Экономика | Кәсіпкерліктің мазмұны мәні

Экономика | Кәсіпкерліктің мазмұны мәні

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым – қатынастарды қамтиды.Мұнда құқықтық, психологиялық,тарихи сәттер көрініс алады.
Кәсіпкерлік: мәні,мазмұны. Буржуазиялық -экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы 18 ғасырда қолданыла бастады.А.Смиттің ойы бойынша,кәсіпкер– сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады.Ол өндірісті өзі жоспарлайды,ұйымдастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша,бұл - өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын,экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп,иелігіндегі қажетті құралдарды (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады.Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындардың иесі,акционерлік қоғамның басқарушысы,кооперативтің жетекшісі, шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамассыз ететін құралдарға,жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты.
Экономиклық әдебиеттеде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр.Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз – аталған субьектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін,оны жоспарлау;өнімді өткізуде және т.б таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болу керек деген сөз.Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналасатын адамдардың өндіріс құрал – жабдықтарына,өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.Үшіншіден,өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты,инвестициялауды нақты қамтамассыз ететін белгілі экономикалық орта және қолайлы жағдай қажет.
Кәсіпкер- қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды,белсенді жаңалыққа,оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады;нысаналы нәтижеге жұмыс істейді,іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді,өзіне және серіктесіктеріне қатаң талаппен қарайды,адамдарды басқаруға,оларды әрдайым рухтандырып,іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім,икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда- кәсіпкердің сұранысты қамтамассыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарын ажырата білу қажет.Акция бойынша,дивидент,депозиттерге процент,жер үшін алатын рента,бұлар меншік иесіне түсетін табыстар.Бұл табыстың көзі – акционерлік компанияның басқару органдары,банк,арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып,жаңа өнімдер өндіріп,кредит беріп немесе жалға алған жерде ауыл – шаруашылық өнімдерін өндіріп,оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырады.Сонымен, меншік иесі – енжар,ал кәсіпкер - нарықтық байланыстарды қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болу қажеті жоқ,оның басты капиталы – ұшқыр қиял және тұтынушылардың психологиясын сезінуі.Нақ осылар кәсіпкерге пайда түсіреді.
Менеджер – шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы.Ол өз әрекетінде мүліктік жауапкершілікті мойына алмайды.

Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары

Кәсіпкер іс - қимылы мен тұрмыс жағдайы,мінез-құлқына қарай екі түрге бөлінеді.Біріншісі- бұрыңғы классикалық кәсіпкерлік-шаруашылықтың (кәсіпорын,фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып,нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер.Екіншісі- кәзіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік.Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес,әр түрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру- құқықтық жағынан: жекедара кәсіпкерлік,компаниялар және серіктестік болып бірнеше топқа бөлінеді.
Жеке-дара кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары бар.Бұлар мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей,сақталуына кепілдік және нарықтық қарым- қатынастардың барлық өкілдеріне заңда ескертілген жәйттерден тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтық қажетті инфрақұрылымның (биржа,холдинг т.б жүйелері) қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін болуы.
Мұндай қызметпен халықтың екі тобы айналысады.Біріншісі- жеке қызметпен жұмыс уақытынан тыс мезгілде айналысатын адамдар,яғни олар бұл қызметті өзінің істейтін кәсіпорындары мен мекемелерінде атқаратын жұмысымен қатар атқарады.Екіншісі- тек жеке қызметпен айналысатындар (зейнеткерлер,мүгедектер,үй шаруашылығындағы әйелдер және т.б.Осындай қызмет арқылы түскен табыс отбасының жалпы табыс мөлшерінің едәуір бөлігін құрып,олардың өзіндік меншігін ұлғайтудың маңызды көзіне айналады.
Компания. Компаниялардағы капитал- компанияға қатысатын мүшелерінің қосқан жарналарынан құралады.Олар:ақшалай,мүліктік,патенттік,авторлық немесе басқа да құқықтық және т.б. әр түрлі формада болуы мүмкін.Олардың барлығында компания мүшелерінің өзара келісімдері бойынша ақшалай бағаланады.Сөйтіп компания капиталында оның әрбір мүшесінің өзіндік үлестері болады.
Серіктестік- үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде сондай алынатын,барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке аралысатын шағын компаниялар болып табылады.
Серіктестік дегеніміз- бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесе кәсіпшілік жасауы.
Акционерлік қоғам. Қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға көшуге байланысты жүргізіліп жатқан экономикалық реформаны жүзеге асыру,соның ішінде меншік формаларын қайта құру ісінде акционерлік қоғам өзекті проблемалардың біріне айналып отыр.
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.Себебі,олардың мүшелеріне өздері қосқан үлестерін сол формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.Мәселен серіктестіктердің бір мүшесі үлесі ретінде ғимаратты өзіне қайтаруға талаптанады.Бұл жағдайда өндірісті тоқтату қажет болады.Міне,осыдан сақтану үшін серіктестікті акционерлік қоғамға айналдыруға болады.Мұндай қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай салынады да,оның құрамынан шыққанда үлесі ақшалай қайтарылады.Сол арқылы қоғамның бір мүшесінің одан шығуы өндірісті тоқтатудан құтқарады.Тек қана қоғамның ақша капиталын өз мөлшерінде кемітеді.Бұл- жабық акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғамның мүшелері капиталға қосқан өз үлесін дәлелдейтін акция алады.Және бұл қоғам бұндай әрекеттері бойынша,жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде жұмыс істейді.
Акция – бұл оның иесі акционерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін растайтын бағалы қағаз.Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы дивидент деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді.Сонымен бірге,акцияның бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.
Ациялар құнды қағаз нарықтарына – қор биржаларына сатылады және сатып алынады.Бірақ акция бағасы (акция курсы) әдетте осы құжатта көрсетілген ақша соммасына сай келе бермейді.Акция бағасы дивидендтің мөлшері мен процентінің мөлшеріне байланысты болып және өзінің және өзінің иесіне ақша салғаны үшін дивиденд сияқты табыс алуды қамтамассыз ете алатын ақша сомасына сай келеді.Ацияның нақты бағасы оның өзінде көрсетілген мөлшердегіден көтеріңкі болуы мүмкін.Ал егер дивиденд банк процентінен кем болса,онда акция бағасының төмен болуы мүмкін.
Қарапайым акциядан тыс ерекшке акциялар шығарылады.Және олар өзіндік айырмашылықтармен сипатталады.Қарапайым акцияларға түсетін дивидендтің мөлшері,біріншіден,шаруашылық жылының нәтижесіне тәуелді болса,(акционерлер арасында бөлінетін пайда бірде көп,бірде аз болуы мүмкін) ерекше акцияларға нақты белгіленген дивиденд анықталады (ол акция банкісінде көрсетілген).Бұл жағдайдағы дивиденд – акцияның номиналдық құнына сәйкес процентпен анықталады және оны қандай жағдайда болсын,кемітуге жол бермейді.
Кәсіпкерлік әрекеттің негізгі ұйымдастыру – құқықтық формаларын жоғарыда қарастырып өттік.Ендігі жерде одан кәсіпекрліктің ұйымдастыру-экономикалық формаларын айыра білуіміз қажет.Бұл кәсіпкерлер арасындағы өндірістік әрекетті ұйымдастыруға байлнысты көрініс береді.Сол арқылы кәсіпорындарды ұйымдастыру мен олардың даму жолдарын қарастыра аламыз ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?