Неліктен біз тісімізді тазалап қолымызды жуамыз

 Неліктен біз тісімізді тазалап қолымызды жуамыз

Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртқан жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Таңертең, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту. Тәй - тәй бағдарламасы.
Қолданылған әдіс - тәсіл: ойын, сөздік, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сызба арқылы.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ғажайып кезең, дәрумендер, дидактикалық ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі - жиі жуын сен,
Тәңертең де кешке де,
Жуын күндіз - кешке де,
Жуын күндіз - түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Тәрбиеші: Ақ халатты киемін
Тазалықты сүйемін,
Дертке дауа іздеймін,
Шаршауды еш білмеймін.
2. Балалар су туралы не білесіңдер?
Мақал - мәтел
а) Сусыз өмір жоқ
б) Судың да сұрауы бар
Тақпақ
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы
Тақпақ
Ас ішуге тұрайық
Қолымызды жуайық
Сабын, суды аямай
Тазалықты ұғайық
в) Жалқаубек жағын ұстап жылап кіреді.
- Жалқаубек саған не болды?
- Тісім ауырып тұр
- Ол неге ауырады?
- Білмеймін
- Тісіңді уақытында тазалайсың ба?
- Жоқ
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар Жалқаубектің тісі неге аурады?
- Тісті уақытында тазаламағандықтан, тамақтан соң ауызды шаймағандықтан, тәттіні көп жегендіктен, тіс дәрігеріне уақытында қаралмағандықтан
Тісті күту
Ішсең де айран, жалғыз шай,
Тамақтан соң ауыз шай
Балалар Жалқаубекке тісті қалай дұрыс күту керектігін түсіндірейік
а) Тісті екі рет жуу керек
Таңертең де, кешке де
ә) Тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралу керек
б) Тәттіні көп жемеу керек
в) Жаңғақты тіспен шақпау керек
г) Әр адамның жеке щеткасы болу керек
Жұмбақ шешу
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп, қамалып жатыр? (Тіс)
Балалар тіс туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Тақпақ
Алғашқы тіс сүт тістер
Түсіп бірге тынады
Алты жастан нық тістер
Тұрақты тіс шығады

Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар
Ұстайтын тамақты
Отыз екі тісі бар

Тазалап жүр тісіңді
Кішкене де ыңғайлы,
Тіс щеткасын пайдалан
Тазалауға болмайды
Щеткасымен басқа адам

Жалқаубек пен бірге слайд көру.
Тісті қалай жуу керектігін көрсету сурет арқылы.
10 рет жоғары төмен
10 рет ішкі жағын жуу, жоғары төмен
- Жалқаубек тістерін ауырмау үшін енді не істеу керек екендігін түсіндің бе?
- Түсіндім. Енді әрқашан тісімді күніне екі рет жуамын.
Бүгін біз З орталықпен жұмыс істейміз

Ғылым орталығы
Тістерді бақылау. Үлкен адамдарда отыз екі тіс бар екені және осы тістердің көмегімен тамақ шайналатын жөнінде түсінік беру. Тіс арқылы тағам ұсақталынып, қорытылады. 10 жасқа келгенге дейін балардың сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетінін айтады. Неғұрлым сүтті көп ішсеңдер, соғұрлым тіс мықты болады, сәбіз, қырыққабатты міндетті түрде жеу керек оның құрамында пайдалы дәрумендер көп.
Өнер орталығында
Өткен сабақта мүсіндеген тіс пастасын бояу.
Кітап орталығында.
а) Жұмбақ шешу
Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайналмай (Тіс)
ә) Тақпақ
Тіс болмаса
Асты қалай шайнарсың
Тісті күнде екі рет
Тазартуды ойларсың
б) тіс туралы талдау
в) дидактикалық ойын «Не артық»
Жеке гигиена қатысты емес заттарды дөңгелектеп көрсет.
Орталықтармен 6 - 7 минут сабақты өткізу. Қоңырау соғу арқылы ортаға жинау.
Сергіту сәті.
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз
Саз жетекшінің көмегімен жаттығулар жасау
1. Фишка арқылы орындарын ауыстыру

Қортынды:
2. Сергіту сәті ойын «Жақсы жаман»
Мен тісімді күніне екі рет жуамын (Жақсы)
Мен тәттіні көп жеймін (Жаман)
Жалқаубек келеді. Таза киімде.
Жарнама
Алмадан ‒ сәбіз, қырыққабат, сүт, дәрумендер шығады.
Келген қонақтарға жүрек жылуын сыйлайды. Балаларға арнап «Ақ маржан күлкісі» сертификатымен марапаттау......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?