Экономика | Кәсіпкерлік құқық негіздері

Экономика | Кәсіпкерлік құқық негіздері

КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынас¬тарды камтиды.
Бұл қатынастарды:
а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық, емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қаты¬настар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орыңдалуға тиісті құқықтық келісімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінін барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мумкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік құқықтык қатынастар мынандай қағидаттарға негізделеді:
1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;
2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлык меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;
3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;
5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;
6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:
1) кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;
2) шет елдердің сауда құқығы;
3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;
4) банкроттық;
5) республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру;
6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
7) кәсіп¬керлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;
8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін корғау;
9) экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады.
Ерекше бөлімі: монополистік әрекетті құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестициялавдыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне Конс¬титуция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айна¬лысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады.

2. Кәсіпкерліктің түрлері

Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;
2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Респбуликасының заң актілерінде жеке тұлға¬лар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлік міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міңдеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, ша¬руашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коопера¬тив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкер¬лік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс — мүліктік құқықтарды коса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды түлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азамат-тардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі. Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (не¬месе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырыла¬тын отбасылық кәсіпкерлік;
3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортак меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық). Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:
1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыры¬латын шаруа шаруашылығы;
2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық;
3) бірлескен қызмет туралы шарттын негізінде жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі биз¬нес субъектілері.
Жеке кәсіпкер:
1) еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісім шарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға;
2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға-бірігуіне кедергі жасамауға;
3) жаланып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңгейде төлеуге;
4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;
5) салықтарды және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдерді дер кезінде және толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
Занды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеқе тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінін жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсет¬кіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің ор¬таша жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерінін жал¬пы құны бір жыл ішінде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бо¬лып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооператив, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында жөне заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестік. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялык ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Ша-руашылық серіқтестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіқтерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан қөп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіқтің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жа¬уап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?