Құқық | Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддессін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтан өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін тілеу (мыс.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы «Ақмола қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы» 1471-санды қаулысын қараңыз), жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі және т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.
Ерлі - зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі - олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.
Бұған дейін де айтылғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі- зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне бірдей болып саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқаның бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы»).
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылардың өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгеніндей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайлар да сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.
Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төленеді.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге міндетті. Ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуға тиіс.
Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығына зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (І, ІІ, ІІІ) сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындығына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады.
Алимент алуды талап етудің екінші шарты – мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.
Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының (еңбекке жарамды болса да) мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайынан алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.
Материалдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық болуға тиіс. Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы дәлелді болғанына қарамастан, ол одан материалдық көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.
Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.
Некені тоқтату
Неке жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан («Неке және отбасы туралы» Заңның 15-бабы).
Бірінші жағдайда неке өздігінен тоқтатылады, қосымша әрекет етілмейді. Екінші жағдайда ерлі-зайыптылардың (екеуінің немесе бірінің) өз еріктерімен тоқтатылады.
Адам өлімі некелік және отбасылық барлық қатынастарды тоқтататын заңды себеп болып табылады. Қайғыны көтере білген жұбайы жаңадан некеге отырғысы келсе, онда ол бұрынғы некені тіркеген АХАЖ органдары берген зайыбының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетсе болғаны.
Заң мен сот практикасы әкелікті талап арызбен белгілеудің салдарына ұқсас, заңды салдар туғызатын, әкелік фактісі айрықша жағдайда белгіленуі мүмкін жағдайларды қарастырады.
Азаматтың әке екенін тану фактісі ол қайтыс болып кеткен жағдайда азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленеді («Неке және отбасы туралы» Заңның 48-бабы).
Әкелікті «Неке және отбасы туралы» Заңның 46, 47 және 48-ші баптарында көзделген тәртіппен, яғни баланың ата-анасының бірлесіп арыз беруі, сондай-ақ әкелікті сотпен белгіленген жағдайда, балалардың ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері болады («Неке және отбасы туралы» Заңның 51-бабы).
Заң баланың ата-аналарын туу туралы жазбалар кітабына жазу тәртібін белгілі ережелерге бағындырады.
Бір-бірімен некеде тұрған әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша ата-анасы болып жазылады.
Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба – анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы (немесе жалғыз әкесінің) бойынша, немесе соттың шешіміне сәйкес жазылады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 49-бабына сәйкес бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша бала әкесінің аты-жөні бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.
Некеде жоқ адамдардан туған балалардың тегін белгілеудің жоғарыда көрсетілген әдістерінен ерекшелігі, аталған жазу тәртібі баланың тек анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін туғызады.
Тіпті әкесі туралы мәліметтер баланың әкесінің, немесе соның атын, тегін алып жүрген басқа адамның шын атымен кездейсоқ сәйкес келсе де баланың анасының айтуымен жазылған әкесі туралы жазбалардың ешқандай да құқықтық салдар-себептері болмайды.
Бойға бала бітірудің жаңа әдісі жағдайындағы және баланың тууы кезіндегі ата-аналарды жазу тәртібі туралы ерекше айтуға тура келеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 49-бабының 4-тармағында қарастырылғандай, некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.
Ата-аналар мен балалардың құқықтары және міндеттері
Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келеді.
Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады:
а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде;
б) балалардың құқықтары мен мүдделеріне қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында;
в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда.
Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасындап өмір сүру және тірбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын (54-бап).
Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты («Неке және отбасы туралы» Заңның 55-бабы).
Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.
Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Егер ата-аналарының тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал, ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 57-бабы).
өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға баланың да құқы бар («Неке және отбасы туралы» Заңның 59-бабы).
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғауға олардың ата-анасының міндетіне жатады.
Ата-аналардың қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөніндегі ата-аналарының өкілдігі «Неке және отбасы туралы» Заңның 63-бабына сәйкес анықталады.
Ата-аналардың балалар тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері. Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата-аналардың ең маңызды жеке құқықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 62-бабы ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де екенін, олардың денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін көрсетеді.
Бала тәрбиелеуді ата-аналар бірлесіп жүзеге асырады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 60-бабы ата-аналардың өз балаларына қатысты мәндеттері мен тең құқықтары принциптерін жария етіп отыр. Бұрынғы заңдарға қарағанда жаңа Заңда ата-аналар құқығының тең болу принципі неке бұзылған кезде де сақталатындығы тікелей қарастырылмайды, сонымен бірге басқаша болуы да сөз болмайды.
Ата-аналар құқығын баладан бөлек тұратын ата-аналардың жүзеге асыру белгілі бір ерекшелік ретінде қабылданып отыр («Неке және отбасы туралы» Заңның 65-бабы).
Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы («Неке және отбасы туралы» Заңның 66-бабы).
Ата-аналар құқығы балалардың мүддесіне қайшы келмейтіндей жағдайда жүзеге асырылуы керек.
Осы принциптің негізінде Заң ата-ананы құқықтарынан айырудың және оларды шектеудің бірқатар жайларын айқындап беріп отыр.
Ата-аналар немесе олардың бірі бала тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерінен жалтаратын болса, баланы перзентханадан (бөлімшеден) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса, өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса, балаларға қатыгездік көрсетсе, сондай-ақ ата-ана заңда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, онда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 67-бабы).....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?