Медицина | Денсаулық ұғымының анықтамасы

Медицина | Денсаулық ұғымының анықтамасы

Денсаулық ұғымының анықтамасы
Қалыпты толыққанды өмірге тек жақсы денсаулықпен қол жеткізуге болады. Денсаулық -адам өміріндегі ең басты құндылық. Денсаулық адамға қуатты сақтауға, қозғалыс жасауға және жоғары сергектікпен өмір сүруге мүмкіндік береді.
Денсаулықтың күйі көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Егер адам органнзміндегі барлық физиологиялық процестер (тамақтану, тыныс алу, зат алмасу және т.б. қалыпты жүрсе, онда адамның денсаулығы жақсы болады. Денсаулығы дұрыс адамның организмінде барлық компоненттер үйлесімді әсер етеді. Бұлар - денсаулықтың физикалық (организм — тірі ағза ретінде), психикалық (адам - әлеуметтік тұлға ретінде), адамгершілік (адам - қоғамның өкілі ретінде) компоненттері.
Денсаулыққа әсер ететін факторлардың ішінде ең жетекші орынды физикалық рухани және әлеуметтік факторлар алады. Дүниежүзілік денсуалық сақтау ұйымының зерттеулеріне қарағанда адам денсаулығының 50-55%-ы өмір сүру салтына, яғнн адамның өз денсаулығына қалай қарайтындығына байланысты, Бұл - салауатты өмір салтының шарты. Адамдарды салауатты өмір сүруге үйрету - күрделі процесс. Барлығы да бұл істің өте маңызды екенін біле тұрса да, оны ұстанбайды.
Қоршаған ортаның организмге әсеріне де үлкен көңіл бөлінеді. Ауаның және судың ластануы организмде әртүрлі аурулардың пайда болуына себепкер болады. Адам денсаулығының 17-20%-ы экологиялық факторларға байланысты, яғни қоршаған орта әсеріне тәуелді болады. Мысалы, қоршаған ортаның ластануының организмге әсерінің нәтижесінде организмнің улануы (интоксикация) мүмкін.
Денсаулық деген не?
Үлкен медициналық энциклопедиядағы анықтама бойынша: денсаулық - адам организмінің оарлық мүшелері мен жүйелері қызметінің қоршаған ортамен теңестірілуі және қандай да бір ауытқудың болмауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "денсаулық - тек аурудың немесе физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, ол адамның толық физикаллық, психикалық және әлеуметтік саулық күйің. Берілген анықтамалардан (толық тізімі емес) денсаулық түсінігі организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу сапасын және адам мен тіршілік ортасының өзара әсерін айқындайтынын көреміз. Денсаулық сыртқы (биологиялық және әлеуметтік) және ішкі (тұқым қуалаушылық жынысы, жасы) факторлардың өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасады.
Денсаулық түсінігі оған қарама-қарсы сырқаттану күйінің, яғни аурудың болатындығын айқындайды.
Бұл анықтама бойынша: денсаулық
- аурудын жоқтығы;
- дене кемістігінің болмауы ғана емес;
- рухани дені сау (наркоман емес, маскүнем емес. т.б.)
- әлеуметтік (жұмыссыз емес, қоғамда өз орны бар) дені сау.
Екінші - академик В.П.Казначеевтің анықтамасы - «Денсаулық дегеніміз -организмнін ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және физиологиялық әрекеттерінің және жұмысқа қабілеттілігі мен әлеуметтік белсенділігінің сақталуын айтады».
Ал, бұл анықтама бойынша:
- ұзақ өмір сүру кезінде организм үнемі биологиялық жағынан дамиды; физиологиялық әрекеті сақталады (жүрек, өкпе, көз т.б. өз жұмыстарын сақтайды):
- организм жұмысқа қабілетін сақтайды (қартайдым деп отырмайды, жұмыс істейді);
- әлеуметтік белсенділігін сақтайды тек үй жұмысына ғана емес. Міне, осындай адамдарлы толық дені сау адам деп айтамыз.
Одан әрі мұғалім адамның денсаулығы ол тіршілік ететін қоршаған ортаға байланысты екендігіне тоқталады.
Ал, денсаулық негізінен мына жағдайларға байланысты. Олар:
- даму:
- тіршілік ету жағдайы;
- өмір сүру жағдайы.
Сонымен, организм үнемі дамиды, адамның өмір сүру жағдайы мейлінше дұрыс болуы қажет, өсіп отырған организмнің дамуы үшін оның қажетін қанағаттандыра алатындай мүмкіндігі болуы керек.
Енді мұғалім денсаулықтың мынандай аспектілеріне тоқталады.

«Денсаулықты жас кезіңнен бастап сақта!»
Сабақтың мақсаты:
1. Адам ағзасының қызметі мен құрылымы тураты білімді қалыптастыру;
2. Көзге және омыртқа ауруларының алдын алуға арналған жаттығуларды орындауға үйрету;
3. Оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту;
4. Өз денсаулығына аса жауапкершілікпен, ақылмен карауға тәрбиелеу.
Пайдаланған әдебиет: Ж.Д.Демеуов, Б.Я.Байназарова, З.Әлиакпарова, А.М.Бекетаев. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы. физиологиясы және гигиенасы. 1995 жыл.
Жүргізуші:
Бүтін біз денсаулықтың кейбір жағдайлары туралы әңгімелесеміз. Көптеген адамдар ағзаға ненің пайдалы, ненің зиян екенін түсіне бермейді, осыдан аурудың алдын алуды білмейді. Денсаулықты сақтауды дәрігерлерге жүктеп жүргендер аз емес. Бірақ денсаулықты сақтауды адамның өз басы үйренбесе, ешқандай медицина жетістігі адам денсаулығын сақтай алмайды.
Инфекция, ағзаның тым суықтауы және қызуы, дұрыс тамақтанбау, қимыл қозғалысының жетіспеуі, алкоголь ішімдігін ішу, темекі тарту, әр түрлі сәуле түрлері денсаулықты бұзатын факторлар және адамның шамадан тыс ақыл-оймен жұмыс істеуі, ауыр қара жұмыстар істеуі, өндірістік және тұрмыстық шу, ұйқының дұрыс болмауы, дұрыс демалыстың жетіспеуі де адам денсаулығының бұзылуына себеп болады.
Әңгімелесуге ауданымыздың хирург, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, офтальмолог-дәрігер, косметолог, диетолог мамандарын шақырдық.
- Адамның омыртқасы қаншалықты сау және дұрыс қызмет атқарса оның денсаулығы соншалықты дәрежеде болады деген ұғым бар. 35 жастан кейін әрбір бесінші адам радикулитке шалдығады екен. Омыртқа ауруы ағзаның қартаюының басты себептерінің бірі.
Омыртқа туралы хирургтің түсініктемесі.
"Омыртқа жотасы - дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел. 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғасы және өсінділері болады. Омыртқаның толық тығыз жерін денесі деп атайды. Олардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын құрады. Омыртқаның 7 өсіндісі бар: біреуі доғаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскек арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытга орналасқан екі қос буын өсінділері. Екі жанында орналасқан қос бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен әр бөлім омыртқасының өзінше ерекшеліктері болады.
Ең бірінші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа бас сүйегімен тікелей жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесімен қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғаларымен шектелген сақина тәрізді. Атлант шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен астыңғы тегіс буынымен II мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі баска омыртқалардан гөрі кеңірек болады.
II мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған «тісшесі» болады. Ол «тісшедегі» алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағындағы буын бетімен Ш мойын омыртқамен жалғасады. Соңғы VII мойын омыртқасы арқа өсіндісі ұзын болады".
Дұрыс дене мүсіні өздігінен қалыптаспайды, оны жас кезден қалыптастыру қажет. Дене мүсінінің бұзылуы омыртқа мен кеуде сүйектері әлі бекімеген шеміршек кезде пайда болады. Шеміршек сүйекке айналғаннан кейін дене мүсінінің ақауын қалпына келтіру қиындайды. Егер бала партаға дұрыс отырмаса, арқасын бүкірейтсе, бір иығын екінші иығынаи төмен ұстаса, ауыр сөмкені тек бір қолына ұстаса омыртқаның майысуы пайда болады.

Денсаулық қорғау шаралары

Жеке бастың гигиенасын сақтау ережелері
• Тері тазалығын сақтау. Моншаға түсіп, күніне екі рет беті қолыңды жуып тұру.
• Ас ішер алдында қолыңды жуып тұру.
• Тырнақтарыңды дер кезінде алып, қолыңды, денеңді таза ұстау керек.
• Шашыңды апта сайын жуып, дұрыс күту.
• Киіміңді таза ұстауды ұмытпа, өзіңді дұрыс шағын киім киіп, ұқыпты, жинақы бол.
• Аяқкиімнің ыңғайлы, аласа өкшелі болсын.
• Жалпақ табандылықтан сақтану үшін размеріңді кию керек.
• Аяқ басы ауруларынан (саңырауқұлақ) сақтану үшін аяқкиіміңді таза ұста.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Кейінгі жылдардан бері жарық көрген сөздіктер мен денсаулық сақтауға қатысты кітаптардан пайымдауымызша. Мысалы, Қытай
елінде 1978 жылы жарияланған сөздікте денсаулық деген ұғымға адамның физиологиялық м е х а н и з м і н і ң қал ы п т ы болуы, денесінде кемдік не ауру болмауы деп анықтама берген. Бұл түсінік адамдарға денсаулық жөнінде біржақтылы көзқарас қалыптастырып, медицина ғылымының дамуына және халықтың денсаулығын күшейтуіне кері ықпал жасайды. Соның салдарынан адамдар тек жұқпалы, таралмалы аурудан сақтануға ғана көңіл бөліп, психикалық тазалыққа мән бермейді. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 1948 жылы денсаулық деген ұғымға дене мүшесінде кемдік не ауру болмаудан сырт,толық психикалық күйі, әрі қоғамға үйлесу қабілеті болу деген анықтаманы берген.
Адамның физиологиялық ақаусыздығы мен психикалық ақаусыздығы бір парақ қағаздың екі бетіне ұқсайды. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ, Қытай елінде немесе шет елдерде болсын емханада жатқан аурулардың 50-60% сырқатқа шалдығу себебі негізінен іші тарлық, көрсе қызарлық, ұзақ уақытқа созылған көңілсіздік, өзін қорсанау немесе зор санау, шектен тыс ұсақшыл болу, орынсыз өзгелермен жауласу т.б. психикалық ауытқулар
екені дәлелденген. Психология мамандарыньң зерттеуінше, Қытайдағы Пекин қаласының Шауяң емханасында ж а т қ а н 100 н ау қ а с қ а жасалған тексеруге қарағанда олардың 73% психикалық факторлардан, 93% психикалық жақтан көмек көрсету керектігі анықталған. Қытай елінде психикалық ауруға кіріптар болған әр 1000 адамның тек 6 адамы ғана емделу орайына ие болады. 80% емделудің жақсы нәтижесіне ие бола алмайды.
Ал кейбір үздік оқушылар рухани жақтан зор шырмауға ұшырап өздері қызықпайтын пәндерді де зорлықпен жаттап, үйренеді, тіпті, нағыз адам болу сенімін жоғалтып, жеке мүддедеген ұнамсыз жағдайлар олардың ән бойына жасырын сіңеді де, басқаларға көмектесу әдетін азайтады. Бәрінен сорақысы басқалардың ізденіп, үйреніп жатқанын байқағанда іші тарылып, дегбірсізденетін болады, аз дегенде 10-40% оқушылар өздерінің жасырын қабілетін дамыта алмайды, ұйқысы қашу, есте ұстау қабілеті төмендеу, зейіні шашырау, тамақ іше алмау, рухани жағынан солғындау, нерві әлсіреу жағдайы байқалып, өз тепе-теңдігін жоғалтуға ұрынып, қалыпсыз әрекеттермен шұғылданады, тіпті өмірден күдер үзетіндері де болады. Мысалы, Қытайдағы Нанджың қаласында тұратын екі профессордың өз балаларына жоғары мекгепке өтуі үшін айырықша жоғары талап қояды. Бірақ баласы өте алмай қалады, сол себепті ата-аналарын өлтіреді. Мұны профессор Жаң шұйхы зерттеп, психикалық тепе-теңдіктің бұзылуынан деп дәлелдеген. Екіншіден, өзін дұрыс бағалауды күшейтіп, өзін қабылдай алатын позициясын жетілдіру керек.
Психологтар тәжірибе арқылы адамдардың өзін тануымен іс-әрекеттік қимылының сәйкестігі арасындағы байланысты зерттегенде, өзін тану мен іс-әрекеттік қимылдың қаншалықты бір біріне жақын шықса,адамның сақтық қимылы соншалықты аз болады, ал қоғамға сәйкес қимылы соншалықты күшті болатындығын дәлелденген. Бір адамның өзін қабылдай алуы оның өзін қор санайтын психикалық жағдайының жоқтығынан дерек береді, өзін өзі төмен санау сезіміндегі адам үнемі қарбаластыққа түсіп, алаңдап тұрады да сақтық сипатында тұрады, психикалық-тағы қарбаластығын жояды. Не өзін өзі барынша жоғары санайды, не қалыптан тыс кемсітеді, өзінің абыройын қорғау үшін төңірегіндегілерді мұқатады, масқаралайды, олар шындыққа бетпе-беть жолығудан қашқалақтайды, жеке дара болып, бойын аулаққа ұстайды; өз жауапкершілігін мойындамай, басқаға кінәні аударып, "мені жақтырмайды" деп ойлайды және өзгелермен араласпай қояды. Сондықтан оқушылар мен ата-аналар болымсыз нәтижеге қол жеткізгенде басқаларды көзге ілмей, масаттанып кетпейтін сәтсіздікке жолыққанда өзін кемсітпей, үмітсіздену, сенімін жоғалтпайтын, ал үйрену нәтижесі құлдырағанда немесе мәлім қателік өткізгеңде мұғалімдермен сабақтастарының сынын дұрыс бағытта қабылдай білетін, өзін өзі сынай алатын етіп жетілдіру керек. Бұл үшін ата-аналар мен оқытушылар оқушыдан өзінің қабілетіне сәйкеспейтің шектен тыс ауыр талап қойып алуынан сақтану керек. Себебі адам өзі қабілеті жетпейтін істерді мақтан етіп, белгілеп алады. Көп жғдайда мақсатына жете алмай қалады да көңілсізденеді. Ол-үшін оқушыларға өзгеден ауыр талап күткенше, өзіне ауыр талап қойып отырды көп дәріптеу керек.
Үшіншіден, басқалармен тамаша қарым-қатынас жасай алу қажет.
Ата-ана оларды тәрбиелеудегі басты тұлға. Адамзат қоғамында отбасылық жүйенің қалыптасуымен ең алғашқы ұрпақ тәрбиелеу міндетін ата-аналар арқалаған. Алайда ұрпақ тәрбиелеу уақыт көрсеткендей, тек жалаң сүйіспеншілікпен ғана мақсатқа жететін жағдай емес. Ол олардан өрелі ой, мол білімді қажет етеді. Әр дәуірдің өз заңы мен талабы болатындықтан заманына лайық адамы болу керек. Біздің заманымыз бізден бұрын жасағандарлан гөрі ұрпақтарға сапа жан жақтылы жоғары талап қойып отыр. Сондықтан осындай күрделі қоғамда ата-аналар өз ұрпақтарын қайткенде ойлағандай жақсы тәрбиелей алады? Баланың орынды талабын қанағаттандырып, үздіксіз алға басуын қадағалау керек. Қажет дегеніміз баланың психикалық жақтан дамуының себебі, баланың көптеген мінез ерекшеліктері қажеттің қанағаттандырылғаны қанағаттандырылмағанан келеді, кейбір ата-аналар балаларға көңіл бөлгеннің және осы деп әр қандай талабын қанағаттандырып тұрады. Бұл балада орынсыз көңілсізденуі, заттық қажеті өте жоғары болуы шектен тыс өзімшіл болу сияқты нашар мінез қалыптастырады. Бұдан басқа тағы бір түрлі жағдайда ата-аналар баланың қажетіне елеусіз қарау немесе тежеу тәсілін қолданады, бұл баланың психикасы қайта-қайта соққыға ұшырағандықтан қарсыласу, булығу, кектену пиғылы пайда болады. Ал ол басқа баланың арманына жетіп қуанғанын көргенде бұрынғы көңілсіз кездерін ойлап салыстырады да іші тарылып басқалармен араласқысы келмейтін болады.
Ата-аналар балалармен пікірлесіп тұруы керек, баланың орынды пікіріне құрметпен, түсіністікпен қараған дұрыс.
Қорытып айтқанда, жасөспірім оқушылар психикалық жақтан ақаусыз болғанда ғана біреудің қуанышын екіге көбейтіп, қайғысына ортақ болып, өзін де өзгені де дұрыс бағалап, қоғамға сәйкестену қабілетін жоғарлатып бақытты жасай алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?