Пішіндер әлемі

 Пішіндер әлемі

Мақсаты
1. білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білім, білік дағдыларын шыңдай отырып, үйренгендерін пысықтау, жұмыс істей білуге үйрету, сабақ барысында геометриялық фигуралармен танысу.
2. дамытушылық: пәнге қызығушылықтарын арттыру, ойындар арқылы ой - өрістерін, білімділік қасиеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандыру. есте сақтау қабілеттерін, логикалық шапшаңдықтарын дамыту.
3. тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұтқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дидактикалық ойын
Көрнекіліктер: суреттер, көңіл - күй галереясы
Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекілік; т. б.

Сабақтың жоспары:
1. Қызығушылығын ояту.
2. Мағынасын ажырату.
3. Рефлексия
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі күніміз сәтті басталу үшін алдарыңдағы суреттерді өз көңіл - күйлеріңе байланысты таңдап алыңдар.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, таңдаған суреттеріңді көңіл - күй галереясына ілейік.

3. Мағынаны ажырату.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар бүгін біз «Пішіндер әлеміне» саяхатқа барамыз. Ол үшін поезға мінуіміз керек, біздің пойызымыз жай поезд емес «Ғажайып поезд» Қараңдаршы, вагондары көп екен, түстері бірдей ма?
- Жоқ бірдей емес, әртүрлі
- Вагонның түстері қандай екен?
- Қызыл, сары, көк, жасыл.
- Біздің поездымызды алға сүйреуші «Тепловоз» деп аталады, қане қайталап жіберейік.
- Тепловоз.
- Ал поездың ретін санайықшы.
- 1, 2, 3, 4, 5
- Балалар сендердің қолдарыңда билеттерің бар, сол билетте көрсетілген сан бойынша вагондарыңа отырыңдар. (Балалар вагонға отырады)
- Біздің Ғажайып поездымыз қала аралық поезд, сондықтанда баратын жерімізге тез жетеміз. Мінекей «Пішіндер әлеміне» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет енді орындарыңа отыра қойындар.
Мұғалім:

Алдарыңдағы пішін – шеңбер деп аталады. Шеңбер немесе дөңгелекті ауада салайықшы.
- Енді айналамызға қарап осы дөңгелек пішінге ұқсас заттарды табайықшы. ( Ұқсас заттарды айтады)

Барлық қабырғалары бірдей пішінді – шаршы деп атаймыз?
- Төртбұрыш. (ауада салу, ұқсас заттарды табу)

- Ал үш қабырғасы бар пішін үшбұрыш деп аталады.
- Үшбұрыш. (ауада қайталау, ұқсас затты табу)

Сергіту сәті: Тұрып дем алайық,
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
4. Рефлексия
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, берілген суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?

5. Қорытынды
Балалар сендер бүгін сабақта ерекше, ақылды әрі алғыр болдыңдар.
Бүгінгі сабақта қандай пішіндермен таныстық, сендерге сабақ ұнады ма?

6. Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар геометриялық пішіндерді ажыратады
Меңгеруі: Заттардың қандай пішіннен құралатынын меңгереді.
Жасай алуы: Әліппе - дәптерінде берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?