Тарих | ХVІ-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси-қоғамдық құрылысы және шаруашылығы мен мәдениеті
Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениеті
ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.
Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.
Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қалаларының базарларына апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған.
Малшылар бұл өнімдерімен айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, сондай-ақ әр түрлі үйге қажетті заттар т.б. алатын. Көшпелілердің астық өнімдерінен – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс-жидекке – сұранысы өте қатты болды.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. Археологиялық зерттеулер ХV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерінде құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтарын өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар – тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Астық ұраға көміліп сақталды.
Қазақстанның алуан түрлі тағы жануарлары бар кеңбайтақ даласы көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор мүмкіндік берді. Олар аң аулауды басты қаруы ретінде көбінесе садақты қолданды. Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып және қаумалап аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын т.б. пайдалынылған. Қыран құстарымен аң аулау Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін кеңінен тараған. Көшпелілер бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ т.б. аңдардың терісін алу үшін, арқар, киік, құлан, елік, тау ешкі, қарақұйрық сияқты аңдардың етін жеу үшін, бұғы мен дуадақ, құр, бөдене т.б. құстарды алуан түрлі әдістермен аулап көмекші азық етті. Аю, жолбарыс, қабылан, қасқыр сияқты жыртқыш аңдарды қазақтар төрт түлік малын сақтау үшін аулады. Олардың терісін тұлып, тон, ішік, тымақ т.б. қыс киімдерін тігуге жаратты. Дегенмен, қазақтарда аң аулау дербес кәсіп болмаған, ол мал шаруашылығына тек көмекші кәсіп болған. Оның халық шаруашылығындағы үлес-салмағы да онша көп болмады.
Өзен мен көл жағасын мекен еткен қазақтар балық аулаумен де шұғылданған. Балықшылықпен көбінесе малы аз, тұрмысы төмен кедей шаруалар айналысқан. Олардың балық аулаудағы құрал саймандары, қармақ, шанышқы, өрнек, ау т.б.
Қазақ халқының тіршілік- тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алады. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т.б. қол өнершілердің еңбегімен дайындалады. Сондықтан Қазақстанның қалалары мен қыстықтарында қолөнері (теріден, жүннен бұйымдар жасау, киім тігу, ағаш өңдеу, зергерлік, ұсталық, құрылыс ісі т.б.) басым дамыды.
Дегенмен бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Хлық өнер, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда (кілем, текемет, алаша, әшекей, сандық, төсек, ыдыс-аяқтар, т.б.) ерекше өрістеді. Қолданбалы өнер халықтың еңбек қарекетімен, оның тұрмыс-салтымен тығыз байланысты болды. Ол халыққа өнімдер мен шикізат беріп отыратын қарабайыр мал шаруашылығының басым болуына сәйкес келді. Қалалар мен ауыл тұрғындарының, сондай-ақ көшпелі малшылардың қолөнершілер өнімдеріне сұраныстың өсуі сауда қатынастарын өрістетіп, тұрақты базалар жұмыс істеді.
Бұл кезде, әсіресе оңтүстік Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жандады. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. ХV-XVII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және т.б. қалалардың табылған күміс теңгелері мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының бірсыпырасы ХV-XVII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған Түркістан қаласында жасалынды.
Қазақ халқы өте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, өзінің ата-бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарын сақтап қалды. Әрине, мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап айтқанда, мәдени даму отырықшылап – қалалық жерлерде көшпелі және жартылай көшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптырындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленеді.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағындағы мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбегі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз», және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
Қазақтар көктемде 22 наурызды, күн мен түннің теңеленетін кезеңін «наурыз тойы» - деп атап өтуді ертеден әдетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағайын –тума, ауыл аймағын аралап, жаңа жылмен құтықтап, молшылық пен егіндіктің түсімді болуына тілектестік білдіріп, бата берді. ХV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарханд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Алайда, ислам діні көшпелі халық арасында – терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың, әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
ХV-XVII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасағанда, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізгенде халық арасынан шыққан дарынды адамдар – ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.
Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілер, күйшілер ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері балуандар, құсбегілер, жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді.
Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен келешек туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық – этикалық көзқарасын жеткізді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдірді. Жауынгер жыраудың туындылары әдетте шабытты романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын туғызушы да осы жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары - Шалкиіз ХV ғасырда, Доспанбет XVI ғасырда, Жиенбет XVII ғасырда т.б. жыраулар. Олар Әбілхайыр хан мен Жәнібек хан заманында өмір сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын қыстау кезеңдерін қосып көрсете білген адамдар.
Халықтың ауыз әдебиеті туындыларында көшпелі малшы халықтың көзқарастары, ұғымдары мен еңбегі, олардың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек тәжірибесі жан-жақты бейнеленеді. Әсіресе, соның ішінде салт-сана өлеңдерінің көптеген үлгілері өздерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктермен құнды.
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен ХV-XVII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын. Олар тек сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.
Қазақтың атақты билері поэтикалық талантты зор және суырыпсалып айту мен шешендік сөз арқылы айтыстың тамаша шеберлері болған. Би-шешендердің әдеби шығармашылығы түрі жөнінен де, мазмұны жөнінен де ерекше, прозаны поэзиямен ұштастырып отырған. Олардың поэтикалық туындылар жанры, тақырыбы және жасалуы себебі жағынан да алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ би шешендер әдебиетінің тақырыбы да өте кең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан да маңызды орын алды. Олар: әділеттік –озбырлық, достық-жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдық-бытыраңқылық, адамдық-опасыздық, мейірбандық-қатігездік, шыншылдық-екіжүзділік, ақылдылық-топастық, батырлық-қорқақтық және тағы басқалары.
ХV-XVIIІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.
Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұлбек Бахидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің «Жаммият-Таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Жоғарыда көрсетілген авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және мемлекетті билеушілердің тұқымдық шығу тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, кейде тарихи шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп отырған.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп –биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әртүрлі салалары (дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Сарай маңындағы шонжарлар, ірі феодалдар, бектер мен басқа да дәулетті адамдар өз балаларын Бұхараға, Самархандқа, Бағдатқа және мұсылман дүниесінің басқа да мәдени орталықтарына оқуға жіберіп отырды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, ХV-XVII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты бір себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуі мен байланысты еді....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?