні анықталды.Тек жекелеген аскаридиалар аш ішектің ортаңғы бөлгінен анықталды. ИИ - гі үй көгершіндерінде 1 - 38 аскаридиа болса, жабайы көгершіндерде ИИ - гі 1 - 3 аскаридиадан аспады.
Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің ағзасында аскаридиалар жыл бойы паразиттік тіршілік етіп, жұмыртқа салатынын көрсетті. Аскаридиозға шалдыққан көгершіндер нәжісімен аскаридиа жұмыртқаларын сыртқы ортаға шашып, инвазия қоздырушысын таратады. ИЭ - гі мен ИИ - гі жыл маусымына, құс жасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл көрсеткіштер жабайы көк көгершіндермен салыстырғанда үй көгершіндерінде анағұрлым жоғары.
Көгершіндерді үйде ұстап өсіру олардың арасында аскаридиоздың таралуына қолайлы жағдай туғызатынын көрсетті. Үй көгершіндерінің қораларында аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт дамуына өте қолайлы жағдайлар бар. Қора көлеңке, тікелей күн сәулесі түспейді. Көгершін нәжісі уақытылы жиналмайтын, олар жиі және көп қонақтап отыратын орындарда олардың қиы 15 - 20 см - ге қалыңдап, ылғал жақсы сақталады. Ал, көбіне ашық жерлерге және жеке-жеке түсетін жабайы көгершіндердің саңғырығында аскаридиа жұмыртқалары инвазиялық сатысына дейін дамый алмай, көбіне жойылатыны белгілі.
Үй көгершіндерінің арасында аскаридиоздың кең тарауының тағы бір себебі, олардың үнемі бір орында жем жеуі, су ішуі. Сөйтіп, аскаридиа жұмыртқалары сыртқы ортада жиналып, инвазиялық сатысына дамиды және көгершіндерге жұғуы жылдамдайды.
Ғалыми зерттеулерден белгілі нәтижелермен салыстырсақ, Қазақстанның шығыс өңірінің табиғи-климаттық ерекшелігі, аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт мамыр айында 25 - 26 күнде, маусым айында 9 - 10 күнде, шілде және тамыз айларында 6 - 7 күнде дамуына мүмкіндік береді. Күз айларында ИЭ - гі мен ИИ - гі төмендейді. Оның бірінші себебі, сыртқы орта температурасының төмендей бастауымен байланысты аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрттың даму мерзімінің ұзаруы. Қыркүйек айында ол 14 - 15 күндей. Екінші себебі, бұл кезде көгершін балапандарына жаз айларында жұққан аскаридиалар әлі жыныстық өсіп-жетіліп үлгермегендіктен жұмыртқа салмайды. Қазан айының ортасынан бұл өңірде сыртқы орта температурасы +10°C - тан тұрақты төмендеп, аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрттың дамуына жағдай болмай, ол тоқталады.
Үшінші себебі, зерттеулерге қарағанда күз айларында құс денесінде 11 айдан аса паразиттік тіршілік еткен аскаридиалардың бір бөлігі табиғи жағдайда өліп, иесінің ағзасын босата бастайды. Овоскопиялық зерттеулер қыста ИЭ - гі мен ИИ - гі біршама көтерілетінін көрсетті. Ғалымдар оның себебін ағымдағы жылы құстарға жұққан аскаридиалардың жыныстық өсіп-жетіліп, жұмыртқа сала бастауымен түсіндіреді. Қыста сыртқы ортада аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұрт дамуға жағдай болмаса да, әсіресе үй көгершіндері ұсталатын қора ішінде олар көктемге дейін сақталады және жиналады. Өйткені аскаридиа жұмыртқалары тек сыртқы орта температурасы +43°C - тан жоғарласа немесе - 43°C - тан төмендесе жойылатыны анықталған. Ал, Қазақстанның шығысында сыртқы орта температурасы +43°С - қа көтерілуі немесе –43°C - тан төмендеуі өте сирек болады. Осығын байланысты бұл өңірді мекендейтін жабайы және үй көгершіндері арасында аскаридиоз кең тарап, тұрақты инвазия ошақтары қалаптасқан.
Сәуір айының ортасынан бастап сыртқы орта температурасы тұрақты +10°C - тан жоғарлап, аскаридиа жұмыртқаларында инвазиялық балаңқұрт дамып, көгершіндерге жұғады, сөйтіп ИЭ – гі мен ИИ - гі қайта көтеріле бастайды.
Көгершіндердің аскаридиалармен залалдану көрсеткіштерінің құс жасына байланысты өзгеруін анықтау үшін 2003-2005-ші жылдары сәуір айының ортасында жұмыртқадан шыққан үй көгершіндерінің балапандары аяқтарына сақина салу арқылы белгіленіп, олардан 1 жасқа толғанша ай сайын нәжіс сынамалары алынып, Дарлинг әдісімен зерттелінді. Зерттеу нәтижелері 1 - ші және 2 - ші суреттерде берілген.
Овоскопиялық зерттеулер аскаридиа жұмыртқалары алғаш жасы 2 айға толған балапандардың нәжісімен бөліне бастайтынын көрсетті. Бұл өңірде көгершіндер сәуір айының ортасында балапан шығара бастайды және осы кезде сыртқы орта температурасы тұрақты +10°C - қа көтеріледі де жоғарыда айтылғандай аскаридиа жұмыртқасының инвазиялық сатыға дамуы жүре
бастайды. Бұл жағдайда ол 30 - 35 күнге созылып, мамыр айының ортасында аяқталады. Осы кезде көгершін балапандары да толық өздері дәнмен азықтануға көшеді. Олар мамыр айының ортасында, бір айлық жасында инвазиялық сатысына дамыған аскаридиа жұмыртқаларын жұқтырады. Зерттеулерге қарағанда ересек құстармен салыстырғанда құс балапандары ағзасында аскаридиалар тез өсіп-жетіледі де балапандарға жұққан соң 27 - 37 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Бұл көгершін балапандары 2 айлық жасқа толатын маусым айының ортасына сәйкес келеді. 1 - ші суреттен шілде айында балапандар 3 айға толғанда ИЭ - гі жоғарғы деңгейге көтеріліп, ол қаңтар айының аяғына, балапандар 9 айлық жасқа толғанша сақталатынын көреміз. Бұл кезде ИЭ - гі 90,9 ±8,9 – 90,3 ±8,7 % аралығында болды.
Балапандардың жасы 10 айға толғанда ИЭ - гі біртіндеп төмендей бастайды. Оның бірінші себебі көгершін ағзасындағы кейбір аскаридиалардың табиғи өлуі. Екінші себебі ересек көгершіндердің организімінде аскаридиаларға қарсы иммунитетінің қалыптасуы болып табылады.
2 - ші суреттен көрінетіндей, ИИ - гі 2 - 4 айлық балапандарда ең жоғарғы деңгейде, 7,6±1,3 – 9,6±1,6 аскаридиа жұмыртқасына тең. Оның басты себебтері құсқа жұққан соң жыныстық жағынан жетілген жас аскаридиалардың бұл кезде өсіп-өнуінің жоғарғы қарқынмен жүруі және маусым, шілде, тамыз (жаз) айларындағы сыртқы ортаның қолайлы жағдайында аскаридиа жұмыртқасында инвазиялық балаңқұртың даму мерзімінің қысқа болуы. +27-40°C - та аскаридиа жұмыртқасының инвазиялық сатыға дамуына 5-6 күн жеткілікті екені дәлелденген. Қазақстанның шығысында маусым, шілде, тамыз айларында сыртқы орта температурасы осы деңгейде болады. Көгершіндердің жасы 5 айға толғаннан бастап ИИ - гі біртіндеп төмендейді. Бұл кезде көгершін ағзасындағы аскаридиалардың өсіп-өнуі тежеле бастайды. Сонымен қоса жоғарыда баяндалғандай бұл өңірдің ауа-райы жағдайына байланысты қазан айының ортасынан бастап сыртқы ортада аскаридиа жұмыртқасының инвазиялық сатыға дамуына жағдай азаяды. Сөйтіп жылдың бұл кезеңінде көгершіндерге жаңадан аскаридиа көп жұқпайды.
Көгершіндердің нәжіс сынамаларын гельминтоовоскопиялық әдіспен зерттегенде ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 7-16 аскарида жұмыртқасы аралығында болғанда көгершіндерде аскаридиоз жіті өтетіні және негізгі клиникалық белгілері байқалатыны белгілі болды. Жіті аскаридиозға шалдыққан көгершін бір орында ұзақ отырады. Қауырсындары үрпиген, жылтырамайды. Сыртқы әсерлерге жауап беруі төмен. Аурудың бастапқы кезеңінде көгершіннің азыққа тәбеті нашар, соңынан мүлде тиылады. Суды жиі ішеді. Нәжісі сұйық, алғашында жасыл түсті, соңынан қара қошқыл. Жүдеп, салмағы күрт азайып, ауру көгершіндер өледі.
ИИ - гі 1-6 аскаридиа жұмыртқасына дейін болса, көгершін аскаридиозының ағымы созылмалы болады. Созылмалы аскаридиозға шалдыққан көгершіндердің қоңы төмендеп, салмағы кемитіні байқалды. Жылдық басып шығараптын балапандарының саны 2 есеге дейін азайып, әтұрлі ауруларға, оның ішінде авитаминозға жиі шалдығады.
Зерттеуде көгершіндердің жеке аскаридиозға шалдығуы сирек кездесетіні анықталды. Аскаридиоз жиі капилляриозбен, эймериозбен қабаттасып, ассоциативтік инвазия туғызады. Аскаридиозға қорытынды диагноз эпизоотологиялық, клиникалық, гельминтоовоскопиялық зертеу нәтижелерімен қоса, аурып өлген көгершіндерді сойып тексергенде олардың аш ішегінен ересек аскаридиаларды бөліп алу арқылы қойылды. Аскаридиозды дер кезінде анықтап, жедел және арнайы ем қолданбаса, әсіресе үй көгершіндері көп өлім-жітімге ұшырайды.
Зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей қорытындылар жасалды:
- Қазақстанның шығысында көгершіндер жиі аскаридиозға шалдығыды,
- ИЭ – гі мен ИИ - гі құс жасы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады және жаз айларында ең жоғарғы ал, қыс айларында ең төменгі деңгейде болады.
- ИЭ - гі мен ИИ - гі жабайы көк көгершіндермен салыстырғанда үй көгершіндерінде жоғары,
- Көгершіндерде аскаридиоздың ағымы жіті және созылмалы болады. Арнайы ем көрсетілмесе жиі өледі ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?