Мақтаншақ қоян ертегісі

 Мақтаншақ қоян ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана!

Жұмбақ жасыру:
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Балалар: Қоян - деп жауап береді. Қоянның баласын қалай атайды?
Билингвальды компонент: қоян - заяц, көжек - зайчонок
- Қоян - сөзін жаңғырық әдісімен қайталатамын.

Тәрбиеші: Қоянның құлағы қандай? Құйрығы қандай? Жазда терісі қандай түске өзгереді? Қыста ше? Қоян не жейді? Қоянның терісінен не жасайды?
Балалар: Құлағы ұзын. Құйрығы қысқа. Жазда терісі сұр, қоңыр болады. Қыста ақ болады. Қоян сәбіз жейді, ағаш бұтақтарын кеміреді. Қоянның терісінен малақай жасайды.
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Тәрбиеші: Бүгін біз «Мақтаншақ қоян» ертегісімен танысамыз. (Мультфильм желісімен көрсете отырып, мазмұнын айтып беру.)
- Ертегі сендерге ұнады ма?

Тіл ұстарту жаттығуы:
Ян - ян - ян - қорқақ қоян
Ек - ек - ек - кішкене көжек
Лақ - лақ - лақ - ұзын құлақ

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
- Қоян қалай мақтанды?
- Қоян қайда өмір сүреді?
- Қазір бізде қай мезгіл?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қыс мезгілі. Қар жауады, күн суытады.
Тәрбиеші: Қыста қарда неше түрлі іздер жатады.

Ойын: «Қай аңдардың ізі?»
Шарты: іздер арқылы секіре отырып, қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.
Ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты: Үй және жабайы қоянның айырмашылықтарын табады.
Тәрбиеші: Кәне, енді «Мақтаншақ қоян» ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық. Міне, балалар қоян мақтаншақ емес, ол мықты екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Қоян мықтылығын қалай көрсетті?
Балалар: Иттерді алдап, қарғаны құтқарды.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?