Білімді біздер - баламыз
Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер.
Зерделі де, білімді мектепалды даярлық сыныбы бүлдіршіндерінің «Білімді біздер - баламыз» танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Үш қасиет кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім адамның шын мағынасындағы білімді болуына аса қажет.
Қазір жан - жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты топпен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Оң жақтағы «Ботақан» тобы, ал сол жақта «Балапан» тобы.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ашық жарқын жүзді,
Әділ қазылар біздің.
Таңдап баға берерге,
Шақырайық төрге.
Біздің сайысымызға қатысушылар ұшқыр ой, ақыл, білімдерінің асқақтығын көрсетпек. Талапты бүлдіршіндеріміздің сайысын таразылап, әділ шешімін берер әділ қазылар алқасын
таныстырайық. Бастауыш сыныптар оқу - ісінің меңгерушісі:
Қазір біз балалар осы уақытқа дейін «Біз мектепке барамыз»
Бағдарламасы бойынша алған білімдерімізді, өнерімізді, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда - дегендей алғашқы сайыс
«Әлеуметтік орта» саласынан.
Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан келеді. Берілген сұраққа ойлана
отырып жауап беруге тырысыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса
2 - ші топқа мүмкіндік бар.
Сонымен балалар барлығыңызға сәттілік тілейміз.
жүргізуші: «Әлеуметтік орта» саласынан «Ботақан»тобына 5 сұрақ.
1 - Біз қандай Республикада тұрамыз?
2 - Төрт түлік малды ата.
3 - Қыс айларын ата.
4 - Табиғат нешеге бөлінеді? Өлі табиғатты атаңдар.
5 - Қыстап қалатын құстарды ата.
2 - жүргізуші: «Балапан»тобы сұрақты тыңдаймыз.
1 - Рәміздерді ата.
2 - Неше жыл мезгілі бар? Айтып бер.
3 - Елбасымыз кім?
4 - Жыл құстарын ата.
5 - Тірі табиғатқа айтып беріңдер.
1 - жүргізуші: «Әлеуметтік орта» кезеңі аяқталды.
Сергіту сәті.
2 - ші кезең «Таным» саласы.
Бұл кезеңде қарапайым математикадан жыл бойы үйренген
білімдеріңді көрсетесіңдер. «Ботақан» тобына сұрақтар.
1 - Бір аптада неше күн бар, атап беріңдер.
2 - 7 санының көршілерін ата.
3 - 20 - ға дейін сана.
4 - 8 санының құрамы.
5 - Қандай пішін, түсі?
6 - Жұмбақ есептер, логикалық тапсырмалар.
1) Қолымда 5 алма,
Табақта 4 алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?
2) Көлде жүзді 10 үйрек,
Ұшып кетті 3 үйрек,
Көлде қалды неше үйрек?
3) Емен ағашында 7 алма өсіп тұр еді, бәрі түсіп қалды.
Еменде неше алма қалды?
4) Арманның жасы 8 - де, қарындасы одан 3 жас кіші,
Қарындасы нешеде?
Жүргізуші: Енді кезек «Балапан» тобына.
1 - Қазір түс мезгілі ме, кеш мезгілі ме?
2 - 1 жылда неше ай бар. Атап беріңдер.
3 - 10 - нан кері сана.
4 - 5 және 3 санының қосындысы неге тең?
5 - Қандай пішін, түсі?
6 - Жұмбақ есептер, логикалық тапсырмалар.
1) Таудың артынан қоянның 10 құлағы көрінеді.
Неше қоян?
2) Театрға 8 бала барды,
4 бала кетіп қалды.
Театрда неше бала қалды?
3) Балалар жазда далада аққала жасады.
Аққала қалай болды?
4) Айгүл 5 жаста, ағасы одан 5 жас үлкен,
Ағасы неше жаста?
Сергіту сәті.
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Қатынас» саласы бойынша.
«Ботақан»тобына сұрақтар.
1 - Дауысты дыбыстарды табыңдар.
2 - «Балалар» - деген сөзде неше дыбыс, неше әріп?
3 - «Ботақан» деген сөзде неше буын?
4 - «Құстар» деген сөзге сөйлем құраңдар.
5 - «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
6 -«қала, қал, шана, шар, ата, ат» сөздерінің ішінен 1 буынды сөзді табыңдар.
7 - Мына сөйлемдерді оқып беріңдер.
Анам шашын тарады.
Әкем кітап оқып отыр.
Әжем кесте тігіп отыр.
8 - «Адасқан әріптер» ойыны. Қандай сөз?
Й а а н - айна, н а а ш - шана.
Жүргізуші: Келесі кезек «Балапан» тобында.
1 - Дауыссыз дыбыстарды табыңдар
2 -«Мектеп» сөзінде неше дыбыс, неше әріп?
3 - «Қошақан» сөзінде неше буын?
4 -«Көктем» сөзіне сөйлем құраңдар.
5 - «Қармақ» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
6 - «әже, апа, құс, сүт, бала, бал, бақа, бақ» сөздерінен 2 буынды
сөзді табыңдар.
7 - Мына сөйлемдерді оқып беріңдер.
Мен мектепке бардым.
Біз далада ойнадық.
Бүгін күн жылы болды.
8 - «Адасқан әріптер» ойыны. Қандай сөз?
Я о қ н - қоян, л б і і м - білім
Музыкамен сергіту сәті.
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Денсаулық» саласы бойынша.
«Ботақан» тобына сұрақ.
1 - Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
2 - Тісті не үшін тазартамыз? Күніне неше рет тазарту керек?
3 - Көз не үшін керек?
4 - Көшеде қандай жолдан өту керек?
5 - Ұлттық ойындарды ата.
«Балапан» тобына сұрақтар.
1 - Тазалықтың достарын атаңдар.
2 - Қолды не үшін жуамыз?
3 - Құлақ не үшін керек?
4 - Күніне неше рет тамақтану керек?
5 - Судың пайдасы қандай?
Жүргізуші: Осымен 5 сала бойынша дайындаған тапсырмаларды орындадық.
Ал қай топ білімді, ақылды екенін әділқазылар айтсын.
Әділ қазылар сайыс қорытындысын айтып, балаларға сыйлықтар береді. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?