Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба
Мақсаты: Балалардың жұмбақ шешу, мақал - мәтелді айту, тапсырма бойынша мақалдар ойлау арқылы логикалық ойын дамыту.
Тапсырманы орындау бойынша сөздің құдіретін түсіне білуге, мақал - мәтелге деген қызығушылықтарын ояту.
Мақал - мәтелді орынды жерге пайдалана білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, ұлағатты сөздер, қамшы.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті типі: Қайталау, балалар білімін бекіту.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті түрі: Саяхат оқу іс - әрекеті.
Ұйымдастырылған оқу - әрекеті әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, жалғастыру әдісі, сурет бойынша
көрсету.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар қазір біз даналар еліне саяхат жасаймыз. Қанекей ішке кіре қойыңдар.(Балалар сырттан топ бөлмесіне кіреді)
Іздену ұйымдастырушы
Балалар қазір біз даналар еліне саяхат жасаймыз. Қанекей ішке кіре қойыңдар.
- Міне біз даналар еліне келіп тұрмыз. Мынау айналамызда тұрған біздерге өнеге - өсиет, ұлағатты, дана сөздерін қалдырып кеткен даналарымыздың суреттері.
Олар: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин аталарың.
Мына сөзге назар аударсақ:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген мақал жазылып тұр екен. Яғни сендер күштімін десеңдер біреуді жығады екенсіңдер, ал білімді болсаңдар, осы аталарың секілді би болып, дана болып ел басқаратын азамат болады екенсіңдер.
- Ал мына жазуда:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.- деген мақал жазылған екен.
- Сонда әдепті бала қандай болады сендер оны білесіңдер ме?
- Ал әдепсіз бала қандай болады?
Әдепті бала, тәртіпті, таза жүретін, мама - папаларының айтқанын қылатын балалар.
Тәртіпсіз, лас жүретін, мама - папаларының айтқанын қылмайтын балалар
- Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер жақсы әдепті бала болып жүріңдер. Үйлеріңе қонақ келгенде мазаны алмай, балабақшадан үйренген өлең, тақпақтарыңды айтып беріп беріңдер
- Балалар осы даналардың ішінде біздерге оқу, білім туралы өсиет өлең қалдырып кеткен кім екенін білесіңдер ме?
Ол - Ыбырай Алтынсарин
- Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса осы Ыбырай Алтынсарин атамыздың өсиет - өлеңін бәріміз айтып шығайық, әуелі біреуіміз бастайық, ары қарай қалғанымыз жалғастырайық.
Бір аллаға сыйынып
Кел, балалар оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей - ақ табылар.
- Өте жақсы балалар, Қане енді бәріміз отырып жайғасайық.
(топтағы қазақша бұрышқа отырады)
- Балалар біздің бұл аталарымыз бәрімізге бірдей аталар, сендер өз жеті аталарыңды білесіңдер ме?
- Ия білеміз.
Олай болса, кім бізге жеті атасын айтып береді. Жеті атасын айтамын деген бала мына қамшыны қолына алып айтып шығады.
Қазақшылық жолымен,
Жеті атамды білемін.
Білмейтұғын баланы,
Мазақ етіп күлемін - ары қарай өз аталарын айтады
3 - 4 балаға айтқызу.
Жарайсыңдар балалар, сендер жеті аталарыңды жақсы біледі екенсіңдер.
- Өте ерте заманда біздің даналарымызбен бірге бір бала болған екен. Ол бала өзі тапқыр, өзі ақын, өзі өтірік өлеңді құрастырып айта білген, сол бала кім екенін білесіңдер ме?
- Ия білеміз, ол Тазша – Бала.
- Ия ол – Тазша бала еді. Сол Тазша бала секілді сендер де өтірік өлең айта аласыңдар ма?
Ал қане айтыңдаршы.
Ақ тауыққа мініп ап,
Айға жеттім зымырап.
Құйынынан тауықтың,
Кетті бұлттар ыдырап.
Инеменен жер қазып,
Су шығардым шөл жерден.
Елекпенен құм тасып,
Бөгет салдым көлдерге.
- Жарайсыңдар балалар, мен қазір сендерге бір жұмбақ айтайын кім тез шешер екен.
Тамақтың атасы,
Баршаның азығы.
Ол - не?
- Ол нан.
- Дұрыс айтасыңдар, бұл нан екен, нансыз біз тамақ жей алмаймыз, нансыз біз жүре алмаймыз.
- Осы нан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
- Өте жақсы, енді нан, ас туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
Білетін болсаңдар қамшыны алып, кезектесіп айта қойыңдар.
Қане кім бастайды?
“Ас атасын - нан дейді”
“Ас жүрген жер береке”
“Ас үстінен аттама”
“Астан үлкен емессің”
“Ас - адамның арқауы.”
- Менің мына қолымдағы суреттерден “Табиғат туған анаң”- деген мақалға байланысты суретті көрсетіңдерші.
Ал енді еңбек туралы мақалға байланысты сурет қайсы екен.
Сіздің (оң, сол) қолыңыздағы сурет.
- Ал енді мына суретке қарап, өздерің мақал - мәтел ойлаңдаршы
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек етпеген ішіп жемейді
Еңбек етсең ерінбей.
Енді мына суретке қарап не айтар едіңдер?
Мал бақсаң сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның, көл көсір т. б
- Сулы жер - нулы жер.
- Табиғат туған бесігің.
- Не ексең, соны орасың
Жарайсыңдар балалар, сендер суретке қарап та мақал - мәтел айта алады екенсіңдер.
- Қазір біз мақалды жалғастыру ойынын ойнаймыз, мен бір мақалдың басын айтамын, сендер қолдарыңа қамшыны алып ары қарай жалғастырасыңдар.
- Ас.... арқауы
- Жері байдың.......... елі бай
- Еңбек түбі......... зейнет.
Рефлексивті коррексиялаушы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қорыту.
Бүгін біз даналар еліне саяхатқа келіп, өз білімімізді бағаладық. Сендер көптеген мақал - мәтелдер біледі екенсіңдер. Даналарымыздың ұлағатты сөздерін, өсиеттерін әрдайым естеріңе сақтап жүріңдер.
Біз қандай даналармен таныстық.
Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде барлығыңда жақсы жауап бердіңдер. Алдағы уақытта да бәріміз бірге жұмбақ шешіп, мақал - мәтел, өтірік өлеңдерді жаттап жүрейік.
Күтілетін нәтиже: Балалар сөздің, мақал - мәтелдің құдіретін түсінеді.
Мақал - мәтелді орынды жерде пайдалана алады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?