Мен Тәуелсіз елдің ұланымын

 Мен Тәуелсіз елдің ұланымын

Каиргалиева Айжан
8 сынып, Қ. Мырзалиев мектеп
Казталов ауданы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!
М. Шаханов
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құрылған халқымен ерекшеленеді. Тарихы сан ғасырдың тереңіне кететін халқымыздың қазақ аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, «ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған» жүйрік ақындар, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға қарсы шапқан ержүрек батырлар, ел қамын жеген ардақты аналар аз болмаған. Олардың есімдері халық аузында да, жазба әдебиеттерде де өз орнын тапқан.
Жұмыр жердің тыныс тіршілігін жіті бағып, оның тағдырын, асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген – ұлы көне өмір көші. Осы көште қарға тамырла қазақ халқының қатпар-қатпар тарих қойнауына көз жүгіртсек, шулы ғасырдың жұмыр басты пенденің шақшадай басын шарадай етіп, шаршы топты шырғалаңға тартқан шағы да, еьегін жаспен жуған қасіреті де жеткілікті.
Өткен талай замандарда ата-бабам аңсап кеткен азаттық, Тәуелсіздік ұғымы – қастерлі де қасиетті ұғым. Тарих парақтарын саралап қарасақ, қазақтың өрлігі мен ерлігі, қайсарлығы мен қайтапас мінезі, жаужүректігіне куә боламыз. Иә, жері мен елі, Отаны үшін аянбай қызмет етіп, әділдікті жақтап, шындық жолын қуып, жанын пида етуге әрдайым дайын болған батырларымыз аз емес қой. Сол батыр бабаларымыздың ұрпағы, бүгінгі жастар – бабалар аманаттап кеткен ұлан-ғайыр жердің иесі, ел ертеңі.
Еліміздің жедел дамитынынасенімдімін. Себебі, елдің болашақта тізгінін ұстайтын ұлдарымыздың бойында тектілік, дарын бар. «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып қалуға шақ қалды. Бірақ, өмірге құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызады», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай , арттағы ерлігімізді мақтан тұтып, жарқын болашағымыздан үміт күткен жас ұландармыз.
«Не деген бақытты еді келер ұрпақ» деп XXғасырдағы қазақ өлеңінің хас шебері Қ. Аманжолов жырлағандай, тәу етер тәуелсіздігін аталған тұстағы қазақ жұртының ұл мен қызының бақ-тәлейі бөлек-ақ. Олай дейтінім: білектің күші, найзаның ұшымен келіп, Абылай хан арман еткен тәуелсіздік, еркіндікке қол жеткіздік.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі! – дегендей, ел болашағы – жастардың қолында. Қазір XXI ғасыр – жаңа ұрпақ кезеңі. Сондықтан Елбасымыз бен Үкімент жастардың апалы білім алуына жете көңіл бөліп отыр.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша жүздеген дарынды баралар шет елдерде білім алуда. Облыс орталықтарында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар бар. Барлық мектептер компьютерлендірілуде, жаңа оқу орындары ашылуда. Айта берсек, жасалған жақсылықтарға біздердің, жастардың, жақсылықпен қайтарымы болуы керек . Бос сандалыс, жүріс пен «дайын асқа тік қасық» тірліктен гөрі, ел болашағы – басқа емес, біздер екенін толыққанды ұғуымыз қажет. Мемлекетіміздің болашағы бізге тәуелді.
Сондықтан ел дамуына үлкен үлес қосуымыз қажет. Соның бір дәлелі – «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының мүшелері.
«Жас Ұлан », «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2-толқын қаьылдау рәсімі өтіп, оған біздің мектебімізден ең белсенді деген бірнеше оқушы қабылданды. Бұл – біздің мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Жас Ұланға қабылданып, мойнына галстук, кеудесіне төсбелгі тағылған оқушылардың жүзінен патриоттық сезімдері, өз Отанына деген берік сенімділігі мен махаббаттары есіп тұрды.
Біз – еліміздің патриотымыз, сондықтан, негізгі тірегіміз мемлекетіміз болып табылмақ. Мұндай ұйымда мектебіміздің ең белсенді және ең білімді оқушылармен жұмыстану – мен үшін үлкен мақтаныш. Тәуелсіз елімнің шынайы патриоты болғандықтан Елбасымыздың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына мүше болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып -көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» - деп Елбасымыз айтқандай, мен бүгін партада отырған шәкірт болсам, болашақта жоғары білім алып, елімнің дамуына өз үлесімді қосқым келеді.
Отан! Бүгінгі таңда саған деген махаббатымды үздік оқуыммен, өнеріммен, талабыммен, бақытты болашаққа ұмтылысыммен дәлелдермін!
Еліме деген махаббат-жүоегімнің түкпірінде орналасқан мәңгі алауы өшпес жанып жатқан шырақ. Жалын маздайды, жанады, от болып лаулайды. Оны Сібірден соққан суық жел де өшіре алмайды, көзімнен жас шығаратын ызғарлы аяз да, мейлі, жер айналып, тау құлап, аспан көшсін, бірақ Отанға деген адал махаббатымды ешқандай құбылыс өшіре алмайды.
Отан! Аман бол сен! Сен барда мен сенің перзентің, қанатыңмын! Сенің кәдеңе жарасақ – сол бақыт! Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!– деп болашаққа жастарға үлкен сенім артқан. Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан балалар аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізге тиген ардақты іс екенін жүрегімізбен сезініп, мақтан етеміз! Себебі, біз – көркейіп, гүлденіп келе жатқан бейбіт те тыныш, Тәуелсіз еліміздің Жас Ұланымыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?