Тарих | XVIII XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті

Тарих | XVIII XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті

Материалдық мәдениеті.
Қазақтардың XVIII – XIX ғ.ғ. материалдық мәдениетінің жай–күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы ьасты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста – тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.
Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін – отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.
Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй – бірнеше сыртқы конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш – төрт кереге мен уықтардан тұратын “жолама үй” жиі пайдаланылды.
Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды.


Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары – материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның барлық аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалды. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп тараған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған.
Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген,айыл,тартпа,үзеңгі,таралғы,қамшы және т.б. жасап,оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.


Қазақтардың ұлттық киімі.
Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір –қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.
Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік,кебісті мәсілер болды. XVIII ғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.
Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.
Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.
Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі–сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді.
Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ матадан дайындалған.

Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері.
Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі , ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.
Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле – таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналады.
Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш.Уәлиханов, -- ол әрі жарылқады , әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”.
Қазақтардың түсінігі бойынша,көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда – жүгенін, түйе сатқанда – мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген.
Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т.б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан.
Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.
Қазақтар 22 наурыздағы көктемнің күн мен түн теңесетін күніне тұстас келетін Жаңа жылдың келуін жыл сайын ежелден көңілді мейрам ретінде атап өткен. Әйелдер дәстүрлі рәсімдік тағам – “наурыз көже” дайындап, оны келген қонаққа берген.
Қазақтар арасында діни сипаттағы “құрбандық шалу” рәсімі кең қолданылды. Құрбандық шалу соғыстың аяқталуы, ұлының шайқастан аман оралуы, шаңыраққа ұл перзенттің келуі, өлімнен аман қалу, тасаттық беру, т.б. салт-жоралғыларға байланысты жүзеге асырылды.

Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу.
Қазақтар Ресей бодандығын алысымен өлке ғылыми зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдары мен әр түрлі зерттеушілер отрядтарының іс-қызметтері шеңберіне берік енді. Қазақстанда дара-дара болса да ғылыми мекемелердің тармақтары құрылды.
Ресей XVIII ғ. Қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы талабы М.В.Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территориясын экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы, экономикасы және этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік туғызды.
1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедициясының бірін П.С.Паллас басқарды. Оның жол-сапары Симбирск, Орынбор, Илецк, Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Орынбор, Уфа арқылы өтті. Бұл экспедицияның нәтижесі П.С.Палластың “Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат” деген үш бөлімнен тұратын еңбегі болды. 1769-1772 жж. Н.Рычков әскерлер құрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Троицк бекіністері төңірегінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның “Капитан Н.Рычковтың 1771ж. қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары” деген еңбегі жарық көрді.
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А.И.Левшиннің “Қырғыз-қазақтық немесе қырғыз-қайсақтық орталар мен далаларды суреттеу” деген үш бөлімдік кітабының жарыққа шығарылуы болды. Қазақ проблематикасы В.В.Вельяминов -Зерновтың, И.В.Мушкетовтың, В.В.Радловтың, П.П.Семенов – Тяньшанскийдің және басқалардың еңбектерінде едәуір орын алды.

Музыка өнері.
Қазақ халқының тұрмысы мен қоғасдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды.
XVIII – XIX ғ.ғ. музыка өнері өткен замандар туындыларының таңдаулы үлгілерін сақтау және олармен сабақтас халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты жаңа шығармалар жасау негізінде дамыды.
Жыраулар мен жыршылар эпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды орындағанда, өздеріне тән әуендік сарындарды, әндік және аспаптық формаларды да пайдаланып отырған.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетінде 1836-37 жж. Феодализм мен отаршылыққа қарсы Исатай Тайманов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыршы Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды.
Шығармашылық жолын сол жылдары бастаған болашақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбаев(1806-1879) өзінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай” күйін И.Тайманов көтерілісіне арнады. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде халықтың отаршылдық бұғауынан азат болуға деген талпынысын көрсетті.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?