Тарих | ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті

Тарих | ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті

ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті. Пруссия.

Германияның біртұтас мемлекет болып бірікпеуінің себебі. ХІ ғасырда барлық жердегі сияқты Германияда да шаруашылық дами бастады. Қалалар өсті, соның ішіндегі ең ірілері тұтас өлкенің қыстақтары мен шағын қалашықтарын өзіне тарта бастады. Дегенмен Германияның бірде-бір ірі қаласы Франциядағы Париждей немесе Англиядағы Лондондай бүкіл елге орталық бола алмады. Мұнда ірі қалалар өзара емес , көбінесе басқа елдермен сауда жасады. Сондықтан да немістің қала тұрғындары Англияның немесе Францияның қала халқы сияқты біртұтас мемлекет құруға оншалықты ұмтылған жоқ.
Басқа елдерде ұсақ және орташа феодалдар корольдің тірегі болып отырғанда, Германия князьдерге тәуелді болды. Олар бұл жерде орталық үкіметке сенімді тірек бола алмады. Өйткені өте әлсіз еді.
Германияны біріктіру жергілікті орталықтардың айналасында жүріп жатты. Мұнда біртұтас орталықтандырылған мемлекеттің орнына корольге тәуелсіз князьдердің басқаруымен көптеген мемлекеттер пайда болды.
1815-1848 жылдары герман мемлекеттеріде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда шаруашылық буржуазиялық-юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болда. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең етек алып, теміржолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Қалардың өсуімен бірге ауылшаруашылығының табысы артты. Қалаларға апарып нан мен етті, сондай-ақ жүн мен зығырды тиімді сатуға болар еді. Өз шаруашылығында өнімді көбірек алу үшін феодалдар шаруалар иеліктерін қысқартып, мырзалар егістіктерін кеңейте берді. Олар қауымдық жерлерді басып алды, шаруаларға рманнан қу ағаштарды жинауға, өзендер мен тоғандардан балық аулауға , жайылымдарға мал бағуға тыйым салды. Жер иесі қайтыс болған шаруаның қора-қопсысын оның екі-үш ұлына бөліп беріп, содан соң оның әрқайсысынан әкелері төлеп келгендей төлемді талап еткен жағдайлар да болды.
Кейбір шаруалар өн
імдерін қалаға сатып, шағын күнкөріске қол жеткізді. Бірақ серілер шаруаларды құқықсыз сословие деп есептеді. Олардың қолындағысын үнемі алдап алып, қорлап отырды. Өз мырзасына феодалдық міндеткерліктен басқа, шаруалар князьге салықтар және шіркеу ондығын төледі. өздеріне түскен төлемнен құтылу үшін шаруалар кейде қала өсімқорлығына жалынуға мәжбүр болды.
Феодалдық езгінің күшеюіне жауап ретінде шаруалар Германияның көптеген аймақтарында одақтарға бірікті. Жасырын қаруланып, көтеріліске әзірленді
Бөлшектенген Гер
Көтеріліс басталды. 1524 жылы шаруалар Германияның оңтүстігінде көтеріліске шықты. Бұл туралы хабар елге тез жайылды.
1525 жылдың басында Германияда шаруалар соғысы кеңінен өрістеді. Елдің отүстік- батысында қатарында 40 мыңға дейін көтерілісшілер болған 6 отряд әрекет етті. Қала кедейлері шаруаларды қолдап, оларға қосымша күш жіберді. Монастырлар мен феодал замоктары өртелді. Шаруалар феодалдық міндеткерліктер жазылған құжаттарды жағып жіберді. Мырзаның малын бөліске салды, феодалдар басып алған қауымдық жерлерді қайтарып алды. Олар католиктер шіркеу қызметшілері мен тақуаларды қуып жіберді. Шаруалар отрядтары жақындаған бойда көптеген дворяндар қалаларға қашты.
Көтерілісшілер не үшін күресті. Көтеріліс басталар алдында Мюнцер мен оның жақтастары шаруаларға хат арнады. Онда халықты ақсүйек және дінбасы мырзалардың езгісінен толық азаттық алу, замоктар мен монастырларды қирату, қарсылық көрсеткендерді аяусыз жазалау үшін одаққа бірігуге шақырды. Бұл көтерілісшілер тарихындағы ең батыл бағдарлама болды.
Бірақ шаруалардың бәрі Мюнцер ұсынғандай іс-қимылға барған жоқ. Олардың неғұрлым акқаттылығы феодалдармен келісімге келуге даяр тұрды. Шаруалар отрядтарының басшылары бас қасып, «12 бап» деп аталатын бағдарлама жасады.


Шаруалар. Альрехт Дюрердің суреті бойынша жасалған шекпе.

шыққан шаруалар. «12 бап» атты кітапшаның мұқабасы.
Өйткені шаруалар талаптары 12 тармақшада баяндалған болатын. Көтерілісшілер жеке бас тәуелділігін жоюға ұмтылды: «Осы кезге дейін бізді меншікті адасдар деп есептеу әдет болып келеді, ал біз ерікті болғымыз келеді.». Олар басып алынған қауымдық жерлерді қайтаруды, барщина, алым және ондық салымды азайтуды әрбір қыстақ шіркеу қызыметшілерін өздері таңдап алуға рұқсат беруді талап етті. «12 бап» шағын кітапша түрінде басылып, шаруалар арасына таратылды. Бұл бағдарлама Мюнцердің талаптарынан гөрі көңілге қонымды еді.
Ауқатты қалалықтар шаруалар күресін өз мүдделеріне пайдаланып қалуға тырысты. Хейльбронн қаласында тағы бір бағдарлама жасалыа, онда бай қалалықтар император билігін күшейтуді, бүкіл Германия үшін ортақ заң, бірыңғай ақшамен өлшем енгізуді, ел ішіндегі баж салығын жоюды талап етті. Осының бәрі елдің бірігуіне және өндіріс пен сауданың өркендеуіне септігін тигізуі тиіс. Шаруалар бас еркін сатып алу міндеткерлігінен босатылуға тиіс болды.
Көтеріліс жалыны барлық жерді шарпыды. Орталық Германиядағы Тюренгия аймағында шаруаларға қала кедейлері мен тау-кен жұмысшылары қосылды. Тюренгиядағы көтерілісті Томас Мюнцер басқарды.
Күрестің басынан-ақ Мюнцер Мюльхаузенде тұрды. Бұл қалада халық байлар басқарған бұрынғы қалалық кеңесті қуып жіберді. Жаңа қалалық кеңеске Мюнцердің жақтастары кірді. Көтерілісшілер күреске дайындалып, әскери іске жаттықты, шіркеу қоңырауларынан зеңбіректер құйды.

Томас Мюнсер
Бірақ шаруалар отрядтары бір үлкен әскерге біріге алмады және ортақ басшылығы да болмады. Әрбір аймақта шаруалар дербес іс-қимыл жасады: сондықтан олар дворяндар шабуылға шыққанда бір-біріне көмек көрсете алмады.
Лютер алғашында көтерілісші шаруаларға жаулық пиғылда болған жақ. Реформация көсемінен қолдау күткен шаруалар оның пікірін білу үшін «12 бапты» жіберді. Бірақ ол жеке тәуелділік Інжілге қайшы келмейді деп жауап берді. Лютер шаруалар соғысының құлаш жаюынан қорқып, феодалдар жағына шағып кетті . «Қарақшы және тонаушы шаруалар тобырына қарсы» деген шығармасында ол князьдерді көтерілісшілерді басуға және жоюға шақыра отырып: «қолынан келген әрбір адам оларды ұрып соғып, тұншықтырыа, ашық та құпия түрдеде араларына жік салуы керек, бүлікші адам зәрлі, улы екенін ұмытпау керек, оны құтырған ит сияқты өлтірген дұрыс », - деді. Бай қалалықтар князь әскерлеріне қала қақпаларын айқара ашты.


Германиядағы шаруалар соғысы
Германияның оңтүстік батысында шаруаларға қарсы асығыс жинақталған дворян әскерлері шықты. Көтерілісшілер дворяндарда бірнеше есе көп еді. Бірақ шаруалар көтеріліс ісін, соғыс тәртібін білмеді: олар аңғал сенгіштікпен жауларымен келіссөзге барды. Қиын жағдайда қалған дворяндар, егер көтерілісшілер үйлерге тарқаса олардың барлық талаптарын орындаймыз деп уәде берді. Шаруалардың бір бөлігі бұл уәдеге сеніп қаруларын тастады. Сол кезде дворяндар сатқындықпен шаруалар отрядына тап берді де, оларды бір-бірлеп талқандай бастады.
Тюренгияда князьдер көтерілісшілерге қарсы жалдамалы әскерді жіберді. Мюнцер 8 мыңдық отрядпен Франкен Хаузен қаласының жанындағы тауға орналасты. Шаруалар өз лагерін арбалармен және ор қазып қоршады. Бірақ Мюнцердің қосыны нашар қаруланған еді. Князь жалдамалылары шабуылға шықты. Олардың артиллериясы шаруаларға көп зиян тигізді. Жалдамалылар лагерьге басып кіріп, 5 мыңдай адамды қырып жіберді.
Мюнцер басынан жараланып тұтқынға түсті. Ол қатал азапқа ерлікпен төзіп, князьдердің бұйрығы бойынша өлім жазасына кесілді.
Жекелеген аймақтарда көтерілісшілер отрядтары одан кейінде ұзақ уақыт бойы қарсыласты. Шаруаларды талқандай отырып, князьдер оларды қаталдықпен жазалады. Тұтқындарды азаптады, асып өлтірді, отқа жақты. Опат болғандардың саны 100 мың адамнан асып кетті.
Қыстақтарға орасан зар айыптар салынды.
Германияда өнеркәсіп пен сауданың өркендуі үшін феодалдық тәртіптерді жою және елді біріктіру қажет болды. Бұл міндеттер Реформациямен шаруалар соғысының барысында шешілмеді. Шаруалар соғысы жеңіліске ұшырағаннан кейінгі 300 жыл бойы Германияда шаруалардың жеке тәуелділігімен феодалдық міндеткерліктері сақталып қалды.
Елді біріктіру әрекеттерінің де, орталықтанған мемлекет құрудың сәті түспеді. Князьдер дербестігін арттыра түсті, ал қалалар оларға толық бағынды.
Шаруалар соғысы Европада феодалдық тәртіпті төңкеріс арқылы құлатуға жасалған тұңғыш сәтсіз әрекет еді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?