Құқық | Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқығы

Құқық | Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқығы

Мемлекеттік құрылысы. Үндістанның саяси тарихы біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдыққа таман зерттеле бастады. ІV ғасырда Солтүстік Үндістанда бірнеше мемлекеттер пайда болды. Олардың арасындағы ең ірілері Магадха мен Кошала: Біздің дәуірімізге дейінгі VІ – V ғасырларда олардың арасында үстемдік үшін қым – қиғаш күрес болды. VІ – ғасырда Үндістанның патшалықтары Парсының Ахеменидтер басқарған мемлекетімен араласып, тығыз қарым – қатынас құрды. Парсының Дарий патшасы Үндістанның сатраптарына салық төлетіп тұратын. V – ғасырда Магадха патшалығы Кошала мемлекетін өзіне бағындырып, Гималай мен Гангтың ортасындағы аудандардың бәрін басып алды. Бұл кезең Магадха патшалығының гүлденген уақыты еді.
327 жылы А.Македонский жүз мың әскерін бастап шығысқа қарай бет алды. Мақсаты – Азия мемлекеттерін өзіне бағындыру. Оның әскерлері Никея деген қаладан шығып, Согдиана мен Бактриядан өтіп, Қабылдық жанынан өтіп Үндістанның Батыс – Солтүстігіне шықты. Александр 12000 адамды өлтіріп, Гифазис деген өзенге дейін жетті. Содан кейін әскерлері әрі жүргісі келмей, қарсылық көрсеткеннен кейін, ол кейін қарай бұрылды. Біздің дәуіріміздегі дейінгі 563- жылы Үндістанда Будда туды.
Будда – Сидхартха Гаутама Будда атақты бай рудан шыққан. Ол 29 жасқа келгенде адамдардың өмірі, тіршілігі туралы ойланып түсінгісі келеді.
Гаутама қалған өмірін аштықта, терең ойда өткізген, оның пікірінше, әрбір адам Нирванаға (жарықтану, жарық болу) жету үшін әділетті, дұрыс өмір сүруі керек.
488 жылы Будда қайтыс болғаннан кейін осы буддизм діні Үндістанға және басқа да шығыс мемлекеттеріне тарады. Ашока буддизм дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. ашокадан кейінгі кезең, буддизмнің алтын ғасыры. Бірақ 183 жылы Пушьямирита Шунга Маурья тұқымының соңғы императорынан билікті тартып алғаннан кейін Үндістанға Индуизм діні қайтып келді. Бірақ біздің дәуірдің бірінші ғасырының соңында Кушан империясы қайтадан Буддизм дінін таратты. Қасір буддистердің саны 500 миллионнан көп. Ашока өлгеннен кейін Үндістан мемлекеті ыдырап кетті де, оның тұқымдары тек қана Магадха мемлекетінде үстемдігін сақтап қалды.
Үндістанның патшасы: Түсінік бойынша Кшатрий Құдайдың тұқымы, құдай оны осы ердің адамдарының бәрін сақтап қалу үшін шығарған. патша от, жел, күн және ай, әділеттік соттың бастығы, ол ең жоғарғы адам. Бірақ ману заңдары бойынша патшаның құқықтары шектеулі, ол бір жағынан брахмандардың берген ақылдарын тыңдауы керек, екінші жағынан ол кейбір талаптарға сәйкес болуға тиісті. Ману заңдары бойынша патша сұлу, кемшілігі жоқ, брахмандардың және меншігін сыйлайтын және олардың ақылдарын алатын адам. 111-бабында былай делінген: «Ақылсыздықпен өз елін азыпқа салған патша тез арады ағайын – туыстармен бірге елден және өмірден айырылады. патша өзінің патшалығын қорғау үшін батыр адам болуға тиісті. Патша сот ісін басқарады, жаза кезеді, салық жинайды, бұның бәрі бірге «стхана» деп аталады.

Ежелгі Үндістандағы құқық
Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сөз болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мүраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бұл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
"Үндістан" сөзі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзен атынан шыққан. Үнділердің өздері оны "Синдху", ирандықтар "Хинду", гректер "Индос", ал оның жағалауы тұрғындарын "индтер" деп атаған. "Үндістан" (Индия) сөзінің астарында "индтер елі" немесе "үнділер өлкесі" деген мағына жатыр.
Ежелгі Үндістаннын мемлекеті мен құқығында Ежелгі Шығыстың бүкіл құл иеленушілік мемлекеттеріне тән типтік белгілермен қоса біраз өзгешеліктер де бар. Ол өзгешеліктерге қоғамның касталық құрылымы жатады. Бұл құрылым мемлекеттік белгі ретінде бүгінгі күнге дейін сақталған. Сол сияқты Үндістанда ұзақ уақытқа дейін селолық (ауылдық) қауымдық белгілері сақталып қалған.
Елі және халқы. Ежелгі Үндістанның мемлекеті "Үндістан" деп аталатын орасан үлкен түбектің солтүстік бөлігінде, Үнді және Ганга өзендерінің мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы жағалауларында орналасты. Бұл аудандарда бүрыннан байқалған су тапшылығы ерте кезден бастап-ақ суармалы жүйе жасауды қажет етті.
XX ғасырға дейін Үндістанның ежелгі тарихы ғалымдарға б.д. дейінгі 2-мыңжылдықтың ортасынан, яғни оларды арий тайпаларының жаулап алған кезінен бастап белгілі. Бірак, XX ғасырдың 20-жылдары Махенджо-Даро мен Хараппа маңайында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бұл ұлы елдің ежелгі тарихы туралы түсініктерді едәуір тереңдетті. Ғалымдар Махенджо-Даро мен Хараппаның болған кезеңін б. д. дейінгі 3-мыңжылдыққа және материалдық мәдениеттің мұндай жоғары деңгейіне жеткен қоғам сөзсіз таптық қоғам деген тұжырымға келді. Сол себептен Үндістан жерінде қоғам мен мемлекеттің дамуы, пайда болу кезеңі Египет пен Месопотамиядағы мемлекетгердің пайда болу кезеңімен шамалас.
Мұрагерлік құқық. Ежелгі Үндістанның мұрагерлік құқығына өсиет бойынша қалдыру деген жат. Мүлік марқұмның тек қана ұлдарының бөлінісіне жатады. Ұлдары арасында тең бөліске түседі, бірде біреуі одан шет қалдырылмайды (IX, 104-бап). Олар, яғни мұрагерлер бөлінбеуге де болады, ондай жағдайда олар бөлектенбей, әкесінің ескі шаруашылығында үлкен ағаларының басшылығымен бірге тұрулары керек (IX, 105-бап). Мүлік бөлінісі жағдайында да үлкен ұлы жиырмадан бір бөлігіндей көлемде қосымша үлес алады. Қыздарға да белгілі көлемде, бірақ жасау ретінде ғана мұра тиесілі. Яғни, олар мүлік бөлінісінен түгелдей ажыратылған, ағалары өз иеліктерінен міндетгі түрде төрттен бір бөлігін берулері керек. Қарсы болар болса, ондай үл отбасынан аластатылады (111, 118-бап).
Егер марқұм тұрмысқа берер кезде қызының ұл табуын тілеген болса, одан туған ұл да жаңағы адамның мұрагерлігіне тартыла алады. Ондай жағдайда мұра марқұмның өз балалары мен қызының ұлы арасында тең бөліске түседі. "Баласыз адамның меншігін атасы-әкесі және аға-інілері ала алады. (111, 185-бап). Яғни, баласы жоқ жағдайда, 6 атаға дейін ағайындары мұрагерлікке тартыла алады. Туған-туысқандар арасындағы берік сыйластық, татулық Ману заңдарының 111 тарау, 104-бабында көрініс тапқан. "Ұлдары әкесі мен шешелері өлген кезде бірігіп, әке мүлкін теңдей бөлісіп алуларына болады, ал олардың тірі тұрған кезінде құқығы жоқ". Бұл үлкенге деген құрмет пен ата-анаға ізеттің үлкен көрінісі емес пе. Әр әйелден туған баланың бөлісудегі орны анасының варнасына байланысты болған. Ұлының өз еңбегімен тапқаны мұра үлесіне жатпайды. Шашпа, зиянкес ұл (егер кезінде әкесінің оны солай атап, мұрадан тыс қалдырылуын қалаған болса) әке мүлкін бөлісуден шет қалдырылуы мүмкін. Ауылдастық қауымның нығаюынан бөліске тек жылжымалы мүлік қана түсе алатынын байқау қиын емес. Жер бөліске түспейтін.
Мұрагерлікті заң жолымен шешкен кездерде варналардың ара қатынасынан тәуелділік байқалады. Үстем тап өкілдері, яғни, осы заңдарды құрастырушылар өз мүдделерін көздейтін қанаушылық сипаттағы заңдарды да бұл жинаққа енгізіп жіберген. Мысалы, "қайтыс болтан брахманның меншігін ешқашанда патша алуға тиіс емес",-деген ережеден осыны байқауға болады. "Ал өзге варнадағы адамдардың мұрагерлері жоқ болса, патшаның олардың меншігін өз қарамағына алуға еркі бар". Бұл, әрине, брахмандардың заңға тек қана өз мүдделерін енгізгендігінің дәлелі ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?