Құқық | Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары

Құқық | Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары

Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауiпсiздiгінің негізгі мақсаты: жол-көлiк оқиғаларынан жарақаттану мен өлiм-жiтiмдi төмендету. Негiзгi мiндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру. 2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту
Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейiн арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауiптi учаскелердi жою жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлiк оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлiк жүйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда.
Автомобильдендіру өзімен ілеспе кешенді тапсырмаларды шешуді талап етеді, онсыз автомобильдің әлеуметтік жалпыға бірдей дамуында қалаған тиімділік пен жағымды әсерін қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Автомабильдендіру мемлекет экономикасына мұндай үлкен ауқымда жағымды, ыңғайлы және тиімді әсерлерімен қатар адамдарға негативті құбылыстарын туғызуы мүмкін: адам шығыны, жол-көлік оқиғасы кезінде үлкен көлемде материалды шығын, шуыл, қаланың ауа бассейінін газдау, көшелерді автомобильдермен жауып қалу, көлік кептелісі және қозғалыс жылдамдығының тез төмендеуі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында автомобильдер жолдары көптеген аймақтарда жалғыз ғана көлік қатынасы болып табылады, оған қоса автомобиль көлігі республикааралық, халықаралық тасымалдау жұмысында кеңінен пайдаланылып келеді. Қолданылатын қатты төсемді жолдардың 80 пайызға жуығы 60-70 жылдары техникалық талаптар мен шетел тәжірибелері ескерілмей салынған, оған қоса көптеген жол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жол жағдайлары назардан тыс қалған, сондықтан мұндай жолдар жоғары жылдамдықты дамыта алатын қазіргі заманғы автомобиль талаптарына сәйкес келмейді. Бұл – жол-көлік оқиғалары санының өсуіне, мыңдаған адамдардың қайтыс болуына және жарақат алуына, материалдық байлықтардың шығыны ұшырауына себеп болады. Статистикалық деректерге қарағанда жер бетіндегі ең көп тараған індеттен өлген адамдардан гөрі жол апаттарынан қаза болған немесе зардап шеккендердің саны жылдан – жылға көбейіп келеді.
Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының деректеріне сүйенсек, соңғы бес жыл ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде облыста 780 адам қаза болып, 5000 – ға жуық адам әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған, олардың 20 пайызын жол жағдайларының қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі құраған.
2012 жылдың 8 ай ішінде еліміз бойынша статистикалық деректерге сүйенсек 8 376 Жол көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген, бұл көрсеткіш 2011 жылдың деректері бойынша 6 903, яғни бұл жылдан – жылға өскендігін байқалады. Тәулік мезгілі бойынша жол-көлік апаттары ең жиі жағдайда кешкі уақытта 19–23 сағат аралығында орын алады – тәуліктік саннан 31,3%
Тәулік уақыты бойынша ЖКО айтарлықтай саны таңғы сағат 7-ден 8-ге дейін де орын алады – 7%, Бұның себебі алыс қашықтыққа шыққан жүк автомобильдерінің жүргізушілерінің дем алмай шамадан тыс көлікті басқару болып табылады, осының салдарынан көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кетулері жиі ұшырасады.
– өткелдерде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі 3 597;
– көлік құралдарының өзара соқтығысуы 2 771;
– көліктердің аударылуы 1032;
– жануарларды басып кету 28;
– жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтамау: оның ішінде жылдамдықты арттыру – 2 072 рет тіркелсе;
– велосипедшілерді басып кету – 190;
– тағыда басқа жол көлік оқиғасы тіркелген.
Сондай-ақ ЖКО салдарын басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, мысалы 86 миллон халқы бар Германияда статистика бойынша , 2010 жылы 90 кәмелетке толмаған азаматтар қаза тапса, ал Қазақстанның 15 миллион халқынан 8 ай ішінде 171 бала қаза тапқан.
Міне осының бәрі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын дұрыс ұйымдастыру мәселесін алға қояды. Жол қозғалысын ұйымдастыру – көпжақты күрделі мәселе. Бұл күрделі мәселені шешуде ғылым мен техниканының жетістіктерін толық пайдалану және заңдылық және ережелерді сақтаудың, статистикалық мәліметер мен үгіт-насихат жұмыстарының орасан зор маңызы бар.
Жолдарда жүру қауіпсіздігін сақтау мәселесін жол жағдайынан және онда жүруді реттеуді ұйымдастыру мен көлік құралдарының техникалық күйінен бөліп қарауға болмайды. Жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін жүргізілетін барлық шаралар негізінен жол қозғалысына қатысы бар адамдардың тәртібіне, көбінесе жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтауына байланысты. Сондықтан да көлік құралдарын техникалық жағынан жетілдіру шараларымен қатар, апаттарды болдырмау үшін, барлық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін және жол қозғалысына қатысы бар басқа да адамдардың жол жүру тәртібін қатаң сақтауын әдетке айналдыру керек.
Жол қозғалысын ұйымдастырудың ең күрделі және іргетасын қалаушы мәселелері жоғары деңгейде, яғни мемлекет органдарымен шешіле алады. Бұл мәселе заңдық шешімдерді, жалпы мемлекеттік стандарттаумен жобалауды талап етеді.
Жол қозғалысын ұйымдастырудың одан кейінгі деңгейі – мекемелік деңгей. Әр түрлі мекемелер автомобиль көліктерінің жұмыстарын, жолдарды қалыпқа келтіру, т.б. жұмыстарын басқарып жүргізеді. Бұл деңгейдегі басты бағыт – қоғамдық қала көліктерімен жолаушыларды тасымалдауды дамыту мен жетілдіру, жүк тасымалдау жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, жетілдіру болып табылады.
Қазақстанның жалпы пайдалану жолдары өздерінің негізгі көлемдері бойынша (85% шамасында) қос жолақты және жүргін бөлігінің жалпы ені 7-8 мерт болатын ІІІ және ІV техникалық санаттағы жолдарға жатады. І санатағы төрт жолақты жолдар негізінен Астана, Алматы қалаларында және кейбір облыстарының кіре берісінде салынған. Олардың автомобиль жолдарының жалпы желісіндегі ұзақтығы 1%-дан аспайды. Кейінгі жылдары көлік және көше-жол торабы аралығындағы қақтығысулар көбейіп келеді. Толассыз көлік ағыны үлкен қалалар көшелерін басып кетеді. Жеке автомобильдердің қозғалыс жылдамдығы қарбалас жүріс сәтінде 8-10 км/сағ дейін азаяды. Автомобильдендірудің көптеген жарамсыз зардаптары мен практикалық тәжірибелер түсіндіріледі. Жалпы жол көлік оқиғасы деп көлік құралдарының қозғалыс кезінде қозғалыс режимінің бұзылуына байланысты болған оқиғаның салдарынан адам мерт болуы немесе жарақаттануы, сонымен қатар көлік құралдарының, қондырғылардың бүлінуі немесе материалдық шығын келтіруін айтамыз.
ЖКО жайлы мәліметтерді жинау және есепке алу елімізде арнайы ережелермен реттелген, дегенмен барлық ЖКО-ың олардың қай жерде болуына қарамастан міндетті түрде есепке алады. ЖКО статистикасының көрсетуінше, тәуліктің қараңғы уақытында қозғалыс қауіптілігі артады. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстың ең негізгісі ЖКО-ың есепке алу болғандықтан ол икемді әрі тұрақты болу қажет. Тұрақтылығы есепке алудың негізгі шарты болып табылады.
МАИ-да әрбір ЖКО-ға сәйкес құжаттар негізінде «ЖКО-ның есептік карточканы» толтырып, 3 жыл мерзімде сақтайды. Есептік карточка екі данадан толтырылады. Біреуі аудандық, қалалық ішкі істер бөліміне, екінші ішкі істер министірлігінің МАИ бөліміне, МАИ-дың аймақтық аппаратына талдауға жіберіледі, сосын кодпен хабарланады. Хабар кодты хабар түрінде КСРО ішкі істер министірлігінің есепке алу және ақпарат Бас ғылыми-зерттеу орталығының Есептеу орталығына (ГНЦУИ) беріледі, берілген хабар негізінде елімізде және жеке аудандардағы апат жағдайына талдау жүргізеді. БҰҰ-ның экономикалық комиссиясының мәліметтері бойынша жүргізушілер кінәсінен 20%, көлік құралдарының техникалық ақаулығы бойынша 5%, жол жағдайының қанағаттанарлықсыздығынан 70%, жаяу жүргіншілердің және велосипедшілердің кінәсінен 5% адам өлімімен немесе жараланумен байланысты ЖКО болады. АКК және жол қозғалысын ұйымдастыруда ЖКО-ның есебін қозғалыс қауіпсіздігі инжинерін жүргізеді. Оқиға туралы мәліметтер ЖКО-ның есеп журналына тіркеледі және МАИ мәліметтерімен мерзімді тексеріліп отырады. Есеп журналының үлгісін одақтас республикалардың сәйкес министірліктері мен ведмостволары бекіткен.
Жүргізушілер кінәсінен болатын ЖКО-ның негізгі себептері:
– қауіпті жағдайда жүру жылдамдығын жоғарлату, озу ережесін бұзу және сол жаққа шығу;
– қиылыстардан өту ережесін бұзғандығы;
– жаяу жүргіншілердің көп жерлерде абайсыз жүру;
– жаяу жүргіншілер кінәсі бойынша ЖКО болуының негізгі себептері;
– жақын келе жатқан көлік алдынан көшені кесіп өту;
– көрсетілмеген жерден көшені кесіп өтуі.
ЖКО туралы статистикалық мәліметтерді талдау қалада және тұрғылықты жердегі ЖКО-ның көп бөлігін көлік құралының қақтығысуы мен жаяу жүргіншілерге басып кету құрайтындығын көрсетеді. Бұндағы негізгі себеп болып жүргізушілердің қозғалыс ережесін бұзу болып табылады. ЖКО-ның пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды дұрыс анықтау қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту бойынша тиімді шаралар жасауға мүмкіндік береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?