Физика | Дене сапасының дамуын бақылау
Дене сапасының дамуын бақылау
1. Жылдамдық сапасын бақылау
Спортшылардың жылдамдық сапасы қозғалыстарды минималды уақыт аралығында орындауда байқалады.
Жылдамдық сапасының байқалуының элементарлы және комплекстң түрлері бар (М.А. Годик, 1966).
Элементарлы түрлерге келесілер жатады:
а) реакция уақыты;
б) бірлік қозғалыстың уақыты;
в) локальді қозғалыстардың темпі.
Комплексті түрлері спорттық қозғалыстарды орындау жылдамдығымен сипатталады (спринтерлік жүгіру уақыты, футболшы немесе хоккеисттің оқыс алға ұмтылу, боксшы ұрулары және т.б.).
1.1. Реакция уақытын бақылау
Кез келген жаттығуды орындау уақыты әдетте 2 ауыспалы уақытпан тұрады: реакция уақыты (РУ) және қозғалыс уақыты (ҚУ). Мысалы, 10,5 секундқа сәйкес келетін 100 метрге жүгіру нәтижесі жүгірушінің мәрелік реакция уақыты (0,15 с) мен арақашықтықты жүгіріп өту уақыттарының (10,35 с) қосындысына тең болады.
Циклді характерлі спорт түрлерінің нәтижесінде реакция уақытының «салымы» жоғары емес. Мысалы, 100 м-ге жүгіруде 2-3%, 1000 м-ге жүгіруде – 0,02%.
Реакцияның жай және күрделі түрлері болады. Күрделі реакция түрлері таңдау реакциясы және жылжымалы объект реакциясы болып екіге бөлінеді.
Жай реакция уақытын сигнал түрі мен жауап әдісі алдын-ала белгілі болған кезде анықтауға болады (мысалы, лампа күйіп кеткенде кнопканы жібере салу, стартер атысында жүгіруді бастау). Жай реакцияның уақыты 0,3 секундтен аспайды.
Лабораториялық жағдайда реакция уақытын өлшеу реакциомерлер (хронорефлексометрлер) көмегімен жүргізіледі. Сигнал (дыбыстық, жарықтық және тактильдік) стандартты болуы керек. Өлшеу комплексінің кемшілігі миллисекунд бірлігінен аспауы керек.
Күрделі реакцияда сигнал түрі мен жауап әдісі белгісіз болады (бұл ойындар мен жекпе-жек күресте кездеседі, себебі мұнда спортшының жауабы қарсыластың іс-әрекетіне тәуелді болады). Жарыс кезінде осындай реакцияның уақытын анықтап тіркеу өте қиын.
1.2. Қимылдардың шапшаңдылығын бақылау
Максималды жылдам қимылдардың (жылдамдық) уақытын өлшеу екі әдіспен жүзеге асады: қолмен (серіппелі секундомермен) және автоматтық (электромеханикалық спидограф, Допплердің әсеріне негізделген фотоэлектронды құрылыс, приборлар, лазерлер және т.б.).
Серіппелі секундомермен уақытты өлшеп тіркеу әдісі ең қарапайым, бірақ бірқатар кемшіліктері бар: біріншіден, осы кемшіліктің уақыт өлшеу құрылғысы (УӨҚ) аса маңызды; екіншіден, қорытынды нәтижесі секундометристтің реакция уақытына тәуелді, бұл аса вариативті; үшіншіден, өлшеу нәтижесі – реакция уақыты мен қозғалыс уақытының қосындысы болғандықтан, қозғалыс уақытының «тазасын» анықтауға болмайды; төртіншіден, қозғалыстың кез келген нүктесінде жылдамдықты өлшеу мүмкін емес.
2. Күш сапасын бақылау
Ішкі қарсылықты кешіп өте алу қабілеттілігі немесе бұлшық етті кернеу арқылы қарсылық көрсету күш сапасы деп аталады. Олардың даму деңгейі спорттың барлық түрінде жетістіктерге жетуін ескертеді. Сондықтан күш сапасын бақылау мен жетілдіру әдістемелеріне көп көңіл бөлінеді.
Күш сапасын бақылау кезінде үш көрсеткіш топтары есепке алынады (1-сурет).
Ι. Негізгі:
а) қозғалыс кезіндегі күштің шапшаң маңызы, әсіресе миаксималды күштің;
б) орташа күштің.
ΙΙ. Интегралды – күш импульсі.
ΙΙΙ. Дифференциалды – күш градиенті және т.б.
2.1. Максималды күшті өлшеу
«Максималды күш» ұғымы, біріншіден, уақытты есептемейтін кезде көрсетілетін абсолюттік күшті, екіншіден, қозғалыс шарттарымен шектелген қимыл іс-әрекеттің уақыты мен күшін сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, жүгіру адымын модельдейтін қозғалыстағы итерілудің максималды күші – 4000 Н; жүгіру кезіндегі итерілудің нақты күші – 2000 Н.
Максималды күш ерекше және ерекше емес тесттермен өлшенеді. Бірінші жағдайда жарыс жаттығуларындағы немесе қозғалыс сапаларының көрсетілуінің құрылымына жаттығулардағы күш көрсеткіштерін өлшейді; ал екінші жағдайда стандартты тапсырмалардағы барлық бұлшық ет топтарының күшін өлшейтін күш өлшемінің стендін қолданады.
Максималды күшті статикалық және динамикалық тәсілдермен өлшеуге болады. Бұл жағдайда екі нақты көрсеткіштерді өлшейді: 1) максималды статикалық күшті және 2) максималды динамикалық күшті.
2.2. Күш импульсін өлшеу
Күштің интегралды көрсеткіші (импульс) орташа күштің көрсетілу уақытына орташа күштің шығарылуымен немесе динамограммасымен және абсцисс осімен шектелген аймақпен (по площади) анықталады. Бұл көрсеткіш ұру әрекеттерінің күш
сапасын сипаттайды (бокстағы ұру, футболдағы допты тебу және т.б.).
3. Төзімділіктің даму деңгейін бақылау
Төзімділік дегеніміз – жаттығуларды олардың тиімділігін төмендетпей ұзақ уақытта орындау қабілеттелігі. Спорт тәжірибесінде қолданылатын жаттығулар өте көп және олар алуан түрлі (құрылымы, орындау ұзақтығы мен қиындығы жағынан және т.б.).
Төзімділік екі тесттер тобының көмегімен өлшенеді: ерекше емес (мұның нәтижелерімен тиімді жарысу немесе қажуды арттыру кезіндегі тиімді машықтану үшін спортшының потенциалды мүмкіндіктерін бағалайды) және ерекше (мұның нәтижелері осы потенциалды мүмкіндіктерді іске асыру дәрежесін көрсетеді).
3.1. Төзімділікті өлшеу әдістері
Осы қозғалыс сапасын өлшеу үшін негізгі эрометриялық көрсеткіштер қолданылады: 1) уақыт, 2) көлем, 3) жаттығуды орындау қарқындылығы. Негізінде осы көрсеткіштердің кейбіреулері параметр ретінде өлшенеді (мысалы, спортшыға 12 минут аралығында жүгіру тапсырмасы беріледі); қалған біреуі міндетті түрде өлшенеді (осы 12 минут ішінде спортшының жүгіріп өткен аралығы анықталады, мысалы, 3200 м), ал екіншісі есептелінеді (берілген жағдайда жүгірудің орташа есептелген жылдамдық 4,44 м/с –ке сәйкес келеді) (1-кесте).
1-кесте
Қозғалыс тапсырмасының параметрі ретінде беріледі Өлшенеді Есептелінеді Қозғалыс тапсырмаларының мысалдары
1. Тапсырма көлемі
а) арақашықтық, м
б) жұмыс, Дж
в) күштің импульсі, Нс
Уақыт, с
Уақыт, с
Уақыт, с
Орташа жылдамдық, м/с
Орташа күштілігі, Вт
Орташа күш, Н
а) 1500 м арақашықтыққа жүзу
б) велоэргометрде жұмыс істеу
в) жүгірудегі итерілу
2. Орындау уақыты, с
Өтілген
арақашықтық, м
Орындалған жұмыс, Дж
Күш импульсі, Нс
Орташа
жылдамдық, м/с
Орташа күштілік, Вт
Орташа күш, Н
а) 12 минуттық
жүгіру
б) 12 минут эргометрдің тепкішін айналдыру
в) 1 минут динамометрде статикалық күш салуын ұстап қалу
3. Тапсырма қарқындылығы
а) жылдамдық, м/с
б) күштілік, Вт
в) күш, Н
Өтілген арақашықтық, м немесе уақыт, с
Уақыт, с
Уақыт, с
Орындалған жұмыс, Дж
Күш импульсі, Нс
а) берілген жылдамдықпен жүгіру, жүзу, ескек және т.б.
б) 150 Вт күштілікпен велоэргометрдің тепкішін айналдыру
в) 10 кг жүктемені (~98 Н) түзу қолмен көлденең күйінде ұстап тұру
4. Шапшаңдық қоры
1). Шапшаңдық төзімділігін бақылау өте маңызды көрсеткіш болып табылады.
2). Шапшаңдық төзімділігін, басқа дене сапаларының өзгерістерін көрсете біледі.
3). Көрсеткіштердің бағалау жолдары. Мысалы: 2 спортшы 400 метрлік дистанцияны 55 секундта жүріп өтті. Бірақ бірінші спортшы әрбір километрлік шамамен 11,2 секундта, екінші спортшы 12 секундта өтті. Осы екеуінің төзімділігі қандай дәрежеге деген сұраққа жауап беру керек. Ол үшін спорттық метрологияда шапшаңдық қоры, төзімділік коэффициенті деген мөлшерлер белгіленген.
Шапшаңдық қоры – ШҚ.
ШҚ=
Мұндағы,
td – жүгіретін дистанция
n – эталондық дистанция берілген жалпы қашықтықтан неше реттеу иелік көрсететін сан
tэт – эталондық дистанциясы жүгіріп өту уақыты
Бақылаудың негізгі ережесі – қанша тамақтанудың қоры су болса, төзімділіктің даму дәрежесі жоғары болады.
Төзімділік коэффициенті – ТК.
Қорытынды: 2 спортшының жоғарылауы төзімділікке неше десеңіз қаншама төзімділік коэффициенті аз болса, сонша дәрежесі жоғары болады.
Шапшаңдық көрсеткіштерін бағалау.
Жаттығуды орындау уақыты деген 2 элементтен тұрады:
1). Реакция уақыты.
2). Қимыл уақыты.
Сонда Қимыл шапшаңдығы = реакция уақыты + қимыл уақыты, яғни ҚШ = РУ + ҚУ
Мысалы: 100 м жүгіру нәтижесінің 10,55 секунд болып шықты. Сонда, 100 метрге жүгіру нәтижесінің тең реакция уақыты 0.
100 ж · нж = РУ (0,5с) + ЖУ (10,35) = 10,55 сек.....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?