Менің Отаным – Қазақстан

 Менің Отаным – Қазақстан

Туртаева Зарина
9 сынып, № 43 орта мектеп
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Ибраимова М.М.

Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету.Бірақ өзіңнің тарихынды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсың» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай еліміздің әрі қарай дамуына, көркеюіне өз септігімізді тигізуіміз керекпіз. Патриоттық сезімнің қайнар көзі туып өскен елің, кіндік қаныңтамған жерің, Отаның болып табылады. Ендеше, патриотизм дегеніміз – өз халқына деген сыйластық және өзіңнің Отаның үшін әр сәтте ерлік жасауға дайын тұрушылық. « Өз елім, өлең төсегім», « Өз елің – алтын бесік» деген мақалдарда әркімнің туған жері өзіне ыстық,өзіне қымбат. Сондықтан бұл мақалдарда халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі жайлы айтылған.Тәуелсіздік алған Отанымызды қорғау,оның іргелі ел болып , дамуына зор үлес қосу әрбір азаматтың ардақты борышы. Ғасырлар бойы осындай байтақ жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен қорғап, біз сияқты ұрпағына жеткізген бабалардың ерлігі, батырлығы, елін,жерін сүйетіндігі дер едім. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махабатқа ұласпақ.Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу, қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: « Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп , азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген,тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз» деген Б.Момышұлының өзі де ұлтжанды азамат екенін артында қалдырған қанатты сөздерінен көрініс табады. Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін біздің мектепте көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елге, туған өлке туралы патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілетін іс-шаралардың мақсаты, ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, инабаттық,Отанға, туған елге, туған жерге, туған тілге, дінге деген сияқты асыл қасиеттерді сіңіру, қадірлеу, қорғау болып табылады.Сондықтан біз осындай іс-шаралардан тәлім – тәрбие алып, бойымызға ұлтжандылық қасиетті терең сіңіре біліп, Отанымыздың нағыз патриоттары атану үшін аянбай тер төгуіміз керек.
Осының бәрі өскелең ұрпақтың ойына – азық, бойына -қазық етуінің бірі ұлтжандылық. Бір сөзбен айтсақ, патриотизм- қасиетті де, қадірлі ұғым болып табылады. Отанын, туған жерін сүйетін нағыз патриот тұлға болу ол болашақ жастардың қолында. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады.Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет . Бейбітшілік пен достастықта, қызметтің әр түрлі саласында түрлі ұлт өкілдері еңбектенуде.Олар елімізде тату-тәтті өмір сүруде.Мен өзімнің туып өскен атамекенімді сүйемін, қадірлеймін және аса құрметтеймін.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт –дәстүрлерімізді жандандырдық.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – нағыз патриоттық үлгісі! Елтаңбамыз,Туымыз,Әнұранымыз - бұл мемлекетіміздің , тәуелсіздігіміздің нышандары. Өз еліңнің нағыз патриоты болуың үшін мемлекеттік тілді игеріп,әнұранды жатқа айта білуің керек!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі- Ту. Мемлекеттік ту көгілдір түсті, тік бұрышты кездеме болып табылады. Туымыздың орта тұсында арайлы күніміз, күннің астында қалықтаған қыранымыз бейнеленген. Яғни, Арайлы күніміз аспанымыз ашық болсын дегенді білдірсе, қалықтаған қыранымыз еркіндік бейнесі, еліміз ең биік шындардан көрінсін дегенді білдіреді. Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген . Біздің ұлттық нақыштағы оюларымыз сондай әдемі нақышына келтірілген . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі- шаңырақ. Шаңырақ-мемлекеттің түп-негізі- отбасының бейнесі. Бір шаңырақтың астында тұрғаннан кейін тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-жетілуін білдіреді.
Тұлпар – ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Елтаңбамыздың жоғарғы жағында жұлдыз бейнеленген.Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа да ашық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей Елтаңбамызды, аспанда желбіреген көк байрағымызды көргенде, асқақтай әуелеген Әнұранымызды есту бір азаматтық сезім, бақыт, қуаныш болып табылады.
Көптеген ғасырлар бойы қазақтың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін, рухани және мәдени мұраларын сақтау, оларды жастар ортасында әрдайым насихаттау жөнінде аталарымыз айтып жүреді. Рухани байлығымыздың бағалысы ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттаумен бірге көздің қарашығындай сақтау, жас ұрпаққа ұғындыру өте маңызды. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері сан алуан.Қай салт-дәстүр, әдет-ғұрып болмасын ол халықты ынтымаққа, бірлікке бастайды.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ұлттық рухымыздың негізі болып табылады.
Біз өркениетті ұлт ретінде, егеменді ел ретінде тарих сахнасына ендік. Еліміздің өткенінен сабақ алып, біз бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемелді болуы үшін алға қойған міндеттер аянбай еңбек етуді талап етеді.
Біз,жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып,жаңа асуларға жету үшін көп еңбектенуіміз қажет. Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершіліктісезінетін, нағыз патриот тұлға болуға әрқашан дайынбыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?