Экономика | Аудит
1 Аудиттің мақсаты мен міндеті
1.1 Аудиттің мақсаты мен міндеті
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық қапаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктердіжою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаөсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да өызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – мекемелердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Таным теориясынына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оныі әшәнде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін ерекшкліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) Зерделеу объектісі;
4) Ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтылығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне мекеменің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндаңы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни ұйымның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда: былай делінген: қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, мекемелердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісім-шартпен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне ұйымдағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, мекеменің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірітің пайдалылы,ы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жаөсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндетттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
1)Ұйымның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Ұйымның экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4)Ұйым қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтердік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, мекемелердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкестігін тексеру;
7) Ұйымның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына,талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «zevisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.
Отандық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде, ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында іріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әтр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен мекеме қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді,басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудитор, адвокат, дәрігер, музыкант, суретші және шығармашылықтың адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі (рейтингісі) жоғары. Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі өткізетін қоғамдық сұрау салудың қорытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алғашқы үш орынның бірін тұрақты иеленеді екен. XX ғасырдың 80-інші жылдарының соңында біздің елімізде пайда болған аудиторлық кәсіп бухгалтерлік есеп, қаржы, бақылау, құқық, менеджмент, стратегиялық және ағымдық жоспарлау, ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын басқаруды ұйымдастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет түріне айналып үлгерді.
1.2 Аудитті құқықтық реттеу және аудиттің заңдылықтары
Аудиттік қызметті жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:
ҚР Конституциясы;
ҚР азаматтық кодексі;
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;
ҚР қылмыстық кодексі;
«Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;
ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
ҚР бюджет кодексі;
ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.
Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалынатынын ескеріп отыру керек.
Белгілі болғандай, 1993жылы 18-ші қазанында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер болып өтті. Экономиканы, қаржы-несие жүйесін басқару және оларды нормативті-құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнеркәсіптерде, саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласында нарықтық қатынастарды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға және меншіктерді мемлекеттендіру мен ұлттық экономиканың көптеген салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық негіздері қаланды.
Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.
Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. Ескі заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі, сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.
Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нұсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет қайталанды.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық палаталары мен республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып, оның қорытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:
1) ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңның іс жүзіне асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұымдардың міндеттері туралы;
2) Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;
3) «Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіту туралы;
4) Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы;
5) Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы;
6) Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы;
7) Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.
2006 жылы «Аудиторлық қызмет туралы» заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қаралды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай қызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: қаржылық-шаруашылық қызметтерді талдау, мекемелер мен банктердің төлем қабілеттілігін, кредиттік қабілеттіліктерін, өтемділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер және т.б.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісім-шарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісім-шарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.
Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны жүргізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторладың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық мекемелерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісім-шарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудиторлың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге (клиент) аудиторларды (аудиторлық фирмаларды) қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін мекеме басшылары жауап береді.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді, сонымен қатар бұл заң 30 баптан тұрады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?