Педагогика | XXI ғасыр мұғалімі

Педагогика | XXI ғасыр мұғалімі

XXI ғасыр мұғалімі

Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» дегені мәлім.
Шынында, оқушылардың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындаунда. Жастарды оқытуға, оларға кәсиби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан.
Кәзіргі уақытта мемлекетке қажетті мамандықтар туралы кең ауқымды мәселе айтылып жүр. Сол істер қалай жүзеге асуда? Қаншалықты деңгейде? Бұл мәселенің шешімін табу үшін біздер, болашақ мұғалімдер атсалысуымыз керек.Яғни, әрбір студент үшін білікті маман және менеджер болуы басты мақсатына айналуы тиіс.
Мамандардың сапасыздығы дегенде біз біріншіден олардың дайындаған білім ордаларына тоқталамыз. Көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды: сол білім орнына келген уақытта ол дұрыс жолын тауып келді ме? Осы мамандықты ол бар ынтамен беріліп атқара ма? Оның сапасыз маман болып шығуына кімдер жауапты болмақ?
Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін әрбір оқушыға мамандықтық таңдау жауапты міндет екені, оған немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіру керек. Оны әрбір оқушыға жеткізу сіз бен біздің міндетіміз. Кәсіптік бағдар жұмысының нәтижелі орындалуы кәзіргі экономикалық даму кезінде өте қажет.
Кәзіргі кезең-ғылыми-техникалық прогрестің өте қарқынды дамыған кезі. Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды. Ал кәзіргі кездегі мамандыққа сұраныстың өзіндік талаптарының құндылығының артуы, яғни еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын жұмысшы болуы шарт. Сонымен қатар қажет болған жағдайда сұраныспен бірге ондағы талаптарға толыққанды сай болуы керек.
Жоғарыда айтылғандай, кадрлардың кәсіптік дайындығына қойылатын талаптардың артуымен қатар оқушылардың кәсіптік бағдар алуы көкейкесті мәселеге айналды. Өйткені, оқушылардың басым көпшілігінің кәсіптік мүмкіндігі белгілі бір біліктілік деңгейімен және еңбек нарығының сұранысымен сай келмейді.
Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде: әлеуметтік, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-физиологиялық, т.б.
Білім беруде әрбір жаңалықты, әсіресе соның ішіндегі осы кәсіптік білім берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге еңгізудің бізге қаншалықты нәтижелер берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге еңгізудің бізге қаншалықты нәтижелер беріп жатқанын білеміз. Мұндай жаңалықтарды өз тәжірибемізге еңгізу кәсіптік бағдар жұмысын арттырады. Кейде мұғалімдеріміздің жаңалыққа көңіл бөлмей, немқұрайлы қарауы білім сапасына өз әсерін тигізіп жатады.
Педагогтың біліктілігін көтеруге бағытталған әрбір жұмыс мұғалім үшін кәсіби шеберлік мектебіне айналытындай болуы қажет. Педагогтар біліктілігін көтеру жұмыстары жүйелі сипатта болғанда ғана елеулі табыстарға қол жеткізеді.Сондықтан мектеп мұғалімдерінің алдына жүйенің құрамдас бөліктерін нақтылау, жүйедегі рөлі мен орннын, жүйенің қызмет етуі мен дамуының материалдық-техникалық және педагогикалық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етулуін дұрыс және қолайлы болатындай етіп таңдау міндеттері туындайды. Олар:
1. Әрекеттік /мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері/
2. Мазмұндық /әдістемелік, ғылыми-теориялық, психологиялық-педагогикалық даярлық, білімді тәжірибеде қолдануға жағдай жасау/.
3. Басқарушылық /талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, диагностикалау/.
Мұғалімнің өз бетімен білім алу әрекеті жүйені түзуші элемент болып табылады. Жүйенің әр элементті өзінің қатысына қарай функционалдық дербестігін сақтайды. Педагогтың біліктілігін көтеруде ең басты көңілді мұғалімнің кәсіби қажеттілігіне, қабілет деңгейіне, оның қызуғышылығына, өзін-өзі бағалау әділдігіне және оны әріптестерінің қабылдауына аударған жөн. Сонымен қатар ұжымдағы әрбір педагогты жан-жақты зерттеп, әрқайсының тұлғалық, жеке бастық және кәсіби ерекшіліктерін диагностикалап, жеке-жеке диагностикалық карта жасалса, онда біліктілікті көтеру жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға кең мүмкіндіктер туады.
Мұғалім қызметі басқа еңбек түрлерінен өзінің ерекше шығармашылық сипатымен өзгеше. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми-теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл- әржақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол үшін ол оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізінде құруы, тұлғаны дамытудың қозғаушысы болуы, яғни өз ісінің хас шебері болуы тиіс. Өйткені, кәзіргі қоғам талаптары әр педагогтың өз кәсібіне құзырлы болуын аздық етеді, ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсиби шебер маманды кажетсінеді. Сондықтан, ол заман талабынан қалмай, ілесе дамып отыруы үшін үнемі ізденіс, толғаныс үстінде болады. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғары орнында алған теориялық білімі 5-6 жыл ішінде ескіріп, кайта жетілдіруі керек етеді. Ендеше, педагогтар өз ісімен күнделікті практика барысында айналысып қана қоймай, жүйелі және бірізді әрекет ете отырып, кәсіби деңгейін көтеріп отыруы тиіс. Ең алдымен мұғалім оқыту мен тәрбие үрдісін басқаруды ғылыми негізінде құра білуі шарт. Ал бұл мұғалімнің тікелей психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білім деңгейімен байланысты. Бүгінгі күнде мұғалімге тек өз пәні бойынша теориялық біліммен шектелу аз. Ол педагогика, психология, физиология ғылымдарының басты ұстанымдарын, ережелерін, ол ғылымдардың өзара байланысын және практикадағы озық іс-тәжірибелермен, ғылымизертеуллер, тәжірибелік-эксперименттермен жете таныс болуы керек. Сонда ғана ол алдындағы келешектің адамын өз деңгейінде қалыптастырады.
Мұғалімнің кәсіби даярлығы оның педагогикалық оқу орнын бітірумен аяқталмайтын, қайта қызметке араласқан күнінен бастап шеберлігін шыңдаудың алғашқы баспалдақтары басталатыны кімге болса да аян. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық кабілеті дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады.
Егер педагог іс-әрекетте белесенді субъект ролінде болса, кәсиби шеберлігі мен педагогтык мәдениетінің өсу деңгейі арта бермек. Ол үшін ұстаз жеке практикадағы тәжірибесін саналы жетілдіруі шарт, ал педагогикалық ұжым оның кәсиби шығармашылық ізденісін қолдап отыруы тиіс.
Сондықтан білім беру саласында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеріп отыратын арнайы республикалық, қалалық, облыстық білім жетілдіру институттары құрылған. Әр педагог өз мамандығы бойынша бес жылда бір рет осындай мекемелерге жоспарлы түрде арнайы оқулырға жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты мұғалімдерге өндірістен қол үзбей жүріп-ақ аталған курстардан өту мүмкіндіктері туғызылған. Сонымен қатар, күнделікті іс-тәжірибеде мұғалімнің өз білімін көтеруіне мектеп ішінде қолайлы жағдайлар туғызылуда. Мәселен, мектептердегі ғылыми-әдістемелік кеңес, бірлестіктер мен шығармашылық зертханалардың немесе мектеп жанынан ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдарымен біріккен ұйымдардың құрылуы дәлел. Мұндай жағдайлар туғызу мектептегі педагог қызметкерлердің педагогикалық білім деңгейлерін көтеруге, кәсиби шеберліктерін арттыруға және теория мен практиканың берік байланысын орнатуға игі ықпал етеді.
Демек, кәзіргі кезеңге сай мұғалімді шығармашылық әрекеттен тыс көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Шығармашылық дегеніміз- бұл бізді қоршаған нәрсенің бәрі деуге болады. Шығармашылық пен өзіндік шығармашылық өзара байланысты, яғни шығармашыл адам үнемі өз білімін, қабілетін дамыту және жаңаны ойлап табу жолында жұмыс істейді.
Шығармашыл мұғалім дегеніміз- ол бірнәрсе шығаруға, жаңалық ашуға қабілетті жан. Белгілі ғалым М. М. Поташник пікірінше, шығармашылықтың негізгі белгілеріне: жананы құру немесе күнделікті қолданыстағы бар нәрсені жетілдіруді және әрекет нәтижесіне не өніміне қайталанбаушылық пен сонылықтың тән болуын жатқызады. Ал А. И. Кочетов бойынша: «шығармашылық әрекет дегеніміз- бұл уақыт және күш шығыны аз сапалық және сандық көрсеткіші жоғары жаңа ақпарат немесе өнім туу үрдісі».
Ал шығармашылықты зерттеушілердің басым көпшілігі шығармашыл педагог деп- ең алдымен келесі тұлғалық сапалар: ғылыми психологиялық-педагогикалық ойлауымен, жоғары деңгейдегі педагогтік шеберлігімен, нақты зерттеушілік батылдығымен, дамыған педагогикалық интуативтік сезімімен, алдыңғы педагогикалық озық іс-тәжірибелерді саналы пайдалануға, өзін өзі кәсіптік тәрбиелеуге қажіттілігімен ерекшеленетін педагогтарды айтуға болады дейді.
Педагогтарды шығармашылық деңгейіне қарай оларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, қалыпты тәсілдерді меңгерген, күрделі емес әрекет шеңберінде жаңалық таба алатын /жаппай шығармашылық/ мұғалімдер, басқа топқа- анағұрлым күрделі әрекет жағдайында әдістердің жаңа жүйесін жасауға тырысатын педагогтарды /жаңа оқыту технологиясын жасаушылар/ және оқыту технологиялар жасаған мұғалімдерді жатқызады. Кез келген мұғалім шығармашыл бола бермейтінін және шығармашылық әрекетке бәрінің бірден дайын болмайтынын ескерген жөн.
Шығармашылықтың өзекті мәселерін зерттеумен айналысушы ғалым Н. М. Шакирова: «педагогтың шығармашылық әрекетке даярлығы дегеніміз – мұғалімнің тұлғалық касиеттері мен сәйкес сапаларының қалыптасуы, өзін шығармашыл тұлға ретінде саналы сезінуі, оқушылармен шығармашылық өзара әрекетті қажетсінуі, перцевтивті-рефлексивтік және конструкторлық- басқарушылық қабілеттерінің болуы », -дейді.
Қатардағы маман өз-өзінен, не бір сәтте шығармашыл не жаңашыл педагог болып қалыптаса салмайды. Озық ойлы, тәжірибелі шебер маман болу ондаған жылдар бойғы талмай жүргізілген еңбек, теориялық білім мен шыңдалған тәжірибе бірлігінің жемісі. Дегенмен мұғалімдер бойында шығармашылық әрекетке қабілеттілік табиғат сыйы және әр адамның мұндай қабілеті қашан, қандай себеппен ашылатынына ғылым кепілдік бере алмайды деген пікірлерді де жоққа шығаруға болмайды. Әрбір ұстазтұтас педагогикалық үрдістің заңдылығына сүйене отырып, тек өзіне ғана тән дербес шығармашылық тәжірибені айқындайды. Ұстаздардың шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар құрудың тәрбиелік мәні зор. Әлбетте, шығармашыл топтар- кезек күттірмей шешуді талап ететін өзекті мәселелерді зерттеу, талдау, тәжірибеден өткізуді жүзеге асыру үшін құрылады.
Шығармашылық тптар құрамына- озық ойлы, кәсіби шебер мамандар кіреді. Бұл топтың жұмысында шығармашылық басым болады. Өйткені олардың мақсаты- шығармашылық қабілетті дамыту, өз бетімен іздену, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысу, мектептің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру, жас мамандарды кәсіби шеберлікке баулу болып табылады.
Шығармашыл топ кәзіргі кезеңдегі ең өзікті мәселелерді зерттеп, саралап, олардың тиімділерін болашақта мұғалімнің қажетіне жаратады. Н.С. Анциперованың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып мұғалімнің шығармашылық зертханасының негізгі компоненттерін төмендегідей моделдеуге бо
Мұғалімнің шығармашылық қызметінің технологиясы дегенде шығармашылық дегеннің шабытпен байланысты екенін естен шығармаумыз керек болса да әр кезеңін талдауға, бағалауға тура келетін, қарапайымдылық үшін бірнеше шағын кезеңдерге бөлінген әрекеттер алгоритмі мен жүйесінің болуы түсініледі. Ол әр бір адамның жеке бастық дербес қасиетімен тікелей байланысты болғандықтан, оны жобалау, бағалау, басқаларға ұғыну киын да күрделі іс. Шығармашылық қызметтің дайын алгоритмін беру мүмкін емес. Мұғалімдердің кейбір ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, әдеттегі қызметке шығармашылық элементтін қосуға мүмкіндік беретін, кез келген технологияның- жүйе екенін ұстау керек.
Шығармашылық әрекетті ұйымдастыру әр педагогтан озық педагогикалық тәжірибелер мен вариативті педагогикалық технологияларды қоладну жолдарын білуді талап етеді.
Мұғалімнің озық іс-тәжірибелерді зерттеп, жинақтап, танысып, терең меңгеріп қана қоймай, оны өзінің, тәрбиеленушісінің жас және дербес ерекшеліктеріне сай пайдалана білуінің маңызы зор. Өйткені озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, меңгеру- мұғалім шығармашылығын дамыту мен кәсіби біліктілігін жетілдірудің бір жолы. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтаудың түрлі жолдары бар.
Олар:
1. Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтауы;
2. Педагогтардың озат тәжірибесін зерттеп, меңгеруі;
3. Ортақ бір тақырып бойынша бірнеше педагогтардың іс-тәжірибесін зерттеп, талдап, жинақтауы;
4. Жаңашыл педагог-ғалымдардың озық іс-тәжірибелерін зерттеп, іске асыруы;
5. Педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының озат тәжірибелерді зерттеуіне қатысуы;
6. Педагог-ғалымдарының жетекшілігімен оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерін зерттеп, ғылыми-зерттеу жұмысын жазуы.
Шығармашыл мұғалім несімен ерекшілінеді: ол- зерттеуші, озық тәжірибені үйренуші, өз тәжірибесіне еңгізуші және өз еңбегіне талдау жасаушы.
Жалпы мұғалімдерге тән озық педагогикалық идеяларды төмендігідей жіктеуге болады:
- ынтымақтастық педагогика идеясы;
-тұтас педагогикалық үрдісті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;
-оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?